1 ғасыр=100 жыл;
1 жыл= тәулік (366 немесе 365 күн) бар.
1 жыл=12 ай;
1 апта =7 күн;
1 тәулік =24 сағат;
1 сағат=60 минут = 360 секунд;
1 минут = 60 секунд;
Жалпы ғылым мен техниканың дамуы уақыт бірлігін анықтауда өзгерістердің жиі енуіне себепкер болатындығын айта кетуге тиіспіз.
Негізгі бірліктерден туынды бірліктер, мәселен жалғаулар арқылы (мега ,кило,гекто,дека) еселік ,сондай – ақ үлестік (деци,санти,милли,микро,нано) бірліктер жасалады. Әр түрлі сандық мәндерді қабылдайтын шама ұғымы бізді қоршаған дүниенің өзгеруінің айнасы болып табылады. Алайда, нақты дүниедегі барлық мүмкін болатын өзгерістер бір – бірімен байланысты болады. Осы байланыстарды шамалар арасындағы тәуелділікті зерттеу арқылы оқып-үйрену математиканы тәжірбиелік мәселелерді шешудің қолану тәсілі, білмді математикаландыру тәсілі болып табылады.
Математиканың бастауыш курсы негізінен шамалар арасындағы тәуелділіктің төрт тобын: тауардың құнын, оның саны мен бағасын; бір заттың массасын, заттардың санын және жалпы массасы; тік төртбұрыштың ұзындығын, енін және ауданын; түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс уақытын, жылдамдығын және жолын қарастырады. Сондай – ақ жұмыстың көлемі, жұмыс уақыты және еңбек өнімділігі сияқты шамалар арасындағы тәуелділік те қарастырылады.
Мысал ретінде түзу сызықты бірқалыпты қозғалысқа байланысты шамалар: уақыт, жылдамдық және жолды қарастырамыз. Бұл шамалар арасындағы тәуелділік s=v·t формуласымен өрнектеледі. Егер қозғалыс жылдамдығы бір ғана тұрақты мәнді қабылдайтындай болса,онда жүріп өтілген жол уақытқа тура пропорционал тәуелділікте болады.
Егер жол (ара қашықтық) тұрақты болса ,онда қозғалыс жылдамдығы мен қозғалыс уақыты кері пропорционал тәуелділікте болады,яғни V꞊ немесе
t ꞊
Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс кезінде жүріп өтілген жолдың уақытқа (жылдамдық тұрақты болғанда) тәуелділігі сызықтық болуы да ,яғни s = v·t+so(мұндағы v – жылдамдық, t – уақыт,so- қандай да бір (бастапқы) ара қашықтық формуласымен өрнектелуі мүмкін.
Жылдамдықтың бірліктері ұзындық пен уақыт бірліктерінен жасалады, мәселен м/c, км/сағ, см/с және т.с.с.
Жоғарыда көрсетілген топтардағы шамалар арасында осыған ұқсас тәуелділіктер болады.
Шамалар арасындағы тәуелділіктерді білу бір ғана есепті шешудің әр түрлі тәсілдерін табуға және оларды күнделікті өмір мен тұрмыс мәселелерінде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |