1-Тапсырма
Тыңдалым
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен
1-тапсырма.
Өлеңге тақырып қойыңыз. ______________________________________
2-тапсырма.
Сызбаны толтырыңыз.
3.Өлеңнің негізгі ойы
2.Күзде ауыл көрінісі қандай болады?
1.Күзде тұман қандай болады?
3-тапсырма.
Суреттер бойынша « Күз мезгілі» тақырыбына әңгіме құрастырыңыз.
Тірек сөздер: Күздің кереметі, байлығы, молшылығы, қызу еңбек, қысқа дайындық, күзгі ауа райы, жапырақтар сарғаяды.
|