Абдрахманова Ляззат Кенжегалиевна
Бастауыш сынып мұғалімі
Мұхит атындағы ОЖББМ
Қаратөбе ауданы, БҚО
ІІІ (негізгі) деңгей бойынша сертификатталған мұғалім
Баяндама
Тақырыбы: «Мектеп-мұғалім-ата-ана» ынтымақтастығы арқылы оқу-тәрбие үрдісін дамыту жолдары.
«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады».
Н.Ә.Назарбаев.
Ой санасы дамыған адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан-жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де , ата- ананы да әрқашан толғандырып келеді. Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата- аналар арасындағы ынтымақтастық қарым- қатынаста. Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата –ана. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алып өседі.
Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. Мектеп, мұғалім және ата-ана орны бөлек, себебі бала бір жақты тәрбие алу мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім.
Егер ата-аналар мұғалімдердің талаптарын жақсы түсініп, қолдап отырса, балаларының дұрыс тәрбиеленуіне ықпал етіп, сондай-ақ мектепке зор көмек көрсетеді.
Отбасы-саналықпен ынтымақтастықтың және болашақтың бастау алар негізі.
Ата-ананың қайсысы болса да, өз балалары қабілетті, тапқыр, талантты болып өссе, басқа балалардан оқ бойы озық болса деп армандайды. Дұрыс, ата-ананың өмірдегі басты мұраты - өзінің ізін жалғастыратын ұрпағының ерекше болуы, оның бақытты болуы. Бірақ, ең бастысы, балам жақсы Адам болса екен деп армандау керек. Ол ержеткенде адамдарға пайдалы болып, қоғамға зардап келтірмейтіндей болып өсуі қажет. Өзінің биік «Меніне» ешқашан да кір келтірмей, қайта оны жаңа білімдермен толықтырып, өмір тәжірибесін жетілдіріп, өзін үнемі байытып отыруы аса маңызды қасиеттер болып есептеледі.
Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Әр баланы рухани керемет күш иесі деп қарап, оның шетсіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақтылы көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұратын, мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін отбасын сүйетін, еңбекқор адал адам тәрбиелеп шығарамыз деп сенемін. Ондай бала басқаға жан жылуын жеткізе алады, барын ортаға с алады, өзін танытады, өзгені де бар күйінде мойындайды, кешірімді болады. Бала тәрбиелеуде ата-ананың ықпалы зор, барлық жасыл желектер күн көзіне қарап бой түзейді. Олар көлеңкені сүймейді. Артық бұтақтар мен арам шөптерді қырқып, отап отырсаңыздар еккендеріңіз түзу, алқабыңыз жайнап тұрары сөзсіз.
Бала да сол. Оған ақыл-кеңес, өнегелі әңгіме, мейірім керек. Олай болса, ағайын, бала тәрбиесі тек отбасында ата-аналық парымыз ғана емес, Отан алдындағы борышымыз екенін естен шығармайық!
Бүгінгі кештен алған әсерімізден әрқайсымыз өз ойымызбен түйін түйейік. Олай болса, кеш соңында мектепке жиі келіңіздер. Атақты педагог В. Сухомлинскийдің «Жанұя мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады» деген сөзін ұмытпаңыздар дегіміз келеді.
Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелейміз деп сіздерді сендіруге болады.
Осы тұрғыда мектебімізде, Қобда қазақ орта мектебінде, оқушы , ұстаз, ата- ана ынтымақтастығы жүйелі түрде жұмыс жасайды. Негізгі мақсатымыз әр баланың мектепте, мектептен тыс уақытын дұрыс пайдалануын қадағалау және тәрбие жұмысында , алуан түрлі бірлескен іс — шаралар барысында оқушы , ұстаз,ата- ана арасындағы берік ынтымақтастықты қалыптастыру. Осы мақсата жету барысында алдымызға атқарылуға тиіс негізгі іс шараларды міндеттедік.
Біріншіден, ата — аналдардың өзін-өзі басқару жұмысының қалыптасуын ұйымдастыру мен ұстаздық көмек көрсету.
-мектеп және отбасының біріккен тәрбиелік қызметін жоспарлау;
ата-аналарға педагогикалық рефлексияны қалыптастыруда, отбасында тәрбие технологиясын және әдістемесін таңдауда және қолдануда көмек көрсетeу.
Осы міндеттерді шешу барысында мектепте жоспарлы түрде ата-аналар апталығы, ата ана, ұстаз, оқушы атты айлықтар жүргізіледі. Ата аналар ұйымы ашық есік күндерінің кезекшілігін жасап, ата -аналардың мектеппен жүйелі түрде байланыс жасауына және мектеп оқушыларының материалдық-әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілуіне көмек беріп отырады.жетекшілер мен ата аналар тығыз байланыста болып,сынып сағаттар мен сыныптан тыс жұмыстарға белсене қатысуға ықпал жасайды. Мектепте жылма жыл «Ең үлгілі отбасы» байқауы өтіп отырады. Сонымен қатар ата –аналар апталығында «Ата- аналар белсенділігін қалай атқаруға болады?» тқырыбында дөңгелек үстел, «Мен ата -анаммен мақтанамын» тақырыбында альбомдар, буклеттер, ата аналар бұрышы, «Өз үйім -өлең төсегім» тақырыбында ұйымдастырылады. Мұндай іс- шаралар ата- анамен баланың арасын одан әрі жақындата түседі. Сынып жетекшілер мен мектеп психологтары ата аналармен жеке әңгімелер жүргізіп, баламен ата ана арасындағы қарым қатынасты анықтау барысында сауалнамалар алып, қорытындысы бойынша түзету жұмыстарын жүргізеді. Мектепте ата- аналар мен балаларды біріктіре отырып жұмыс жасау, түрлі шаралар өткізу, оқушылар мен ата -аналар арасында көзге көрінбейтін белгілі бір бәсекелестікті туғызады. Ата- ана мен балалар бір біріне түрткі болып, өзара біз неге мұндай шараларға қатыспасқа, біз неге көрінбейміз деген ой тудырады.Мұндай бәсекелестік ата ананың мектеппен байланысын арттыра түседі. Мұндай ата — аналар өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді. Мектепте мектеп өміріне белсене араласып, көпке үлгі болар ата аналар жылына екі рет І және ІІ жарты жылдықта марапатталып, арнайы құттықтауларға ие болады.
Бүгінгі күнгі педагогтардың, отбасы мен жұртшылықтың күш-жігерін үйлестіріп отыру – сынып жетекшісінің міндеті. Баланың алғашқы тәрбиешісі ата-ана десек, баланың көзқарасы және нанымы, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері отбасында қалыптасады. Ал бала тәрбиелеуде, оқытуда мектеп шешуші роль атқарады. Мемлекет балаларды тәрбиелеуде отбасыға мектеп арқылы көмектесіп, отбасылық тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылуына әсер етіп отырады. Яғни мектеп мемлекеттік мекеме есебінде жасөспірімдер мен жастарды дұрыс тәрбиелеуде отбасына жәрдемдесуге, ата-аналар арасында педагогикалық насихатты белсене жүргізуге міндетті. Мектеп пен отбасы бірлесіп күш-жігер жұмсамай отырып, жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына ат салысулары тиіс. Кемелденген ел жағдайында мектептің отбасы өміріне белсене араласудың үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен балалардың адамгершілік кемелдігін қамтамасыз ету үшін керек. Ендеше білім ордасының отбасымен және жұртшылықпен байланысы, негізінен, сынып жетекшілері арқылы жүзеге асады. Төменгі сыныптарда мұғалімдер ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен үнемі байланыста болады. Ата-аналармен кездескенді оларды мектептің талабымен таныстырып, оқушыларға әсер етудің формалары мен әдістері жөнінде келісіп алады. Олар көпшілікке педагогикалық білім таратып, ата-аналарға олардың жаңа адам тәрбиелеу жөніндегі өздерінің ізгі міндеттерін жақсы орындауына көмектеседі, барлық ата-аналардың өз балаларының қамқоршы ұстазы болуы үшін тырысады.. Бірақ кейбір ата-аналар өз отбасыларының аясынан шыға алмай, қоғамдық тәрбие талаптарына өзінің жеке бір ерекше бағытын, балалармен қарым-қатынастығы дара әдісін қарама-қарсы қояды. Кейбірі балаларын еркелетіп, шолжыңдандырып жібереді, барлық тілектерін орындауға тырысады, еңбектен қол үздіреді. Мұндай отбасыларда балалар тіпті жеңіл үй жұмысына да араласпайды. Бұл бірте-бірте оқу еңбегіне де теріс әсерін тигізеді. Нәтижесінде балалар нашар оқып, үйге берілген тапсырмаларды орындамайтын болады. Мұндай кемшіліктерді көрісімен сынып жетекшісі педагогикалық сипаттағы шаралар қолдану керек. Яғни балаларға сезімталдықпен қарау, олардың бастамаларын және дербестігін тұншықтырмау керек екенін ата-аналарға ескертіп отырған жөн. Кейде отбасы мен мектептің арасында келіспеушіліктер болып қалады. Бұл балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыру үрдісін қиындатады. Ал мектеп пен отбасының тығыз ынтымақтастығы талап пен тәрбиелік ықпалдың бірлігін қамтамасыз етеді. Бірақ отбасы бұрынғысынша тәрбиенің маңызды ұясы болып қала береді. Ал мектептің отбасымен ынтымақтастығы оқушыға беретін тәрбие жұмысы ең алдымен оқушыны, оның отбасы жағдайын зерттеуден басталады. Ол сынып жетекшісі тарапынан төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады. Зерттеу жұмысын жүргізе отырып сынып жетекшісі балалар тәрбиесін тиімді ұйымдастыруда ата-аналармен байланысады. Олар әр түрлі формада ұйымдастырылады. Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтасқан бірліктегі еңбектерінің бағыттары іс жүзінде іске асырылса, онда тәрбиелеу тиімді болады, тәрбие сағаттары, кәсіптік бағдар, экскурсиялар, сайыстар, олимпиадалар мақсатымызға жете түсуге негіздеме бола алады. Отбасы тәрбиесі. Ата-ананың баласына қалдыратын ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеу. Мектептің отбасы тәрбиесіне ықпалын арттыру үшін ата-аналарға мектеп есігін айқара ашып, балалармен өткізілетін әр түрлі тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтарға қатысуына мүмкіндік туғызуы қажет. Тіпті кейде ата-аналар арнай дайындықты талап ететін үйірмелерді басқаруға саяхаттар мен серуендерді ұйымдастыруға шақырылады. Оларға оқушылар тарапынан концерттер мен қойылымдар, көрмелер ұйымдастырылады. Мұғалімдер мен сынып жетекшілері қажет болғанда отбасына оқушы арқылы баласының сабақтағы үлгерім жетістіктері мен ұнамды әрекеттері жайлы хабарлап, хаттар жолдайды. Мектептің ата-аналармен жүргізілетін негізгі мақсаты: ата-аналар мектепті балаларының шын жүрегімен қабылдайтын үйі деп санап, өздері де мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету; ата-аналарды отбасында балаларымен өзара ынтымақты қарым-қатынаста болуға үйрету. Осындай мақсатпен мектептің әдістемелік бірлестігі отбасы тәрбиесі мәселелері бойынша ата – аналар семинарларын ұйымдастырады. Онда ата – аналар балалардың дамуға, есеюге, бостандыққа ұмтылуының табиғатын және баланың бойында рухани байлықты қалыптастырудың маңыздылығын, ол үшін қоршаған ортадан сүйіспеншілік сезімін, мейірімділік пен сыпайылықтың қажеттілігін біледі. Ата – аналар балаларымен ынтымақты қарым – қатынас нақтылы әдістерін үйренеді, отбасында пайда болған өзара түсініспеушіліктерге байланысты жеке дара кеңестер беру ұйымдастырылады.
1. Балаға дұрыс тәрбие беру-ата-ананың моральбық қана емес, заң жүзінде міндеті. 2. Бала тәрбиесі мәселесіінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс. 3. Бала бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін , оның үлгі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек. 4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата – анасы үлгі болуға тиіс «Отбасы мықты болса, Отан да мықты». Яғни өнегелі отбасының мәуелі жемісі – саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болары даусыз. Ендеше тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы екендігін әрбір тәрбиелі азамат өзінің өміріне талдау жасап, мол мәліметтер жинақтап байқайды. Ата-аналар мен мектептің бірден-бір мақсаты жан-жақты жетілген, үйлесімді дамыған, адамгершілігі мол парасатты, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. Баланы тәрбиелеуде әр ана-ана өздері білімді болуы керек. Ол үшін ата-ана мұғаліммен тығыз байланыста болып, түсінбегенін сұрап, пікірлесіп отыруы керек. Осындай жағдайда ғана балалардың жағдайын түсініп, олардың адами қасиетінің дамуына ықпал жасай аламыз деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |