14.Мемлекеттік салықтық жоспарлау кезеңдері. Салықтық жоспарлау – мемлекет және басқарудың шаруашылық субъектілерінің деңгейінде жоспарлаудың құрамдас бөлігі. Мемлекеттік салықтық жоспарлау – бюджеттің кіріс баптарының жалпы құрылымын дайындау бойынша басқарудың атқарушы органдарының іс-әрекетінің жиынтығы, болашаққа және ағымдағы жылды есептей отырып, бюджетке салық түсімдерді бағалау. Корпорациялық салықтық жоспарлау – мекеменің бюджетке төленетін салықтық төлемдерді азайту мақсатында салық заңдарын барынша тиімді пайдалануға бағытталған нысаналы мақсаттағы қызметі.Салық есебі – ҚР Салық кодексіне сәйкес таңдалған табыстар мен шығындарды анықтау әдістерінің, оларды тану, бағалау мен бөлудің, сондай-ақ салық салу мақсаты үшін басқа да қажетті салық төлеушінің қаржы-шаруашылық қызметі көрсеткіштерінің есебінің жиынтығы. «Салықтық жоспарлаудың мәні – бұл салық төлеуші өзінің салықтық міндеттерін барынша азайту үшін заңмен рұқсат етілетін барлық әдістер мен тәсілдерді қолдану болып табылады».
15.Қазақстан Республикасындағы салықтық әкімшіліктендіру Салықтық әкімшіліктендіру - салық қызметі органдарының салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылау.Басты міндеті салықтан жалтаруға тосқауыл жасау, мемлекеттің табыс - бөлігіне түсетін кірістерді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою.
Салықтық әкімшіліктендірудің басты мақсаттары келесілер болып табылады:
салық түсімдерін жоспарлау және болжау;талдауға алынатын нақты кезеңдер аралығында салық түсімдері көлеміндегі ауытку факторларының себептері мен салдарын анықтау;
• салыктан жалтару фактілерін болдырмау;
салык салу обьектісі бар тұлғаларды салық қызметі органдарына тіркеуге алу;
ҚР Үкіметі белгілеген тәртіпке сай ірі салық төлеушілерге мониторинг ұйымдастыру және жүргізу;
салық тексеруін ұйымдастыру және жүргізу;
салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзге өкілетті мемлекеттік огандарға бақылау ұйымдастыру