Топ: дпмно-15с математика негіздері пәнінен тапсырмалар жауаптары



бет12/26
Дата25.04.2020
өлшемі0,87 Mb.
#64725
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
математика негіздері Назырхан Айнур

19-сұрақ:

Анықтама: Егер екі теңдеудің шешімдерінің жиыны бір-біріне тең болса, онда мұндай теңдеулерді мәндес теңдеулер деп атайды.

Мысалы, (х + 1)2 ꞊ 9 және (х – 2)( х + 4) ꞊ 0 теңдеулері нақты сандар жиынында өзара тең мәндес. Өйткені, бұл теңдеулердің шешімдерінің жиыны бір ғана жиын: { −4; 2}.

Енді қандай түрлендірулер берілген теңдеуге мәндес теңдеу алуға мүмкіндік беретіндігін анықтайық. Бұл түрлендірулер келесі түрде тұжырымдалады:


  1. Егер теңдеудің екі бөлігіне де бірдей санды қосса, онда берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.

  2. Егер қайсыбір қосылғышты (санды өрнек немесеайнымалысы бар өрнек) теңдеудің бір бөлігінен екінші бөлігіне қарама-қарсы таңбамен ауыстырғанда, берілген теңдеумен мәндес теңдеу шығады.

Бастауыш сыныптарда теңдеу ұғымы құрамында әріпті өрнек болатын теңдік түрінде енгізіледі және сол теңдікті тура санды теңдікке айналдыратын әріптің мәнін табу міндетті болып есептеледі. Сондай-ақ бастауыш курс математикасында теңдеулерді шешудің теориялық негізі амал компоненттері мен нәтижесі арасындағы байланыс болып табылады. Мысалы, (х·9) ꞉ 24 ꞊ 3 теңдеуін шешу мынадай түрде негізделеді: Бөлінгіш белгісіз болғандықтан, оны табу үшін бөлгішті бөліндінің мәніне көбейту керек: х·9 ꞊ 24 ·3 немесе

х·9 ꞊ 72. Белгісіз көбейткішті табу үшін көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлу керек: х ꞊ 72꞉ 9 немесе х ꞊ 8. Ендеше, берілген теңдеудің шешімі 8 саны болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет