Топтық жаттығулар жүргізу үшін Әдістемелік әзірлеме



бет2/2
Дата23.08.2017
өлшемі0,51 Mb.
#25315
1   2

Сібір жарасы


Жедел инфекциялық зооноздық сипаттағы токсикалық-септикалық ауру.

Оның таяқшалары 30 минут бойы қайнатқанның өзінде де тіршілік қабілетін жоғалтпайды. 5% ерітіндіде олар 40 тәулікке дейін өлмейді. Хлорлық әктің 10% ерітіндісінде 1 сағатқа дейін сақталады. Су мен топырақта жылдап сақталады.

Инкубациялық кезең орташа 1-3 тәуліктерге созылады, кейде олар 6-7 күнге дейін созылуы мүмкін.

Сібір жарасының үш түрі бар:



  1. Тері; 2) өкпе; 3) ішек.

Тері формасы салыстырмалы түрде жеңіл өтеді.

Әр формадағы өлімге душар ету жағдайы 15% құрайды, өкпе және ішек түрлерінде 80-100% дейін жетеді.

Зақымдалған тері қабығы, тыныс алу жолдары мен ауыз арқылы зақымдануға болады.

Сібір жарасының зақымданған адамнан жан-жағындаларға таралу жағдайы тіркелген емес.



Ботулизм
Ботулиникалық микробтардан туындайтын ауыр түрдегі азық-түлікпен улану формаларының бірі.

Оның қоздырғышы – азық-түліктің (шұжық, балық, түрлі консервалар) ішінде жақсы көбеетін таяқша. Оның таяқшалары 1-6 сағат бойына қайнатқан жағдайда да сақталып қалады, формалиннің 20% ерітіндісі; фенолдің 5% ерітіндісі таяқшаларды 24 сағаттан соң ғана жоя алады.

Инкубациялық кезең - 2-24 сағат, 2-3 тәулікке дейін созылады. Ауру жұқтырған соң адам әлсізденіп, тамаққа тәбетін жоғалтады, құсып, ішек ауруы байқалады. Көру қабілеті әлсізденеді (көз алды тұманданып, жарыққа ракциясы нашарлайды, көз алмалары қозғалыссыз болады). Одан соң сөйлеу қабілеті бұзылады, бұлшық еттері әлсірейді, тыныс алу мүшелерінің мешелдігінен адам ақыл- есін біле тұра өледі. Өлім жағдайы 60-85%.
Туляремия
Лимфатикалық түйіннің зақымдануына тән жалпы инфекциялық ауру. Қоздырушысы – ұсақ коккобактерия, ол ұзақ уақыт бойына (90 және одан да артық тәуліктер бойына) суда сақталады, құрғақ топырақта (25ºС температурада 2,5 ай бойына дейін сақталады. Салқын жыл мезгілдеріндегі төмен температураларға төзімді болады. Азық-түлік өнімдерінде он күнге дейін сақталады, ал мұздатылған тағамдарда 6 ай және одан да ұзақ уақытқа сақталады. Жоғары температуралар мен дизенфекциялаушы заттар әсерімен тулиремия қоздырғышы тез өледі.

Инкубациялық кезең -3-6 тәулік, бірақ ол екі немес одан да көп сағаттарға дейін созылуы мүмкін.

Тез басталып, дене қызуы 38-39º дейін көтеріледі; бас аурып, түнде тершеңденеді, көз бен беті қызарады, қабақ үсті ісініп, қызарады.
Риккетсия
Риккетсилдермен (клеткаішілік паразиттермен) туындайтын инфекциялық ауру. Ерекшелік белгілері – табиғи жағдайларда аурулардан қан сорғыш паразиттердің (бүрге, кене, тістеуіктердің) тасымалдауымен сау адамдарға таралады.

Эпидемиялық бөрітпе сүзек
Жедел инфекциялық ауру, қан тамырлары жүйесінің зақымдалуы салдарынан (дене қызуы, бас аурулары, бөрітпе, жүрек-қан ауытқулары, орталық нерв жүйесінің зақымдалуы) туындайды.

Провачек риккетсиясы адам терісінде 24 сағаттан 4 тәулікке дейін сақталады. - 20 - 60º С температурада бұл таяқшалар тіршілік қабілеті 8 айға дейін сақталады. Құрғақ мұз температурасында - 76 ºС – жыл бойына; су құбырларындағы суда тәуліктен артық сақталады. Спирт пен эфирде 30 минуттан соң өледі, 3-5% фенол мен формалинде бірнеше минуттан соң өледі, 56º С температурада 30 минут бойына төзімділігін жоғалтпайды.

Инкубациялық кезең бит арқылы жұқтырған жағдайда орташа есеппен 10-14 тәулікке дейін сақталады, кейде 23 күнге дейін, кей жағдайда 5 тәулікке дейін созылады. Ауа арқылы жұқтырған жағдайда инкубациялық кезең қысқарады.

Антибиотиктермен: биомицинмен, левомицитинмен, синтомицинмен емделеді.

Қазіргі кезде әлемдегі ешбір ел террорлық әрекеттер қаупінен қорғалмаған. Сондықтан биологиялық терроризм проблемасы бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы көкейкесті проблемалардың қатарына еніп отыр. БҰҰ Бас ассамблеясының 26 сессиясында (1972ж.) «Бактериологиялық, токсиндік қарудың қорын дайындау, өндіру және жинауға тыйым салу тұжырымдамасын» қабылдап, бұл тұжырымдама 1975 жылы күшіне енді. Өкінішке орай конвенцияның негізгі ережелерінің сақталуына бақылау жүргізудің қолданыстағы механизмі әлі күнге дейін жоқ. Сол себепті қазіргі кезде әлемнің көпшілік елдерінде ӘҚ елеулі қорымен қатар террорлық ұйымдары да бар. Биологиялық террорлық әрекеттері жүзеге асыру кезеңіндегі негізгі тәсілдердің бірі диверсиялық тәсіл, яғни қоршаған ортаны, шектеулі ауа көлемдерін, суды, азық-түлік өнімдерін қасақаны бүлдіру, сонымен қатар, биотехнологиялық өнеркәсіп пен микробиологиялық зертханаларда қасақана жарылыс, авариялар ұйымдастыру болып саналады.

Аз көлемді диверсиялық қарудың (аэрозолдардың портативтік генераторларының, шаң-тозаң тарату пеналдарының және т.б.) көмегімен адамдар көп жиналған орындарда ауаны, қала халқының ауыз су құбырларында суды ластайды. Мұндай кенеттен туындау себептері түсініксіз эпидемиялық аурулар, халықтың үрей-қорқынышын, шиеленіске жағдайлар туындатады.



БРӘ объектілері:

- жеке тұлға (қоғамдық, мемлекеттік қызметкер, бизнесмен және т.б.);

- террористтердің ойы бойынша олардың әр қайсысы бір уақытта ӘҚ әсерімен зақымдалуы тиіс 50-100 көп емес адамнан тұратын нақты тұлғалар топтары;

- 100 адамнан артық кездейсоқ (шектеусіз) топ болуы мүмкін.



БҚЗ инфекцияларды ауа-тамшылары жолымен тарату арқылы аса жоғары зақымдауға қол жеткізуге болатындықтан, БҚЗ шектеулі кеңістіктерде тарату көбірек қолданылады.

Инфекцияларды тасымалдаудың басқаша механизмі ауыз қуысы арқылыфекальді. Тасымалдау құралдары ретінде азық-түлік пен суды қолдана отырып, БҚЗ аз көлемін шығындай отырып көп адамды улауға болады. Ауыз судың 20 млн. литрін улау үшін судың әрбір 20 мл ботулиникалық токсиннің өлімге душар ететін – 1 мкг. болуы тиіс, бұл кезде А типті токсиннің не бары 240 гр ғана қажет.

Тасымалдаудың тағы бір механизмі – трансмиссиялық тәсіл, яғни бір аумаққа шашып жіберу.

Бұдан төменде биологиялық террористік әрекеттің жүргізілуі бойынша аса қауіпті аумақтардың тізімі келтіріледі:

1. бөлме – көлемі 400 м3 дейінгі шектеулі, аз желдетілетін орын.

2. Зал – көлемі 400 м3 артық орын.

3. ғимаратзалдан көлденең ауа бағытының өту жолдарының болуымен және жеке бөлмелердің герметизациялану мүмкіншілігімен ерекшеленеді.

4. Тоннель.

5. Метро – залдар мен тоннельдердің біртұтастығы.

6. Ландшафттық науашектері науаны еске түсіретін кеңістік, шектеріндегі ауа алмасу қиын болғандықтан БҚЗ улану концентрациясының сақталуына жағдай жасалынады.

7. Бірліктік көлік құралы – автомобиль, автобус, өзен кемесі және т.б.

Бірінші оқу сұрағын қарастырған соң жетекші оның игерілуін оқытушыларға келесі сұрақтарды қоя отырып, тексереді:

1. Ядролық зақымдану ошағының ерекшеліктері қандай?

2. Химиялық қаруға сипаттама беріңіз.

3.Ықтимал биологиялық қарулардың қолданылу белгілерін атаңыз.

ЗАҚЫМДАНУ ОШАҚТАРЫНДА ҚҰТҚАРУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАУЫРТ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Заманауи зақымдау құралдары қолданылған ошақтарда құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізудің бірнеше қатар ерекшеліктері бар. Олар бір-бірінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізілетін жұмыстар түрлеріне қарай ерекшеленеді. Жетекші оқытылатындарға ҚБҚЖ жүргізу кезіндегі басты рольді АҚ құралымдарының атқаратынын ескерген жөн. Олардың негізгі міндеттері адамдар мен материалдық құндылықтарды сақтау болып табылады. АҚ құрылымдары әрекеттерінің сипаты мен тәртібі бұл міндеттерді орындау кезінде ЗЗҚ түріне, қалыптасқан жағдайға, күштер мен құралдардың саны мен дайындық деңгейіне, жыл мезгілі мен тәулік уақытына, ауа-райы жағдайы мен басқа да факторларға байланысты болады. Көп жағдайда ҚБҚЖ жүргізу кезіндегі жетістіктер жетекші құрамның шеберлігіне байланысты болады. ҚБҚЖ жүргізу кезінде тиімді жетекшілік ету үшін бұл жұмыстардың сипаты мен көлемі, ШО аумақтарындағы күштер мен құралдарды дұрыс қолдануына қарай объектінің ерекшеліктері, жобасы мен құрылыстарының сипаттары, қорғаныс имараттары, сонымен қатар көлік магистральдары ескеріле отырып анықталады. Өткізілген тақырыптың игерілгендігін тексеру мақсатында жетекші келесі сұрақтарды қояды:

1. ҚБҚЖ жүргізудің мақсаттары қандай? (күтілетін жауап: адамдарды құтқару және зардап шеккендерге көмек көрсету; құтқару жұмыстарын жүргізуге кедергі жасайтын аварияларды және зақымдануларды жою, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жағдай жасау)

2. Құтқару жұмыстарының мазмұны қандай? (күтілетін жауап: АҚҚ қозғалыс бағытына және жұмыс учаскелеріне барлау жүргізу; жұмыстардың жүргізілу аумақтарында және оларға жақындау аумақтарындағы өрттерді жою және сөндіру; зақымдалғандарды іздеу және оларды қираған, от құшағына оранған, газданған үй мен ғимарттардан шығарып алу және құтқару, қираған, үйіндіге айналған ғимараттарды аршып алу және онда қалған адамдарды құтқару, сонымен қатар қираған қорғаныс имараттарына ауа беру, уланған және жарақат алған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне эвакуациялау, халықты қауіпті аумақтардан (қатты уланған немесе су алып кеткен аудандардан) қауіпсіз (азырақ зақымдалған) аумақтарға немесе таза аумақтарға аулаққа апару, адамдарды және олардың киімдерін, аумақты және құрылыстар мен техниканы санитарлық залалсыздандыру)

3. Құтқару жұмыстарын жүргізудің мазмұны қалай? (күтілетін жауап тізбектік жолдарды құру және өту жолындағы, зақымдану учаскелеріндегі кедергілерді алу; газ, энергетикалық, және басқа да желілердегі аварияларды жою, адамдарға қауіп төндіретін, құтқару жұмыстарын жүргізу аумақтарына кедергі келтіретін ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын нығайту немесе құлату, зақымдалған қорғаныс имараттарын қалпына келтіру және жөндеу)



Ядролық зақымдану ошағында келесі құтқару және басқа да қауырт жұмыстардың келесі түрлері көп орындалады:

- уақытша өткелдерді жабдықтау;

- құлаған жасырыну имараттарын ашу және оларға ауаның өтуін қамтамасыз ету;

- адамдарды қираған немесе бір бөліктері құлаған ғимараттар мен құрылыстардан құтқару;

- жұмыстар жүргізілетін аумақтардағы өрттерді жою және сөндіру;

- ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын нығайту немесе құлату;

- тіршілік қамтамсыз ету объектілеріндегі аварияларды жою.

Өткелдер құрамалар мен техниканың кедергісіз жұмыстардың жүргізілетін аумақтарына өтуі және қажетті маневрлер жасауын, сонымен қатар ол аумақтардан зардап шеккен адамдарды эвакуациялауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Өткелдерді жабдықтау кезіндегі негізгі жұмыстар көшелердегі 0,5 метрге дейінгі үйінділерді аршу немесе жер берімен тегістеу, өту жолында кедергі келтіріп тұрған металл және темір – бетон констукцияларды бөлшектеу немесе алып тастау, сонымен қатар жалаңаштанған арматураларды кесу және жою.

Құрылымдардың жұмыстарды жүргізу аумақтарына жету жолдарын инженерлік барлау арқылы анықтайды. Бұл жолдар шама-шарқынша қысқа болуы тиіс, дегенмен барлық жағдайда да құлаған көшелер мен жолдарды тазалайды.

Өтулер магистральды және жанама болуы мүмкін. Магистральды өтулер күштерді зақымдану ошағында жұмыстарды жүргізуге, сонымен қатар сол аумақтардан адамдарды эвакуациялауға жету үшін арналған. Жанама өтулер жұмыс жүргізілетін аумақтарға тікелей өтуі үшін арналады.

Қираған қорғаныс құрылыстарын аршу немесе қазып алу бойынша жұмыстардың құрамына кіру жолдарын қалпына келтіру және жұмыс алаңдарын дайындау, кіру жолдарындағы үйінділерді аршу, қорғаныс имаратының авариялық шығу жолдарының немесе қабырғаларын аршу, қабырғада ойық жасау, есікті ашу немесе есікте ойық жасау. Қорғаныс имараттарын аршу бойынша жұмыстар басталмас бұрын оған ауаның өтуін қамтамасыз ету керек. Аршу бойынша жұмыс ең алдымен авариялық және қосалқы шығу жолдарын үйінділерден тазартудан басталады.

Қираған жасырыну имараттарында қосалқы шығу жолдары болмаған жағдайда шығу жолдары немесе басқа да сыртқа шығуға ыңғайлы жерлерді аршу, сыртқы қабырғалардан сыртқа шығатын ойықтар жасау жұмыстары жүргізіледі.

Жасырыну имараттарының қабырғалардағы ойықтар арқылы компрессорлар, желдеткіштердің көмегімен және басқа да тәсілдер арқылы ауа беріледі.

Қираған үйінділер астынан адамдарды құтқару қысқа уақыттар ішінде қолмен немесе аз механизация құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі. Зардап шеккендерді жоғарғы қабаттардан құтқару кезінде уақытша басқыштар, траптар және басқа да төменге түсуге ыңғайлы қондырғыларды қолданады. Аса көп қолданылатын жұмыс түрлері:

- ғимараттардың қабырғалары мен қалқаларды зардап шеккендерді шығару үшін жабдықтау;

- үсті мен қапталдарындағы үйінділерді зардап шеккендерді алып шығу үшін ыңғайлы етіп шығару;

- үйінді элементтерін бекіту арқылы жіңішке өту жолын жасау.

Өрттерді сөндіру бойынша жұмыстар ең алдымен өрттердің күштер мен құралдардың жұмыстарды жүргізу аумақтарына енуіне кедергі келтіретін аумақтарда жүргізіледі.

Үйінділердегі өрттерді сөндіру келесі тәсілдер арқылы жүргізілуі мүмкін: су құю, жанып жатқан құрылыстарды бөлшектеу және жану ошақтарын құм, топырақ, шлак және ұсақ бөлшекті қалдықтарды, сынықтарды тастау арқылы сөндіру. Өрттерді сөндіру кезіндегі жұмыстардың аса көп көлемі – қала ғимараттары мен имараттарының орта және аз қираған аумақтарында жүргізіледі.

Ядролық зақымдану ошағында қираған ғимараттардың элементі (қабырғалар, жабындықтар, тізбектер және т.б.) әлі құламаған, бірақ олардың жағдайы кез-келген уақытта бір заттардың әсерімен құлауы мүмкін болған. Сол себепті құтқару жұмыстарын бастамас бұрын ғимарат пен имараттардың жағдайларын мұқият қарап шығып, адамдарға қауіп төндіретін қабырғаларды, жабындықтарды құлату және нығайту арқылы қауіптерді жою іс-шараларын қабылдау керек.

Қабырғаларды (констукцияларды) қирату тростардың көмегімен жүргізіледі, бұл тростардың бір шеті қабырғаға (конструкцияларға) бекітіліп, екінші шеті тракторға, автокөліктер мен жүк көтергіштік шамасы 1 тоннадан кем емес шығырларға бекітіледі. Тростың ұзындығы қабырғаның екі биіктігінен кем болмауы тиіс.

Қабырғаны бекіту олардың құлауы жер төле бөлмелеріндегі және ғимараттардың тереңдетілген бөліктеріндегі, сонымен қатар көрші орналасқан ғимараттар мен құрылыстардағы жасырынушыларға және материалдық құндылықтарға қауіп төндіретін жағдайда жасалады. Қабырғаларды бекіту үшін бұрышқа 45-60 градуста көлденең оналастырылатын тіреулер, сондай-ақ бір жақты кермелер қолданылады.

Тіршілік қамтамасыз ету объектілеріндегі аварияны жоюдағы міндеттердің негізі жасырынушылар жиналған жертөлелер мен жасырыну имараттарының суға кетуі және газдануының алдын алу, сонымен қатар құтқару жұмыстарын табысты орындау үшін кедергі жасауы мүмкін себептерді жою болып табылады.

Келесі іс-шаралар жүргізілуі мүмкін:

- су құбырлары желісінде - желілердің бұзылған немесе зақымдалған бөліктерін тартпалардың көмегімен қираған бөліктерге жақын жердегі құдықтардан сөндіру, артезиандық скважиналар мен насостық стнацияларды жөндеу және қалпына келтіру; су жабдықтау пункттерін ұйымдастыру және жабдықтау; зақымдану ошағына су беру үшін уақытша насос станцияларын сақталып қалған және уақытша желілер бойынша құру; орындарға жиналған суды суға кету қаупін жою үшін сорғылау;

- канализациялық желілерде –адамдар бар және жасарыну имараттарындағы жұмыстарды жүргізуге кедергі келтіретін ағындық суларды бұру және сорғылау; арналық сулардың жер бетіне шығу орнын да сол мақсатпен төсеу;

- электрлік желілердебарлық құлаған имараттардың желілерін токтан ажырату; қажет жағдайда елеусіз зақым алған электрлік қуаттандыру көздерін қалпына келтіру; қажет жағдайда уақытша электрлік желілерді төсеу;

- газбен және жылумен қамтамасыз ету желілерінде - бұзылған және қираған бөліктерді қажет жерлерде крандарды, тартпаларды, бұрандаларды жабу арқылы сөндіру; адамдарға қауіп төндіруші авариялардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізу.

Химиялық зақымдану ошағында келесі іс-шаралар жүргізіледі:

- зақымдану ошағын химиялық және медициналық барлау;

- ҚЗ зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне эвакуациялау;

- адамдарды санитарлық өңдеу және олардың киімдерін залалсыздандыру;

-ғимараттарды, жерді, техниканы дегазациялау.



Химиялық барлау зақымдану ошағының шектері мен оларды айналып өту жолдарын анықтап, белгілейді, жердің, ауаның және су көздерінің улану деңгейі мен сипатын белгілейді, ҚЗ аз концентрациясы бар бағыттар мен учаскелерді зақымдалған адамдарды шығару мен эвакуациялау үшін анықтайды. Одан әрі химиялық барлау бөлімшелері зақымдалған ауа концентрациясы мен оның бұлтының қозғалыс бағытына тұрақты бақылау жүргізеді.

Медициналық барлау зақымдалғандар санын және олардың жағдайын анықтайды, медициналық құрылымдардың орналасу және жайылу орнын және бөлмелерін анықтайды, жұмыс көлемін және жұмысты жүргізу үшін қажетті күштер мен құралдардың тиісті санын анықтайды.

Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде газқағар кию, антидит енгізу қажет және зардап шегушіге (тұшықтырғыш ҚЗ улану жағдайларынан басқа кездерде) жасанды тыныс алғызу керек. Одан соң киім мен дененің ашық жерлеріндегі ҚЗ ізі мен тамшыларын арнайы сұйықтықпен өңдейді де, зардап шегушіні ЕПМ негізінде жел соқпайтын аумақтарда құрылатын медициналық пункттерге жібереді.

Бір мезгілде дегазациялық жұмыстар жүргізіледі. Ең алдымен зақымданғандарды эвакуациялау жолдары, адамдардың улану аумағынан шығу және өту жолдары дегазацияланады. Одан соң аса маңызды объектілердің аумақтары мен құрылыстары, сумен жабдықтау пункттері, қоймалар залалсыздандырылады.

Дегазация және дезинфекция дегазациялаушы ерітінділерді құю, дегазациялаушы заттарды себу, топырақ пен қардың уланған қабатын алып тастау жұмыстары арқылы жүргізіледі.

Дегазациялаушы заттарды құю және дезинфекция жұмыстары дегазациялық машиналардың және аспаптардың көмегімен жүргізіледі. Бұнда дегазациялаушы ерітінді әр жерге шашылады. Дегазациялауды заттарды себу дегазациялаушы аспаптар мен қондырғылар ілінген автокөліктердің көмегімен немесе қолмен жүргізіледі. Дегазиялаушы заттарды себу тәсілдері уланған жерлерді дезинфекциялау мақсатында да жүргізіледі.



Топырақтың немесе қардың уланған қабатын алып тастау арқылы жасалатын жергілікті дегазация және дезинфекция бульдозерлердің, скрептердің, грейдерлер және т.б. құралдардың көмегімен жасалынады. Қардың уланған қабатын алып тастау үшін қар тазартқыштар қолданылады.

Эвакуациялау жолдарын, өткелдерді және өту жолдарын дегазациялау үшін арнайы дегазациялық машиналармен қатар құм сепкіштер, құю-жуу машиналары және т.б. қолданылады. Қатты қабығы жоқ жердің және жолдардың учаскелерін дегазациялау үшін кейбір жол және ауылшаруашылық машиналары қолданылады.



ҚЗ улану ошағында жүргізілетін іс-шаралар қоздырғыштар мен оның қолданылу тәсіліне қарай екі кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезең қоздырғыш түрін анықтағанға дейінгі кезең. Бұл кезеңде жалпы эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шаралар: карантинді хабарлау, улану ошағының өлшемі, сынақтар алынып, қоздырғыштар түрін анықтау үшін зертхналарға жіберіледі. Аумақтарды, ғимараттарды, имараттарды залалсыздандыру, санитарлық өңдеу бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Базарлар, ойын-сауық мекемелері, яғни адам көп жиналатын орындар жабылауы мүмкін. Адамдар мен транспорттар қозғаласына шектеу қойылады.

