Египет Африканың солтүстік-шығыс бөлігіне орналаскан. Африка жері ұшы -қиырсыз шөл далалар болып келеді. Осы жерді әлемдегі ең үлкен, әрі ұзын өзен Ніл басып өтеді. Оның ұзындығы 5589 км. Ніл өзені оңтүстіктен солтүстікке карай ағады. Солтүстікке қарай, өзеннің Жерорта теңізіне құйылар жерінде ұшбұрышты үлкен атырау құрайтын бірнеше тармақтарға бөлінеді. Ніл өзені әр жылда тасып, жағалаудағы егістік жерлерді шайып кетіп отырған, тасу мезгілі аяқталған соң тұрғындардың жерін қайта өлшеп, бөлу керек болады, ұзақ жылғы жер өлшеу тәжірибесінің арқасында геометрия ғылымы пайда болған (геометрия – грекше «гео — жер, метро — өлшеу» деген мағына береді).
Ежелгі
Ауыл шаруашылығы мен қол өнердің дамуы өнімнің өсуін және артық азық-түліктің пайда болуын тудырды. Артық өнімнің пайда болуы тайпа көсемдерін байыта түсті. Енді тайпа көсемдері халықтан алған байлықты өзінің қасында бақылаушылар, сақшылар және жауынгерлер ұстау үшін пайдаланды. Сақшылар мен жауынгерлердің саны артқан сайын көсемдердің билігі де күшейе түсті. Осылайша, көсемдер бірте-бірте өз тайпаларының әміршісіне айналып, барлық мәселені өзі шешкен.
Сөйтіп,ежелгі Египетте қанаушылар мен қаналушылар пайда болды. Осыған
байланысты құл иеленушілік құрылыс қалыптасты. Құл иеленушілік құрылыстың қалыптасуы нәтижесінде б.з.б. IV мың жылдықта Египетте шағын мемлекеттер пайда болды. Ақырында Ніл аңғарында екі ірі мемлекет пайда болды. Патшалардың біреуі Египеттің солтүстігін - өзеннің төмеңгі сағасын-атырауын бағындырса, ал екіншісі елдің оңтүстік аңғарын бағындырды. Оңтүстік Египеттің патшасы басына биік ақ тәж кисе, ал солтүстіктің патшасы қызыл түсті тәж киген. Өзара бәсекелескен екі мемлекеттің арасындағы күрес өте қатты ауыр және ұзаққа созылды. Б.з.б. 3000 жылдары оңтүстік патшалығының патшасы солтүстік патшалығын жеңіп атырауды басып алды. Сөйтіп , Ніл шоңғалдарынан Жерорта теңізіне дейінгі бүкіл Египетті біріктірген қуатты мемлекет құрылды. Енді Оңтүстік Египеттің патшасы қосарлы ақ және қызыл түсті тәж киді. Біртұтас Египеттің патшалары-перғауындар (фараондар) деп аталды. Египеттерше «перо» (үлкен үй) патша сарайы деген мағына береді.
Ежелгі Египет мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдерге бөлінуі
1-кезең – Ерте патшалық (б.з.д. 3110-2800 ж.ж. шамасы) Жоғарғы және Төменгі Египеттің бірігуінен кейін пайда болды. Бұл кезеңге тән сипат елдің бір мемлекетке нығаюы болып табылады.
2-кезең Ежелгі немесе Ескі патшалық (б.з.д. 2800-2550 ж.ж. шамасы). Негізгі ерекшілігі : Египеттің айқын көріністі, алғашқы орталықтануы. Пирамидалардың салыну кезеңі :
3-кезең – Орталық патшалық
( б.з.д. 2050-1700 ж.ж. шамасы).Египеттің Фив қамқорлығына ары қарай бірігуі.
4-кезең – Жаңа патшалық (б.з.д. 2575-1087 ж.ж. шамасы). Бұл кезеңге тән ерекшелік Египеттің 18-ші перғауындар билігі әулеті астына бірігуі. Египет ірі империяға айналды.
Египеттегі мемлекет деспаттық формада болды. Барлық билік толығымен бір тұлғаның – патша – фараонның (перғауынның) қолында болды. Фараондар бір рудан шыққан және бір-бірін тақ мұрагерлігі тәртібімен ауыстырды. Египеттегі деспоттыққа тән сипат мемлекет басшысы – патша фараонның діни табынуы еді.
Жазу
Египетте жазу өнері б.з.б. IV м.ж. пайда болды. Ең алғаш жазулар сурет ретінде салынған. Ең алғаш жазуларды таңбалар мен суреттер құрады. Бұндай таңбалар иероглифтер деп аталды, ал египеттік жазу иероглифика деп аталады. Олардың саны 700-ден аса болды, ал кейінірек тіпті бірнеше мыңға дейін жетті. Иероглифтер ондағы бейнелер қайда қарап тұр, солай оқылады. Оңнан солға немесе солдан оңға.
Египеттіктер тасқа, ағаш қабығына, балшыққа, теріге жазған. Соның ішінде ең көп тарағаны папирус өсімдігінен жасалған қағаз-папирус болды.