Төмендегі нормативтік құжаттарға мыналарға негізделеді



бет1/5
Дата23.05.2023
өлшемі39,39 Kb.
#177528
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
КТЖ 8 сынып 1 сагат



Физика пәні бойынша 8-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарға түсінік хат
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау (ұзақ мерзімді жоспар төмендетілген оқу бағдарламасы) төмендегі нормативтік құжаттарға мыналарға негізделеді:

  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – «стандарт» (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы,Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелді);

  • «Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы);

  • «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы мониторингті, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік ережесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы);

  • «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хат. - Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин, 2022. - 320 б.

«Физика» пәнін оқыту мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүниетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) оқушылардың әлемнің қазіргі физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдылықтар мен принциптер туралы білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгеру;
2) оқушылардың зияткерлік, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті орындау және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) табиғат ресурстарын пайдалануда және қоршаған ортаны қорғауда, адамды және қоғамды қауіпсіз өмір сүрумен қамтамасыз етуде меңгерген дағдыларды қолдану болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет