Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым - қатынастың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу тәсілдерін меңгеру;
- Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек - кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты сүйікті ісін айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бірінші, екінші адамның айтқанын қайталап, сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса береді.
Талқылау: 1. Қай ойыншының есімі, сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталады?
2. Несімен жақсы сақталады деп ойлайсың?
3. Қай қатысушыны еске түсіру қиынға соқты?
4. Не үшін қиын болды деп ойлайсың?
5. Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы қалай әсер етті? Және т.б