Психологиялық тренингтер
Жоспары:
Психологиялық тренингтердің мақсаты мен міндеттері, мазмұны.
Тренинг жаттығуларын жоспарлау
Лагердегі тренингті ұйымдастыру үлгілері:
«Топтағы бірлікті нығайту» тренингі
Мақсаты: Ойынның көмегі арқылы топтағы қарым-қатынасты жақсартып, бірлікті нығайту.
Танысу «Менің атым»
Топ шеңбер бойымен тізіліп отырады. Таныстыру өзі қалаған оқушыдан басталып, сағат тілімен ары қарай жалғасады.
Таныстыру шарты төмендегідей:
Оқушылар сүйікті мульфильмдері мен ертегілерінің кейіпкерлері болып бір-бірімен танысады (ойлануға уақыт беріледі). Және де тренинг аяқталғанша сол есімдерімен бір-бірлерін атаулары қажет. Егер де ұмытып қалған болса, қайтадан сұрап алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |