Топырақтану



Pdf көрінісі
бет4/68
Дата05.09.2020
өлшемі0,89 Mb.
#77071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
topyra tanu t m blisov
ab31bce0-2cd4-11e3-a7a3-f6d299da70eeУМКДмал шиз 3(1), Topyra tanu
 

1.7  Қазакстанның    географиялық  жағдайы  туралы    мағлҧматтар  кӛне 

дәуірден  жинақтала  басталған.  Кейіннен  еліміздің  табиғи  қоры  туралы 

қытайдың  және  арабтардың  жиһанкездерімен  елшілері  сипаттап  жазған. 

Біздің    дәуірге    шейінгі      II    ғасырда    кытай    елшісі      Чан-Цун:  «Жетісу 

ӛңірінің  тегіс  жерінде  шӛптесін  есімдіктер  бар,  ал  тау  ішінде  ағашы  кӛп, 

орнықты  халқы  егіншілікпен  айналысады»,-  деп  жазған.  ХVIII-ХІХ   

ғасырлар      аралығында    Қазақстанның  табиғатымен  топырақ  жамылғысын 

атақты  ғалымдар И.  И.Лепихин (1795),   С.Г.Гмелин   (1806),   Э.А.Эверсман   

(1840),   Ш.Ш.Уалиханов (1855ж),   П.П.Семенов-Тяньшанский   (1856,1857),   

Ф.Рупрехт      (1866),  Г.И.Танфильев  (1902)  ӛз  еңбектерінде  сипаттап  жазды. 

Ш.Ш.  Уалиханов  (1855)  қолжазбаларында  Балхаш  кӛлі  маңындағы  сор 

топырактарды,  Семей  ӛңірінің  кебір  топырақты  қҧрғақ  даласын  сипаттап 

ӛткен. Тянь-Шань тауы бӛктерінде казақ дихандарының ӛзендерден арықтар 

арқылы егіс танаптарына су кӛтеріп тары, бидай себетіндерін сӛз еткен. 

1903  жылы  жарық  кӛрген  «Ресей.  Отанымыздың  толық  географиялық 

сипаттамасы»  атты  кӛп  томдық  еңбектің  18  томында  Қазақстанның 

ғеографиялык жағдайы, соның ішінде топырақ жамылғысы туралы мағлҧмат 

жарияланды. 

Ресейдің Азия бӛлігінін әсімдіктерін және топырактарын зерттеуді 1907-

1916  жылдары  К.Д.Глинка  ҧйымдастьірып,  басқарды  Осы  жылдары    

Қазақстан    топырағын зерттеуге С.С.Неуструев, А.И.Бессонов, Р.И.Аболик, 

Л.И.Прасолов,  И.В.Ларин  және  т.б  катысты.  Жҥргізілген  жҧмыстардың 

нәтижесі    негізінде  К.Д.Глинканың  (1909,  1926),  Л.И.Прасоловтың  (1926), 

А.И.Безсоновтын (1910) бірнеше кітаптары басылып шығып, оларда еліміздің 

топырақтары туралы мәнді мағлҧматтар жарияланды. 

1939  жылы  Кеңестер  Одағынын  Ғылым  академиясының  қазақ  филиалы 

қҧрамында  топырақ  зерттеу  бӛлімі  ашылып,  оның  негізінде  1945  жылы 

Қазакстан  Ғылым  академиясының  топырақтану  институты  қҧрылды.  Осы 

топырақтану  институтын  1945-1968  жылдары  аралығында  белгілі  топырақ 

танушы  Ӛмірбек  Оспан/ҧлы  Оспанов  басқарды.  Ӛ.О.  Оспанов  (1906-

1993ж.ж.)  Қазақстанда  топырактану  ғылымының  негізін  қалаушы 

ҧлтымыздың  алғашқы  топырақтанушы  маманы.  Ол  1932  жылы  Мәскеудегі 




 

17 


К.А.Тимирязов  атындағы  ауыл  шаруашылығы  академиясын  топырақтану 

және агрохимия мамандығы бойынша бітіріп, ҚСРО Ғылым академиясының 

В.В.  Докучаев  атындағы  топырақтану  институтының  аспирантурасында 

білімін жалғастырды. 

Қазақ          Ғылым          академиясының          президенті  Қ.И.Сатпаевтің 

орынбасары    ретінде    қызмет    аткара    жҥріп    ол          еліміздің    топырактану 

ғылыми  зерттеу      институтының  ашылуына,  Қазақстан  топырақтарын  тың 

игеру  жылдары      ҧтымды  зерттеуге,  топырақтанушы        ғалымдарымыздың 

ғылыми жҧмыстарының әлемдік деңгейге сай жҥргізуіне аса зор ҥлес қосқан 

ғалым. 


Сол  кездерде  онымен  бірге  жҧмыс  істеген  топырақтанушы  ғалымдар 

К.Ш.Фаизов,  И.В.Матыщук,  П.И.  Тимошин,  Ш.А.Шолақов,  А.М.Дурасов, 

Н.П.Панов. 

Кейінгі  жылдары  елімізде  топырактану  ғылымы  одан  әрі  алға  басып 

дамып келеді. 

        


        Бақылау сұрақтары 

1 Топырақ деген не? 

2 Топырақты неге ерекше табиғи дене деп қараймыз? 

3 Топырақтың табиғаттағы басты қызметтері қандай? 

4 Топырақтың негізгі экологиялық қызметтерін атап кӛрсетіңіз. 

5 Топырақтанудың негізгі салаларын атап ӛтіңіз. 

6 Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша сипаттама беріңіз.                                                                     

7 Топырақтанудың негізгі даму сатыларын атаңыз. 

8 Топырақтану ғылымының дамуына В. В. Докучаев ҥлесі қандай? 

9 Топырақтану қандай ғылыми және тәжірибелік міндеттерді атқарады? 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет