Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Филология факультеті “Қазақ филологиясы” кафедрасы “Қазақ тілінің сөзжасам мен морфологиясы” пәні ОСӨЖ 3-апта Тақырыбы: Сөздің грамматикалық тұлғасы (формасы). Топ: ҚТӘ-201 Орындаған: Жақанқызы Меруерт Қабылдаған: Алдашев Н.
Грамматикалық форма Грамматикалық мағына әр түрлі тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағынаны білдіретін синтетикалық тәсілдің бір типі – грамматикалық формалар. Яғни грамматикалқ мағынаның бір түрі, атап айтқанда, категориялық грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөйтіп, грамматикалық формалар белгілі топтпғы сөздердің қосымшалар, грамматикалық тұлғалар (жұрнақ, жалғау) арқылы белгілі жүйелі парадигма бойынша түрленуі болып табылады да, сол арқылы әр тұлғаға сай категориялық грамматикалық мағына беріледі.
Осы уақытқа дейін жарық көрген еңбектерде, зерттеулерде грамматикалық форманы анықтағанда грамматикалық мағынаны білдірудің сыртқы жағы, грамматикалық тәсілі деп, грамматикалық ағынаны түр-түрге бөлмей, грамматикалық форманың ішкі мазмұны ретінде қаралып келді.
Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма деген ұғымдар біреуі әрдайым бір нәрсенің ішкі жағы, мазмұны, екінші оның сыртқы жағы, тұлғасы немесе сол мазмұнның іске асу, көріну тәсілі деп анықтап келдік. «Қандай грамматикалық мағына болса да, оның өзіне тән грамматикалық формасы болады, керісінше қандай бір грамматикалық форма болса да, оның өзіне тән грамматикалық мағысы болады. Грамматикалық мағынасы жоқ грамматикалық форма болмайды, грамматикалық формасы жоқ грамматикалық мағына болмайды» .
«Тілдегі мағына мен форма, соның ішінде грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір-бірімен тығыз байланыста болады. Белгілі бір грамматикалық формасы болған жағдайда ғана грамматикалық мағына жайында сөз ете аламыз.
Мысалы, тау, тас, үй, көл және бала, қыз, әке сияқты сөздердегі жалпы заттық мағына, алғашқы топтағы сөздерде жансыз заттар, соңғы топтағы сөздерде адамға байланысты заттар мағынасы грамматикалық мағыналар екендігінде ешбір күмән жоқ. Бірақ бұлардың ешқайсысы да ешбір грамматикалық форма арқылы берілмеген. Сондай-ақ аналитикалық тәсілдің түрлері болып табылатын негізгі сөздердің бір-бірімен тіркесуі, негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесуі арқылы, сөздердің қосарлануы, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен дауыс ырғағы, интонация, т.б. арқылы грамматикалық мағынаны білдіруде ешбір форма жоқ. Сондықтан да грамматикалық форма арқылы грамматикалық мағынаның берілуі дегенде әңгіме жалпы граммматикалық мағына атаулы емес, грамматикалық мағынаның бір түрі болып табылатын категориялық грамматикалық мағына жайында ғана болу керек.

Сөздің грамматикалық мағынасы сол сөздің өзінің әр қилы түрлері (формалары) арқылы да, немесе сол сөздің сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынастары арқылы да айтылуы мүмкін. Бірнеше мысал келтірейік: Бетім барда бетіме кім шығар деп, Кімі паңдау келеді, кімі тантық – (Абай, 55 б.)деген сөйлемдердегі бетім және бетіме сөздері мен кім және кімі сөздері өзара түбірлес, сонымен бірге олардың тұлғаларында ұқсастық та, айырмашылық та бар. Алғашқы екі сөздің бет деген түбірі, әрине, бір, сондай-ақ оған қосылған –і қосымшасы да бір. Сондықтан олардың грамматикалық мағыналары да грамматикалық формалары да бірдей: екеуі де – тәуелдік жалғауының 1-жақ қосымшасы жалғанған зат есім.

Сөйтіп бұл мысалдардан мынадай қорытындылар шығады:
Біріншіден, сөзді қайталап (қосарлап) қолдану – тіліміздің грамматикалық құрылысына тән әрі үйреншікті, әрі құнарлы грамматикалық тәсілдің бірі, екіншіден, сөзді қайталап (қосарлап) қолдану арқылы да тиісті грамматикалық мағыналар жасалады; үшіншіден, сөзді қайталап (қосарлап) қолдану тәсілі белгілі грамматикалық мағыналардың грамматикалық сыртқы формасы ретінде жұмасалады.
Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі сөз болғанда, әдетте, категориялық грамматикалық мағына негізге алынады, өйткені жоғарыда көрсетілгендей, грамматикалық мағынаның осы түрі ғана арнайы грамматикалық форма арқылы беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Ә.Хасенов. Тіл білімі. – Алматы, «Санат» 2003. – 416 бет
2) Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 784бет
3) Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі, морфология. Алматы: «Ана тілі», 1991.- 384 бет