«Топтағы бірлікті нығайту» тренингі Мақсаты: Ойынның көмегі арқылы топтағы қарым-қатынасты жақсартып, бірлікті нығайту. Танысу «Менің атым»



бет4/8
Дата21.05.2020
өлшемі91,73 Kb.
#70180
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
15.05.2020. ЖСЛ-2пар

2. «Туған күн» ойыны

Мақсаты: Оқушылар ортасында қарым - қатынастың кейбір жағымсыз формаларын көрсету, коммуникативті іскерліктерін қалыптастыру және т.б.


Ойынның алдында жүргізуші әр қайсысына билет береді. Онда өзін қалай ұстау керектігі жайында көрсетілген, яғни қатысушылар билетте жазылған рөлде ойнауы тиіс. Билет ойынның соңына дейін құпия сақталады, тек талқылау кезінде ғана кімге не істеу керектігін айтуға болады.

Билеттегі тапсырмалар:
1. Туған күн иесі - барлық қонақтарды әңгімеге тартуға тырысады.
2. Білгішсымақ - кез-келген әңгімеге араласуға тырысады.
3. Таласқыш - бәрімен ерегесіп, таласады.
4. Келісімге келтіруші - кикілжіңді басуға ұмтылады.
5. Бәріне және барлығына көңілі толмайтын адам.
6. Асаба - туған күн иесіне көмекші.
7. Қызық мінезді адам - кез-келген әңгімені басқа арнаға бұруға тырысады.
8. Әдепті адам тыйым салып отырады.
Ойыннан кейін талқылау жргізіледі. Туған күн кикілжіңмен аяқталуы да мүмкін. Бірақ бұл талқылау үшін жақсы, жасөспірімдердің мінез - құлқын байқауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет