Топпен жұмыс



бет10/36
Дата21.04.2022
өлшемі7,75 Mb.
#140260
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Байланысты:
7-сынып алг поур-141-332-93-192

Қазақша

Русский

English

Бірден көп

Больше одного

One more than

Қосу

Сложение

Add

Көбейту

Умножение

Multiply

Бөлу

Деление

Divide

Азайту

Вычитание

Subtract

Бөлшектің бөлгіші

Знаменатель

Denominator of a fraction

Бөлшектің алымы

Числитель

Numerator of a fraction

Цифр

Цифра

Digit





70. Мәтінді есептер

Амангелді атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:7

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу
мақсаттары

7.4.3.1
есеп шарты бойынша математикалық модель құру; 7.4.2.2
мәтінді есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығару;

Сабақтың мақсаты

Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Оқушылар осы тақырып бойынша білу, түсіну, талдау, қолдану, анализ, синтез ойлау дағдыларын қалыптастыруы тиіс.



Тілдік мақсат

Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамын.



Құндылықтарды дамыту

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырудың 6 негізгі бағыты - бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы, Туған жер
бағдарламасы, латын әліпбиіне көшу, «100 жаңа оқулық» аясында патриоттыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Геометрия, тұрмыста қолдана алу

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақста, интернет ресурстары (сайттар, видеолар, есептер), таратпа
материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар, фигуралар

Бастапқы білім




Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы
5 минут

Ұйымдастыру сәті Үй жұмысын тексеру
Математикалық логикалық есептер беру арқылы «Миға шабуыл»






Негізгі бөлім

Бір айнымалысы бар сызықты теңдеуді құруға есептер:
Берілген шартқа байланысты есептер құруды сендер, төменгі сыныптардан




Тақырыпты ашу
10 минут

бері білесіңдер, сонда да біз сендермен әртүрлі мағанадаға көптеген мысалдар қарастырамыз, өздерің мәтіндік есептер құруды үйренесіңдер, бір-біріңді бағалайсыңдар. Себебі, мәтіндік есептің математикалық моделін құру –бұл алгебра курсындағы маңызды бөлімдердің бірі болып табылады.

  1. мысал:

Сатып алынған бірнеше кітаптарды кітап шкафындағы бірдей сөрелерге орналастырмақ болды . Алдымен әр сөреге 20 кітаптан қоймақ болып еді, екі сөре бос қалды. Содан кейін әр сөреге 15 кітаптан қойып еді, барлық сөре кітаппен толды. Қанша кітап сатып алынған еді?
Шешуі:
Математикалық моделді құрудың кезеңдері: 1 кезең: (талдау жасау)
Кітап сөрелерін – х белгілейік. Әрбір сөреге 20 кітаптан қойғанда х- 2 сөре кітапқа толды. Ендеше, барлық сатып алынған кітап мына формуламен есептеледі: 20(х-2). Ары қарай есептің шарты бойынша, әрбір сөреге 15 кітаптан қойған кезде, барлық –х сөрелер кітапқа толды. Ендеше, барлық сатып алынған кітаптар мына 15х формуламен есептеледі ғой. Енді екі өрнекті теңестіру қалды.
20(х-2)=15x ( бұл теңдеу есептің - математикалық моделі)

  1. кезең: құрылған теңдеуді шешеміз:





  1. кезең: есептің сұрағына жауап беру.

Кітап шкафында 8 сөре бар екенін таптық. Сонымен сатып алынған кітаптар саны 15*8=120 кітап.
Жауабы: 120 кітап сатып алынды.


2 мысал: (оқушылар өздері математикалық моделді құрады ,бір-бірінікін тексереді,бағалайды) ( №1 бағалау қағазы бойынша)

А,В және С пункттері суретте көрсетілгендей орналасқан. А мен В пунктерінің арақашықтығы 16 км. В пунктінен С қарай жаяу жүргінші шықты. 2 сағаттан кейін А пункітінен С қарай жылдамдығы жаяу жүргіншінің жылдамдығынан 6 км/сағ артық велосипедші шықты. Өзі шыққаннан 4 сағаттан кейін велосипедші жаяу жүргіншіні С пунктінде қуып жетті. В мен С арақашықтығы неге тең?
Жауабы: 24 км
Жұмысқа байланысты есептерді шешудегі екі жағдай:

  • 1) істелінген жұмыс көлемі берілген, яғни кірпіштер саны, басылған кітап беттері, салынған үйлер саны белгілі болса, бұл жұмыс көлемін көрсетеді.

  • 2) істелінген жұмыс көлемі анықталмаған, яғни егер есепте жұмыс көлемін білу маңызды болмаса, оны табуға ешбір мәндер жоқ болса, онда жұмыс көлемін бірге тең деп аламыз.

Есепті шешу алгоритмі












Мысал:
Екі жұмысшы бір жұмысты 6 сағатта бітіреді. Бірінші жұмысшы сол жұмысты 15 сағатта бітіре алады. Екінші жұмысшыға осы жұмысты бітіруге қанша сағат қажет?
Шешімі:
Бүкіл жұмысты 1 деп аламыз.
Екінші жұмысшының еңбек өнімділігін табу үшін:



Жұмыстың осындай бөлігін екінші жұмысшы 1 сағатта орындайды.



Сонда екінші жұмысшыға бүкіл жұмысты жалғыз орындау үшін 10 сағат қажет.
Жауабы: 10 сағат

Топпен жұмыс
25 минут

Алдымен «Матрица 2 үзінді» атауымен сақталған видеоны қарап шығыңыз.

  • Видеоны көріп, берілген оқиғалардың уақытын секундомерді қолданып кестеге түсіріңдер.

  • Графикті салыңыз, абциссасына - уақыт, ординатасына – жылдамдықты белгілей отырып, алынған нүктелерді сызғыш








Уақыт

Еңбек өнімділігі

Букіл жұмыс

1 жұмысшы

15

1/15

1

2 жұмысшы

?

?

1

Бірге

6

1/6

1




























































көмегімен қосыңыз. Нүктелерді A,B,C,D,E,F,G,H,I,J,K әріптерімен белгілеп шығыңыз.
.




Соңы
5 минут

Сабақты бекіту
Рефлексия. Оқушылар келесі сөйлемдерді толықтырады:

  • Мен білдім …

  • Қызықты болды…

  • Қиындық тудырды…

  • Мен тапсырманы орындадым…

  • Мен енді…

  • Сабақтан мен не алдым… Үйге тапсырма:









Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай
тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.

Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау

Нұсқаулықпен жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет