Египеттіктердің астрономия саласына қызығушылығы жоғары болды. Әр түрлі планеталар мен жұлдыздарды айыра білген. Өз білімдерін күнтізбе жасауға жұмсаған. Ең негізгі жұлдыз Сириус болды, египеттіктер оны Сопдет деп атады. Ең алғашқы египеттік күнтізбенің шығуын осы жұлдызбен байланыстырған.