Тапсырма №1
- Топта жұмыс істеу ережесі. Артықшылықтарын түсіндіру және кіші топтарда жұмысты негіздеу. - Жұптасып жұмыс істеу жөніндегі ерекшеліктерін талдау - Неліктен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылда жұмыс істеу қажет?
Топтажұмысістеуережесі: Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуге көздейді. Кез келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алу қажет. Ол топтың әрбір мүшеснінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, содай ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.
Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.
2. Болып жатқанға белсенді қатысу.
3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
5. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу.
Артықшылықтарын түсіндіру және кіші топтарда жұмысты негіздеу. Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады. Жаппай оқытуға қарағанда, жаңа ұғымдарды, түсініктерді, дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады.
Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады.
Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады.
Өзіне сын көзбен қараушылық артады, сыныптастарымен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай біледі және жақсы бақылай алады. Өмірге қажетті дағдыларға үйренеді.
Топтағы оқушылардың саны оқушылар арасындағы, сонымен қатар, оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс.
Топтың көлімі мен санының арасындағы тепе-теңдікті орнату маңызды. Мысалы, көптеген шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (шамамен 5 мин) барысында тиімді жұмыс істей алады. Аздаған үлкен топтарда оқушылардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Белгілі бір тапсырманы айрықша тиімді орындау үшін, мұғалім мен топ қатысушылар саны қанша болатынын анықтап алу қажет. Сондықтан неғұрлым кіші топ болса жұмыс та тиімді жүріп, сабаққа жақсы қатысып отырады. Себебі аз оқушы бар жерді тапсырма орындайтындар да аз және көп болғандағыдай бір біріне сеніп қалу деген болмайды. Жұптасып жұмыс істеу жөніндегі ерекшеліктері: Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарымқатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады. Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары топқа мүше болудың мәні туралы ойды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді бола білуге үйренуі тиіс, соның нәтижесінде олар басқа адамдарға қатысты өзара сыйластыққа және түсіністікке келеді. Тапсырмаларды орындау барысындағы бірлескен жұмыс оқушыларға жағдайды басқа адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді.
Неліктен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылда жұмыс істеу қажет? Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін,адамдардың жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген. Бірлескен оқудың мәні Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы білім алады. Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.
4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбықұрдастарымен қарымқатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.