Топтар эф-19-5к2,эф-19-5к3,эф-19-5к4,эф-19-5тк 1 деңгей Нақтылау сапасындағы салықтың функциялары және олардың мәндері


Стратегиялық және тактикалық салық менеджменті және олардың сипаттары



бет28/71
Дата13.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#168555
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71
Байланысты:
СМ ответы

2.Стратегиялық және тактикалық салық менеджменті және олардың сипаттары
3.Салық менеджменті басқару жүйесі ретінде және салық менеджментінің буындары
Салық менеджменті салықтарды басқару құралы ретіндегі және оның функционалды арналымын сипаттаушы құрлымдық элементтері
Салық менеджменті- бұл макро- және микродеңгейлерде салық түсімдері мен салықтық шығындарды басқару саласында шешімдер қабылдаудың ғылыми негізделген нарықтық нысандары мен әдістері арқылы салық ағымдарын басқарудың мемлекеттік және корпоративтік басқару жүйесі.Салық төлеушілерден мемлекет пайдасына ақша ағымдарын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға байланысты туындайтын қатынастар жүйесі салық менеджментінің зерттеу объектісі болып табылады.Салық менеджментінің зерттеу пәні- салық заңдылығымен реттелетін міндетті, қайтарымсыз және эквивалентсіз төлемдерге сәйкесті қаржы қатынастарының, қаржы ресурстарының және қаржы ағымдарының бөлігін басқарудың мазмұнын құрайтын процесстер.
Салық менеджментінің мәнін сипаттай келе оның келесі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:
- басқару процесінің күрделілігі, еңбекті көп қажетсінетіндігі және көп сатылылығы;
- мазмұнының, мақсаттық белгіленімдерінің, ұйымдастыру шарттарының сыйымдылығы;
- басқару объектісінің күрделілігімен анықталатын, басқарудың бірқатар функцияларын жүзеге асыруға бағытталатын салық менеджментінің көпмәнділігі;
- салық менеджментінің жан-жақтылығын, көп деңгейлігін және көп ауқымдылығын анықтайтын салық қатынастарының ішкі құрылымының (қатысушылар, элементтер, ережелер, рәсімдер) өзгешелігі;
- белгілі бір экономикалық және әлеуметтік нәтижелерге жетуге бағытталған мақсаттар қойылу мен шаралардың анықталу қажеттілігі, салықтар мен салық салуға әсер етудің нысаналылығы.
Сонымен, салық менеджменті- бұл салық қатынастары саласында мемлекет пен кәсіпорындардың тиімді басқару шешімдерін қабылдау теориясы мен практикасы, ғылыми бағытта, практикалық қызмет сферасыда болып табылады.
4.Мемлекеттік салықтық басқару мемлекеттік билік органдарының салық ағымдарының шеңберінде белгіленген процедуралары
Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат.Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.Салық салу элементтері мыналар: Субъект, объект, салық көзі, салық мөлшерлемесі, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеуші мен салық органдарының құқықтары мен міндеттері, салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет