Топта қиын баламен не істеуге болады?



бет4/6
Дата16.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#158405
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Психокоррекциялық бағдарламаға талдау жасау. Түзету

Мақсаты: балаларға мейірімділік пен қатыгездікті айыра білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
  • Жетекші топ мүшелеріне арнап сұрақ даярлайды. Топқа аяқталмаған әдістемесі бойынша сөйлемді аяқтау тапсырылады. Топтың әрбір мүшесі ортадағы жәшіктен қағазды кезектесіп алады, онда жазылған ойды аяқтауы керек.
  • “Жақсы қасиет” деп ...........................................?
  • “Жаман қасиет” деп ...........................................?
  • Адамдардың бойындағы қасиеттер..................?
  • Ақылсыз болу деп ............................................. ?
  • Ақылды болу үшін не істеу керек......................
    • 7. “Ауызша воллейбол” ойыны
    • Мақсаты: Адамгершілікке тәрбиелеу.
    • Балалар шеңбер бойымен тұрады. Допты бір-біріне берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек. Мысалы: шыншылдық, мейірімділік, адамгершілік, әділдік, кішіпейілділік, батылдық, ұстамдылық, жанашырлық.
    • 8. “Мен саған сенемін” әдістемесі
    • Мақсаты: Сенімділік қасиетін күшейту.
    • Қатысушылар жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. Алғашында ыңғайсыз сезінеді, содан кейін өз ойларын кезектесіп, мынадай сөзден бастап айтады. Мысалы: “Мен саған сенемін....” өйткені, сен жақсы адамсың. Осы кезде әуен ойнап тұруы қажет.
    • 9. Өзін-өзі тәрбиелеу
    • “Топтың көмегі” әдістемесі
    • Мақсаты: Ұжым арқылы тәрбиелеу.
    • Әрбір қатысушы ортаға шығып 1 минут ішінде өзін топқа таныстырады. Ол сабақтан не алғысы келетінін, өзінің қиындықтарын қысқа және нақты айтып, топтан осы қиындықтарды жеңу үшін топтан көмек сұрауы қажет.Қалған балалар кезегімен шешу жолдарын қарасытырып ойларын айтады.
    • 10. “Ашулы шарлар” тренингі
    • Мақсаты: Тәртібі қиын балалардың агрессиядан шығу жолдары.
    • Шарты: 8-10 баланы ортаға шығарып, үрлеп оларды байлауын сұраңыздар.
    • Қатысушыларға түсіндіріңіздер! Шарлар адамның денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа – сезімін.
    • Қатысушылар аяқтарымен шарды жару керек.
    • Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар. Ашудың осылай шыққаны дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?
    • Бұлай қатты жарылған шар ол агрессияны білдіреді, ол қатерлі жол.
    • Енді қатысушыларға жаңа шар беріп үрлеуді ұсыныңыз. Оны байламай ұстап тұрыңыздар. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді шарды жайлап аузына жарты ауасын жіберіңіздер.
    • Шар кішірейеді, бірақ жарылмады.Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.
    • Енді қатысушыларға шардағы ауаны толығымен шығаруды ұсыныңыздар. Бұл нені білдіреді? Ашудың қауіпсіз жолын табу - әр адамның өз қолында

      Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет