Гиперфуллерендер (гигант фуллерендер, сарымсақ тәрізді құрылымдар) бір-біріне кидірілген дөңгелек формалар түрінде кездеседі. Есептеулер нәтижесінде ең тұрақты көміртек құрылымдары кластердегі атом саны 106-107 болған кезде түзілетіні анықталған.
Фуллерендердің ең кішісі С60, келесісі болады, мысалы, С60 @С240 @С540 @С960 @С1500.Мұндай түзілімдердегі радиустар айырымы графиттегі қабатаралық қашықтықтармен шамалас болады (1.28-сурет). 240, 540, 960, 1500 атомдардан құралған гигант фуллерендер икосаэдрлік симметриялы болады. Сарымсақ тәрізді құрылымдар аморфты көміртегіне, көміртегінің полиэдрлік графиттелген бөлшектеріне немесе КҚКНТ-ге электрондар ағынымен қарқынды әсер ету арқылы түзілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |