18.Макродеңгейдегі салық процесінің түсінігі және мазмұны
Салықтық менеджменттің мақсаты мен тиімділігі, салық ағындарының қозғалысы макро және микро деңгейде салық процесін ұйымдастыру мен жұмыс істеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Макроэкономикалық деңгейде салық салу құрылымы салықтық құқық, салық салу, салық саясаты, салықтық жүйе және салық механизмін қамтиды.
19.Салық салуды деңгейлері мен объектілері бойынша салық жүктемесінің тең дәрежеде бөлінуі
Салық алынатын объектілер мыналар:
- табыстар: жалақы, процент, рента, пайда.
- шығыстар: алынатын тауарлар мен қызметтер бағасы арқылы.
- мүлік /үй, жер, көлік, ұшақ, жылжымайтын мүлік, қымбат сурет/. Қазіргі қоғам, үкімет салықсыз өмір сүре алмайды. Салық мемлекетке өзінің экономикалық қызметін жүзеге асыру үшін қажет.
Қазіргі уақыттағы салықтардың түрлері:
1. Қазба байлықтар мемлекеттің меншігі, сондықтан қазба байлық пайдаланушылар мемлекетке табысынан салық төлеуге тиіс. \Бонус роялти/.
2. Әр фирма, юристік тұлға табысынан белгілі пайызын, салық ретінде мемлекетке төлейді.
3. Табыс салығы – барлық жұмыс істейтін, адамның табысынан \10 пайызы/ мөлшерде ұсталатын төлем.
4. Мүлікке, жерге салынатын салық.
5. Акциз – сұранысы жоғары тауарларды өндірушілерге және тұтынушыларға салынатын салық \темекі, спирттік ішімдіктер, бензин/.
6. Қосымша құнға салынатын салық – бұл сатушы төлейтін төлем, тауарлардың қосымша құнынан белгілі процент мөлшері.
7. Кеден салықтары.
8. Көлік салығы
9. Мүлік салығы.
10. Экспорт, импорт салығы.
20.Жиынтық салық жүктемесінің оңтайлығы.
21.Басқару субъекітілерінің салық процесі мен салық қатынастары қызметіндегі нәтижелік және тиімділік
22.Мемлекеттік салықтық менеджменттің механизмдері
Салық менеджменті (қаржы менеджменті секілді) бастапқыда шаруашылық жүргізу тәжірибесінде арнайы басқару қызметінің түрі ретінде пайда болды. Басқару- жүйенің қойған мақсаттарына жетуге ғана емес, кез-келген жүйенің толықтығына, оның тиімді қызмет етуіне бағытталған кәсіби қызмет түрі. Салық менеджментін басқарудың жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыра отырып, келесі анықтама беруге болады: Салық менеджменті- бұл макро- және микродеңгейлерде салық түсімдері мен салықтық шығындарды басқару саласында шешімдер қабылдаудың ғылыми негізделген нарықтық нысандары мен әдістері арқылы салық ағымдарын басқарудың мемлекеттік және корпоративтік басқару жүйесі.Салық төлеушілерден мемлекет пайдасына ақша ағымдарын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға байланысты туындайтын қатынастар жүйесі салық менеджментінің зерттеу объектісі болып табылады.Салық менеджментінің зерттеу пәні- салық заңдылығымен реттелетін міндетті, қайтарымсыз және эквивалентсіз төлемдерге сәйкесті қаржы қатынастарының, қаржы ресурстарының және қаржы ағымдарының бөлігін басқарудың мазмұнын құрайтын процесстер.Қаржы ғылымы шектеулі қаржы ресурстарын басқару, бөлу және пайдаланудың ең тиімді тәсілдерін зерттейді, ал қаржы менеджменті тиісті басқару шараларын жүзеге асыруға бағытталады. Сондықтан «салық менеджменті» түсінігіне қаржыны басқарудың салықтық аспектісін кәсіпорын қаржылары, сондай-ақ мемлекеттік қаржылар деңгейінде де енгізу керек, себебі салық менеджменті пәні қаржы менеджментінің мамандандырылған бөлігі болып табылады.
Салық менеджментінің мәнін сипаттай келе оның келесі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:
- басқару процесінің күрделілігі, еңбекті көп қажетсінетіндігі және көп сатылылығы;
- мазмұнының, мақсаттық белгіленімдерінің, ұйымдастыру шарттарының сыйымдылығы;
- басқару объектісінің күрделілігімен анықталатын, басқарудың бірқатар функцияларын жүзеге асыруға бағытталатын салық менеджментінің көпмәнділігі;
- салық менеджментінің жан-жақтылығын, көп деңгейлігін және көп ауқымдылығын анықтайтын салық қатынастарының ішкі құрылымының (қатысушылар, элементтер, ережелер, рәсімдер) өзгешелігі;
- белгілі бір экономикалық және әлеуметтік нәтижелерге жетуге бағытталған мақсаттар қойылу мен шаралардың анықталу қажеттілігі, салықтар мен салық салуға әсер етудің нысаналылығы.
Сонымен, салық менеджменті- бұл салық қатынастары саласында мемлекет пен кәсіпорындардың тиімді басқару шешімдерін қабылдау теориясы мен практикасы, ғылыми бағытта, практикалық қызмет сферасыда болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |