Нанотехнологиялар – табиғи заттарды нанодеңгейде зерттеу наноминерал, наношикізат және оның жеке компоненттерін алу технологиясын жасау, пайдалы қазбалардың жаңа наноқұрылысты түрлерін табу және өндіру.
1.1. Нанотехнологиядағы негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Наноматериалдар кұрылымы, құрамы және қасиеттері әлі де зерт-
телу үстінде. Сонымен қатар, олар алуан түрлі. Оларды нақты жіктеу,терминологиялық түрде зерттеу көптеген тәжірибелерді талап етеді.Сол себепті, наноиндивидтер мен нысандарды сипаттау үшін әртүрлібасқа да атаулар (нанокристалдар, нанокластерлер, наноблоктар, нано-кристаллиттер және т.б.) қолданылуы мүмкін.
Ғылыми әдебиеттерде жиі қолданылатын кұрылымдардың атауларымен олардың анықтамаларына тоқтала кетейік.
Графендер - арақашықтығы 0,1418 нм болатын, гексагональді
байланысқан көміртегі атомдарының жазық торлары (1.2-сурет).
1.2-сурет. Графен жазықтығы 1.3-сурет.Графит құрылымындағы графен жазыктыктарының орналасуы
Графендердегі әрбір көміртегі атомдары көршілес үш атомменбайланысқан. Графендер графит кристалдарындағы қабаттарды (1.3-сурет) және одан басқа күрделі құрылымдарды түзеді. Кеңінен таралғангексагональді құрылымды графиттегі қабатаралық қашықтық 0,3354нм құрайды.
Фуллерендер деп көміртегі атомдарынан тұратын, 12 бесбұрышсақинасы мен екі немесе одан да көп алтыбұрыш сақинасынан тұратынындөңгеленген бөлшектерді айтады. Фуллерендерде әрбір көміртек атомыкөршілес үш атоммен жалғасқан және жалпы көміртек саны әрқашанжұп сан болады. Фуллерендер құрамында 2(10+n) көміртек атомы болады, мұндағы п - алтыбұрыш саны.
Қазіргі кезде көміртегінің сфералық формаларының барлығын фуллерендерге жатқызуға болады. Мысалы, фуллерендердің С 60,С70, С 72,С76,.... С 240, ....С540,.... С960, .... С1500, ....Сnжәне т.б. қатарлары анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |