36.Қызметтің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимі. . Арнаулы салық режимдері.
Мыналарға:
шағын бизнес субъектілеріне;
шаруа (фермер) кожалықтарына;
ауыл шаруашылық өнімдерін ендіруші заңды түлғаларға; кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне қатысты арнаулы салық
режимдері көзделеді.
Біржолғы талон - арнаулы салық режимін қолдану қүқығын
куәланды-ратын және тәлем көзінен үсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын қүжат.
Патент - арнаулы салық режимін қолдану қүқығьн куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленген фактісін растайтын құжат. Белгілі бір арнаулы салық режимін қолдануға арналған патент ныса-нын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.Патент жоғалған немесе бүлінген жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша дубликат беріледі. Салық төлеуші бүлінген патентті салық органына тапсыруға тиіс.Берілген патенттерді тіркеуді салық органдары патенттерді тіркеу (беру) журналында жүргізеді.Тіркеу журналдарының нысандарын және оларды толтыру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, біржолғы талон және патент бланкілері катаң есептілік бланкілері болып табылады және акша алынбай беріледі.Оларды баска адамдарға беруге тыйым салынады.Арнайы салық режимдері, салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған кұрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша түрақты жүмыс орындары жабдықталған аумактык оқшауланған бөлімше танылады.Егep жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге қүрылса ол түрақты болып есептеледі.Арнаулы салық режиімдерін қолдану ерекшеліктері.1. Ауыл шаруашылык өнімдерін өндіруші шаруа (фермер) кожалықтары мен заңды түлғалар бюджетпен есеп айырысуды шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде жүзеге асыра алады.
2. Базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша ба- зарлар аумағындағы киоскілерде түракты үй-жайларда (түрақты үлгі болімдерде) өткізуді қоспағанда) бюджетпен есеп айырысу біржолғы
галон негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша ғана жүргізіледі.