Топырақтану



Pdf көрінісі
бет47/68
Дата05.09.2020
өлшемі0,89 Mb.
#77071
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68
Байланысты:
topyra tanu t m blisov
ab31bce0-2cd4-11e3-a7a3-f6d299da70eeУМКДмал шиз 3(1), Topyra tanu
7.8 Жылу режимі – топырақта жылудың жиналу, таралу  және жҧмсалу 

қҧбылыстарының жиынтығы.  



Топырақтағы  жылу  көздері  –  кҥн  сәулесінің  энергиясы  (тура  немесе 

тікелей, шашыранда, сонымен қатар атмосфералық радиация); ауадан алатын 

жылу;  органикалық  заттар  ыдырау  кезінде  пайда  болатын  жылу; 

топырақтағы  радиоактивті  процестер  жылуы.  Ең  маңызды  жылу  кӛзі  –  кҥн 

сәулесінің энергиясы. 

Топырақтың ҥстіңгі қабатына тҥсетін кҥн сәулесінің энергиясы тәуліктік 

және  жылдық  мерзімділікке  бағынады.  Тәуліктік  циклде  топырақ  кҥн 

шыққанан  14  сағатқа  дейін  қызады,  содан  кейін  салқындай  бастайды. 

Жылдық  циклде  ол  наурыздан  шілдеге  дейін  қызады,  содан  кейін 

салқындайды. 




 

52 


Топырақтың ҥстіңгі қабаты оның қалған қалыңдығына жылу кӛзі болып 

саналады және бҧл жағдайда оның жылу ӛткізгіштігі маңызды.  

Жыл  мезгілі  ішінде  жаз  айларында  жылу  топырақтың  ҥстінен  астыңғы 

қабаттарына  таралып,  оның  қызуы,  ал  қыс  айларында,  керісінше,  жылу 

топырақтың  астыңғы  қабатынан  ҥстіне  қарай  таралып,  оның  салқындануы 

байқалады.  Қысқы  бӛлінуден  жазға  ӛту  сәуірде,  ал  жаздан  қысқа  ӛту 

қыркҥйек айында байқалады.  

 Топырақтың  температуралық  режиміне  қар  жамылғысының  зор  әсері 

бар.  Қар  жылуды  нашар  ӛткізеді,  сондықтан  оның  топырақтан  шағылуын 

және атмосфераға беруін тӛмендетеді, олай болса топырақтың салқындауын 

азайтады. 

Жылу режимі жер бедеріне де байланысты. Беткейлердің экспозициясы 

(кӛрінісі) және олардың  қҧлдилығы немесе  қҧламалығы кҥн радиациясынан 

алатын  жылу  айырмасын  анықтайды.  Оңтҥстік,  оңтҥстік-батыс  және 

оңтҥстік-шығыс  беткейлеріндегі  топырақтар  солтҥстік,  солтҥстік-батыс, 

солтҥстік-шығыс  беткейлеріндегі  және  су  айрығындағы  топырақтарға 

қарағанда жақсы   қызады.   

Ӛсімдік  жамылған  (кҥздіктер,  шӛптер,  орман  және  т.  б.)  топырақтар 

жамылмағандарға қарағанда аз тоңданады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет