Топ: вс-314 Қабылдаған: Калан К



Дата13.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#125255
түріСабақ
Байланысты:
ВС-314 Дайрабай М.гигиена
Абиласанова Г. А бөлімі, ВС-314 Дайрабай М.гигиена, АНГЛИЙСКИЙ, 2 ПРАКТИКА

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ «ВЕТЕРИНАРИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

Тақырып: Мал қорасы ауасын санитариялық-микробиологиялық зерттеу


Орындаған: Дайрабай М.

Кенжебаева Е.



Топ: ВС-314

Қабылдаған:

Калан К.

 

 

Сабақтың мақсаты:

Мал қорасы ауасын санитариялық-микробиологиялық зерттеу әдістемелерін меңгеру.

Керекті жабдықтар мен материалдар:

Қоректік орталар (ЕПА, Кесслер), Петри аяқшалары, термостат, УМ-1, УГ-2, физиологиялық ерітінді, пробиркалар, пипеткалар.

Ауаны санитариялық-микробиологиялық зерттеу

Өндірістік орындардағы ауаның микробтық ластануын анықтау үшін микроорганизмдерді сұйық арқылы сүзу әдісі қолданылады. Тиісінше бұл әдісте УМ-1 микроб сүзгіш құралы қолданылады. Ол химиялық таза шыныдан жасалған, сиымдылығы 50 мл болатын құрал. Ауаны мөлшерлеп өткізу үшін әмбебап газоанализатор УГ-2 құралының сорабы қолданылады. Сүзгі сұйықтық ретінде физиологиялық ерітінді алынады.

 

  • Сурет 1. УМ-1 микроб сүзгіші жұмыс жағдайында
  • (1 – УМ-1; 2 – сильфондысорабы бар УГ-2)


  • Зерттеу жүргізу үшін микроб сүзгішке 10 мл физиологиялық ерітінді құйып, осы ерітінді арқылы УГ-2 құралының сильфонды сорабының көмегімен ауа сорылып өткізіледі. Сильфонды насостың үстіңгі жағына резеңке түтікше жалғанған, түтіктің бос екінші ұшы сильфонды сыққаннан кейін микроорганизмдер сүзгішінің жалпақ ұшына жалғанады да штоктың стерженін босатып ауа сорылады. 400 мл көлемде ауа сорып алғаннан кейін, микроб сүзгіштегі физиологиялық ерітіндіні жақсылап шайқайды.
  • Содан кейін 1 мл адсорбентті (физиологиялық ерітінді) стерильді Петри аяқшаларына ауыстырып, үстіне алдын-ала ерітілген және 40-45оС-қа дейін салқындатылған ЕПА құяды. ЕПА қатқаннан кейін 370С температурағатермостатқа қояды, ал 48 сағаттан соң өскен колонияларды санап, 1 м3 ауадағы жалпы микроорганизмдер санын анықтайды.
  • Мысалы: Петри аяқшасында 32 колония өсті, сонда 1 м3 зерттелетін ауадағы микроорганизмдердің саны (Х) төмендегідей болады:
  • Х= 1 000 000 × 32 / 40 = 800 000
  •  
  • мұндағы: 1 000 000 –1 м3-ғы ауаның мл мөлшері;
  • 32–Петри аяқшасындағы өскен колониялар саны;
  • 40–1³мл адсорбентке (физ. ерітінді) сіңген ауа көлемі, мл.

Назарыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет