41.Компанияларға салық салу жүйесіне тәуекелдердің әсері. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушінің тәуекелдерін бағалау жүйесі енгізілді, бұл мемлекет компаниялармен жұмыс істеу кезінде туындауы мүмкін проблемаларды болдырмауға арналған. Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 137-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Енді жосықсыз салық төлеушілерге бақылауды күшейту мақсатында ақпаратты пайдалана отырып, контрагентті салық басқармасы арқылы тексеру жүргізілуде. Бұрын салық салудың барлық субъектілері бірдей бақыланатын. Жаңа жүйемен тәуекелі жоғары компаниялар орташа немесе төмен тәуекел санатына өткенше салық органдарының бақылауында болады.Компаниялар тәуекел дәрежесін алатын кейбір критерийлер мемлекет алдындағы салық міндеттемелерін орындамау мәселелерінде ғана маңызды. Басқалары анағұрлым жалпы болып табылады және контрагент деректерін талдау кезінде тәуекел менеджерлерімен жиі қарастырылады. Банктердегі несие менеджерлері де осы көрсеткіштерді ескереді.
42.Халықаралық кәсіпкерлік қызметтегі салықтарды оңтайландыру-кәсіпкерлік тәуекелдерін төмендету әдісі ретінде Қазақстан Республикасында салықтар мен төлемдерді қадағалау, сонымен қатар нақты шегерімдер салық кодексіне сәйкес анықталып іске асырылады. Себебі бұл тікелей мемлекеттің саяси және кез-келген экономикалық қызметтерін қаржыландыруына бағытталған негізгі бағыты болып саналады. Мақаланың мақсаты – ҚР салық кодексінде жазылған нормативтер, төлем бойынша бекітілген пайыздар, ережелер мен жеңілдіктерді пайдала отырып, салықтық оңтайландыру бағыты бойынша ұсыныстар жасау болып табылады. Әртараптандыруға қарамастан, салық жүйесі екі бөлікке бөлініп, іс жүзінде жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлер мен кәсіпорындар тарапынан «салықтық оңтайландыру» мен «салықтық төлемдерден жалтару» ұғымдарын шатастырып жататындығы белгілі. Өйткені, салық төлеушілер мен мемлекеттің мақсатты сәйкес келмейді. Салық төлеуші мақсаты – барынша салықтық төлемдерді азайту мен кәсіпкерлік қызметтен алынатын табысын көбейту. Бірақ мемлекеттіктің мақсаты – бюджетке салықтық түсімдерді арттыру мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру болып табылады. Яғни, мемлекеттің дамуы мен халыққа әлеуметтік көмек көрсету. Сонымен қатар шағын және орта бизнестің дамуы мен нарықта тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету. Салықтық төлемдерді оңтайландыру мен салықтық жүйені сауатты жүргізу негізінде орынсыз шығындар мен айыппұлдарды азайтуға болады. Салықты оңтайландыру – бұл кәсіпорынды қаржылық еркіндік деңгейіне шығаратын әрекет. Осы деңгейге жақындау мақсатында мақалада салық саясатының оңтайландырылған моделі және салықтарды азайтудың негізгі тәсілдері көрсетілген. Бұл бюджетке төленетін са лықтық төлемдердің тиімді тетігін іске асыру мен заңнамалық схема бойынша жұмыс жасауға әсерін тигізеді. Салықтық оңтайландыру әдістерін пайдалану арқылы мемлекеттің әлеуметтік жағдайы мен елімізде кәсіпкерлікті де арттыру мүмкіндігі туады.