«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»



бет48/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері

3.1.2 . Плазмохимиялык синтез

Бұл әдiс газ фазасынан наноөлшемді бөлшектердің конденсациялануы жүзеге асатын плазма ағынының жылдам салқындауына негізделген. Салқындатудың жоғары жылдамдығы бөлшектердің өлшемдерiнiң өсуіне және олардың соқтығысқан кезде бiрiгуiне мумкiндiк бермейді. Реакциялар туынтектердiң түзілуінің жоғары жылдамдығын және олардың өсуiнiң ең аз жылдамдығын беретін тепе-тең емес шарттарда жүзеге асады.

Плазмохимиялық синтез үшiн ( 3500-7500 ° C ) азоттың, аммиактың, кемірсутектің, аргоннығ және т.б. доғалық, жоғары немесе aca жоғары жиiлiктi разрядтарда алынған төменгі температуралы плазма қолданылады. Мұндай температуралар плазмада электрондар мен иондардан басқа қозған күйде тұратын, радикалдар мен бейтарап бөлшектердің бар екендiгiн жоққа шығармайды. Бұл реакцияның (103 -106 c iшiнде) жылдам өтуіне әкеледі және оларда барлық бастапқы заттар қатысады.

Бұл әдіс көбінесе жоғары дисперсті нитридтер, карбидтер, боридтер және оксидтер алу үшiн қолданылады. Бастапкы шикiзат ретінде сол элементтердiң өзiн, олардың галогенидтерін және баска да қосылыстарын қолданады. Бастапқы шикізатқа, синтездеу технологиясына және реактор типіне байланысты бөлшектерінің өлшемі 10 нм-ден бастап 1-5 мкм дейiнгi наноұнтақтарды алуға болады. Плазмохимиялық синтез жоғары өнiмдiлiктi өамтамасыз ете алады, алайда оның басты кемшiлiгi осы үдеріс нәтижесінде алынған ұнтақ бөлшектерінің диаметрлерінің айырмашылығы үлкен болады, яғни үдерiстiң селективтiлiгi төмен .





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет