Қазақстан бойынша ветеринарияда қолданылатын тауарлар өндіруші кәсіпорындар бұрыннан салынбаған. Қазір шприцтер, дәрі дәрмек өндіруші және т.б. ветеринариялық, медициналық өнімдер шығаратын кәсіпорындар ашылуда. Бірақ, негізгі мұқтаждықты өтеу үшін осы кәсіпорындардың өнімдері жеткіліксіз болғандықтан, көпшілік тауарлар алыс жақын шетелдерден сатып алынады.
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.