Ұзақ мерзімді жоспарлаудың тарауы: Мектеп: Мыңбаев ауылындағы орта мектеп КММ
Киім.Сән.Талғам
Күні: 15.03.2017 Мұғалім аты-жөні: Адырбекова Жупар Сериковна
Сынып: 5 сынып Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Киім.Сән.Талғам
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау (5.Т/А4);
Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру (5.Ж3).
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Тірек сөздердің мағынасын түсінеді және жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша мазмұнын сақтап әңгіме құрастырады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Тірек сөздердің мағынасын түсінеді және оларды сөйлемде қолдана алады, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды, сұрақтарға нақты жауап бере алады. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша мазмұнды әңгіме құрастыра алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар түсінеді және қолданады:
Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестері:
Сән, салтанатты, ұлттық,киім-кешек,ұлттық ерекшелік, киім үлгісі, киім мәдениеті.
Тақырыпқа қатысты ашық сұрақтар:
Киімнің адам өміріне маңызы қандай?
Адамдар киімді жыл мезгіліне қарай не үшін таңдайды?
|
Құндылықтарға баулу
|
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, еңбекке баулу
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Киім туралы мағлұмат біледі.
Киімнің түрлерін біледі
|
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын шоғырландыру
. - Сәлеметсіңдер ме балалар, отырыңдар!
Бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін, ребусты шешуіміз керек.
- Бұл не?
- Бұл көз.
- Соңғы екі әріпті алып тастаймыз. Қандай әріп қалды?
- «И»- әріп
- Бұл не?
- Бұл тіс.
- Бірінші және соңғы әріптерді алып тастаймыз.
- Бұл не?
- Бұл алма.
- Алдынғы екі әріпті және соңғы әріптерді алып тастаймыз. Түсінікті ме?
- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Киім».
,, И , , ,,,
Киім суреттері арқылы топқа бөлу.
1-топ – жейде суреттері
2-топ – көйлек суреттері
3-топ – бас киім суреттері
Оқушыларға оқу мақсаты мен сабақ мақсатын таныстыру
|
Ребус
|
Сабақтың ортасы
25 минут
5 минут
8 минут
5 мин
7 минут
|
(Ө)1-тапсырма. «Киімнің адам өміріне маңызы» мәтінін тыңдап,мазмұнын түсінеді. Берілген мәтіннен тірек сөздерді табады.
(Ж) «Ойлан,Жұптас,Пікірлес» әдісі бойынша әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) мәтіннен тірек сөздерді табады. Содан кейін оқушылар жұбына тапқан тірек сөздерін 2-3 минут талқылайды, пікірлеседі, Мұғалім екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрайды.
(Ж)2-тапсырма. Мәтін бойынша оқушылар бір сұрақтан дайындап «Мина алаңы» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сұрақ үлгілері:
Сен киімді қалай таңдайсың?
Киімдер пайдаланылуына қарай нешеге бөлінеді?
Киім сатып алғанда ескеретін талаптар?
Тұрмыстық киімдерге не жатады?
Өндірістік киімдерге не жатады?
Формалық киімдерге не жатады?
Алжапқыш пен бас орамал қандай киімге жатады?
Маусымдық белгілері бойынша киімдер қалай бөлінеді?
Қазақ халқының дәстүрлі киімдерін ата?
Ерлердің бас киімдерінің қандай түрлерін білесіңдер?
Сәукелені кімдер киген?
Сәукелені немен әшекейлеген?
(Ө)«Крест-нөл» кестесі арқылы сұрақтарға жауап алу
1.Киім неден тігіледі?
|
2.Киім адамды неден қорғайды?
|
3.Жас ерекшелікке қарай қандай киімдер болады?
|
4.Жасы ұлғайған адамдардың киімі қандай болады?
|
5.Қазақ халқының бас киім түрлерін ата?
|
6.Қазақ халқында киімнің ең жақсысы қалыңдықтың үстінде дегенді қалай түсінесің?
|
Оқу мақсаты:
Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру (5.Ж3).
Ойлау дағдыларының деңгейі: білу,түсіну, қолдану.
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырып жазады.
(Ж)3-тапсырма. Берілген суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырып жазады.
|