25-сұрақ:
Призманың құрам бөліктерінің қасиеттері:
1) табандары тең
2) табандары параллель жазықтықтарда жатады
3) бүйір қырлары параллель және тең. Көлбеу призма. Тік призма.
Екі жағы параллель жазықтықтарда жататын өзара тең көпбұрыштар, ал қалған жақтары осы көпбұрыштармен ортақ қабырғалары бар параллелограмдар болып келген көпжақты призма деп атайды. Призманың құрам бөліктері ABCD және A1B1C1D1 - көпбұрышты призманың табандары, қалған жақтары бүйір жақтары, олардың бірігуі призманың бүйір беті, бүйір жақтарының ортақ қабырғалары бүйір қырлары деп аталады. Призманың бір жағында жатпайтын екі төбесін қосатын кесіндіні призманың диагоналі деп атайды. Бір табанның нүктесінен екінші табан жазықтығына түсірілген перпендикуляры призманың биіктігі деп аталады. Табан қабырғаларының санына байланысты призма үшбұрышты, төртбұрышты , ... , n бұрышты деп аталады.
Бүйір қырлары табандарына перпендикуляр болатын призманы тік призма деп,ал бүйір қырлары табанына көлбеу болса,көлбеу призма деп аталады. Егер тік призманың табандары дұрыс көп бұрыштар болса,онда ол дұрыс призма деп аталады. Тік призманцң бүйір беті:
Тік призманың бүйір беті (бүйір бетінің ауданы) табанының периметрін призманың биіктігіне көбейткенге тең болады:
S=pһ
Мұндағы: S-Призманың бүйір беті, p-призманың табанының периметрі, һ-призманың биіктігі.
Достарыңызбен бөлісу: |