Томирис сақ патшайымы


Кіріспе Тұмар (Томирис



бет3/4
Дата16.10.2023
өлшемі33,27 Kb.
#185734
1   2   3   4
Байланысты:
Томирис сақ патшайымы.docx ғылыми зерттеу жұмысы
ИПК 2023 образец Кап Ақмарал НОВОРЫБИНКА (1)
Кіріспе
Тұмар (Томирис )(көне иран -Батыл ж.ж.с.д 570 -520 ) -күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі,массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы.
Әкесінің есімі -Сыпыр, ол массагет тайпасының патшасы.
Анасы босану кезінде көз жұмды, ол Әби тайпасының көсемінің қызы еді.
Бұл заманда әйел адамның патша болуға құқығы болған.Сондықтан ,әкесі қайтыс болғаннан кейін,билікті өз қолына алды.
Б. з .б 6 ғасырда Парсы елінде Ахемен империясы құрылды. Парсы патшасы Кир 2 Месопотамия елдерін біріктіріп, басқыншылық саясатын жоспарлай бастады.
Мысырды жаулап алуды армандаған Кир, мұндай үлкен мемлекетпен соғысу қыин болатынын білді. Сол себепті, алдымен шығыс шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, шексіз даладағы сақ тайпаларын бағындыруды ұйғырды.
Басында ол билікті соғыссыз, айламен тартып алуға амал іздеді.Тұмарға хат жіберіп, әйелі болуға ұсыныс жасады.Бірақ Тұмар (Томирис) Кирдің шын ниеті қандай екенін біліп, бар тартуға шешім қабылдады.
Тұмар(Томирис )ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы -Ахемен әулетінен шыққан “төрт құбыланың тұтас билеушісі “атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің ж.ж.с. д 558 -530. Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген жеңілуді білмейді деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты .
Негізгі бөлімі
2 Толық мақаласы: Кир патшаның сақтарға жорығы Ахемен әулетінің шыққан “төрт құбылының тұтас билеушісі “атанған парсылардың “ жеңілуді білмейтін “деп дәріптелген өлместер әскерін ащық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты .Меслекеттің аумағын кеңейте беруді ойлаған Кир батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен массагеттерді бағындырып алуды көздейді.Сөйтіп түркі көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды . Бүл Кирдің массагеттермен соғысуға желеу іздеуі еді.Тұмар Кир патшаның (ж .ж .с .д 558- 530 )ұсынысын қабылдамай тастайды .Осыны желеу еткен Кир жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады.АРАКС (кәзіргі Сырдария )дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды, кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуда әмір етеді. Өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап,біліп отырған Тұмар олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді.
”Мадилардың патшасы! Ниетіңнен қайт.Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер көрмесіңде өзің де білмейсің . Өнбес істі қума .Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме .Ал егер алда жалда соғыспай қоймаймын десең,онда көпір салып,уақыт өткізіп,әуре болма Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең,біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық,ал дарияның өз жағында соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін.”

Тұмардың ұсынысын Кир патша әскери кеңеске салады,Біраз пікір таласынан соң,Лидияның бұрынғы патшасы,сол кезде Кирдың қолындағы мырза тұтқын Крездің ақылымен дарияның массагеттер жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін Тұмарға хабарлайды.Массагеттер уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді, Олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп,Крездің үйреткен айласымен массагеттердің шабуылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмардың ұлы Спарғапты Спаргапис тұтқынға алады. Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жектізді . “Қанқұмар Кир!Жеңіске желікпе.Сен менің ұлымды ашық айқаста қару өқдіретімен жеңген жоқсын.Шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің.Енді менің мына ақылымды ал. Айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып бер де, есен сауыңда жөніңді тап .Егер өйтпесң, Тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, адам қанын сусының қанғанша ішкізермін! “


Кир өзінің шайқасатынын айтып,Тұмардың жаушысын кері қайтарады.Тұтқынға түскен Тұмардың ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айғып, есі кірген кезде ғана бір -ақ біледі . Кирден аяқ- қолын босатуын өтінеді.Қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен,ол қамында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін- өзі өлтіреді. Келесі күні екі жақтың арасында бұрын соңды көз көріп,құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады .Ақырында далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланңан массагеттер парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады. Қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған Кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады. Аңыз бойынша ,Тұмар шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Кир патшаның денесін тапқызып алып, басын кеcтіріп,қан толтырылған меске салып тұрып.
“Әйтеуір тірі қалдым,сені жеңіп шықтым демесем ,жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға тұсіріп,сен менің тұбіме жеттің,жауыз.Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ. “
2.2 Массагета патшайымы Томирис туралы кең ортада не біледі?
1. Ұлдары жоқ патша Спаргапис жалғыз қызын мұрагер және нағыз жауынгер етуп өсірді. 2. 2 Бес жасында қыз ер тұрманды жақсы ұстады және атты басқарды,алты жасында ол жауынгерлік қылышты жақсы меңгерген.
3. Оның таңдалғалы одақтас сақ тайпасының патшасы тиграхауд Каваданың ұлы Рүстам болды.
4. Томиристің ұлы болды, ол парсы патшасы Кирмен шайқаста қаза тапты.
5. Жауынгер көшрелі тайпалардың патшайымы грек деректерінде амазанкалардың, жауынгер әйелдердің прототипіне айналды.
2.3 Томирис патшайым немен танымал?
Томирис тұсындағы ең маңызды оқиға Ұлы Кирді жеңу болды. Бұл жеңіс массагеттер билеушісінің жалғыз жетістігі емес еді. Томирис жауларынан үйренді, олардың әскери және басқару тәжірибесін қабылдады және өз әскерін жеңілмейтін етті. Осындай әрекеттердің арқасында мұмкін болды.
1.Оның билігіне бірнеше көшпелі тайпалардың бірігіу.
2.Сауытты шабандоздардан ауыр атты әскер құру.
3.Жауларды қорқыту үшін жауынгерлік тууларды мен арнайы ысқырық жебелерді пайдалану.
4.Массагета салт аттыларының үйір үйір жылқылардың артына тығылып, келе жатқан шабуылдың жауларынан соңғы сәтке дейін жасырыну тактикасын меңгеру.(грек аңыздарында кентавр халқы туралы миф осыдан туындайды.)
5.Үлкен әйелдер әскерінің пайда болуы, демек жауынгерлік амазонкалар туралы миф.
Томирис туралы мағлуматтар туралы өз ойымды ортаға салғым келеді.Мектептегі оқушылары арасында саулалнама жүргізгеннен кейін, оқушылардың көпшілігінде Томирис пен сақтар туралы жалпы түсінік бар,бірақ Томиристің үлкен рөліне тиісті мән бермейді деген қорытындыға келдім .
Қазақстан тарихында жауынгер әйелдердің есімдері өте көп. Бұлар сақ патшайымы Зарина, Томирис,қайсар әйелдер мен қыздар ханша Бопай, Әлия Молдағулова,Мәншук Маметова,Хиуаз Доспанова,Алма Оразбаева т .б.
Жауынгер әйелдер Ұлы Даланы қай заманда да ерлерден кем қорғағанын түсінуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет