Актив қиялдың ерекше бір түрі- арман. Арман денегіміз өз қалауымызша жаңа образ дар жасау. Мүның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада:
Арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бірінші дайындық статусы. Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар кендігі қатты ескерілуі қажет. Өйткені адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бүл калешьектің қиялы болмай, бос лағу, құрғақ қиял полар еді.
Қиял түрлері елестеулердің өзгеріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентеровка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері жиі қолданылады.
Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мұны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады. Себебі бала санасында кез-келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көріністері құралады.