Екінші кезең – қоздырғыш түрін анықтаған соң. Бұл кезеңде карантиндік режим сақталады, немесе обсервациямен (ауру организмнен сау организмге берілмейтін аурулар кезінде) ауыстырылады. Карантин хабарланған аумақтағы кейбір аурулар аумағында қауіпті аумақ белгіленеді. Бұл аумақта медициналық және ветеринарлық бақылау ұйымдастырылады, азық-түлік өнеркәсібіндегі кәсіпорындарға, қоғамдық тамақтану орындарына бақылау ұйымдастырылады. Карантин хабарланған аумаққа апаратын барлық жолдарға ескерту белгілері қойылады.

Карантиндік аумақтағы аурулар мен ауру белгісі бар адамдар оқшауланады, оларды емдеу ұйымдастырылады, аулулар араланып, тұрғындар қаралады; бөлмелер, киімдер, аяқ киімдер дезинфекцияланады, су көздеріне, азық-түліктер қоймаларына бақылау күшейтіледі, иммунизация және антибиотиктермен шұғыл егу жұмыстары жүргізіледі; медициналық мекемелердің жұмысына эпидемиялық режим қойылады. Улану ошағына тек қана ошақты жоюға жұмылдырылатын медициналық персоналдарға ғана өтуге рұқсат етіледі. Зақымдану ошағына жіберелетіндерге алдын алу вакцинациясы жасалынады.

Заманауи зақымдау құралдарымен зақымдану аумағында жүргізілетін негізгі жұмыс түрлерімен танысқан соң сабақтың жетекшісі «ағымдағы жылдың 24.03. сағ. 6.00-де N қаласына ауадан соққы берілді, қаланың орталығы қираған, химиялық қарулардың қолданылу мүмкіншілігі бар» тапсырмасын береді, оқытушыларға қалыптасқан жағдайды бағалау және ЗЗҚ уланған аумақта ҚБҚЖ жүргізу шешімін қабылдауды тапсырады. Содан кейін бірнеше оқытылатындарды тыңдайды. АҚШБ роліндегі оқытылушы барлауды ұйымдастырады, алынған деректерді жалпылап,. АҚБ ұсыныстар дайындайды. Алынған деректер негізінде АҚБ заманауи зақымдау құралдарымен зақымдану аумағында ҚБҚЖ жүргізу шешімдерін қабылдайды. АҚБ ҚБҚЖ жүргізу шешімінің мазмұны №1 қосымшада келтірілген. АҚҚ командирлері ретінде болатын оқытылатындар бағыныштыларға бұйрық және өкім бере отырып жұмыстарды жүргізу шешімдерін қабылдауға жаттықтырылады. Сабақтың жетекшісі ҚБҚЖ жүргізу туралы шешімдердің бір-екеуін тыңдайды, қандай да бір нақтылықтар болмаған жағдайда қосымша сұрақтар қояды, осылайша оқу материалының толықтай игерілуіне көз жеткізіледі.
ҚОРЫТЫНДЫ. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Барлық оқу сұрақтары қарастырылған және оқытушылар алдын қойылған барлық міндеттер орындалған соң жетекші сабақты талдай отырып қорытындылайды. Жол берілген қателерді талдап, олардың себебін көрсету керек, ең үздік танылған жауаптарды атап өтіп, олардың алған білімдерін және дағдыларын практикалық түрде қолдану қажеттігін ескерту керек. Аса ерекшеленгндерді, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды белгілеп, сабақтың кейбір кезеңдеріне көңіл аудару қажет.

1қосымша

ШО АҚБ ТЖ салдарын жою шешімдерінің мазмұны

Шешімде: іс-әрекеттердің ниеті (қайда және қандай учаскеде, бағытта, негізгі күштер ауданға орналастырылады, күштердің топтамасы, олардың орындалуының міндеттері мен реті); объектінің АҚҚ міндеттері, оларға берілетін күшейту құралдары, жұмыс көлемі, басталу және аяқталу уақыты, халықты қорғау тәртібі, АҚҚ өзара қарым-қатынас тәртібі, АҚҚ әрекеттерінің қамтамасыз етілуі, басқару мен байланысты ұйымдастыру (командалық пункттің орны, байланыс пен хабарландыруды ұйымдастыру және оның күтімі, мәлімдемелерді жеткізу тәртібі мен уақыты) көрсетіледі.

Қабылданған шешімдер негізінде АҚБ ШО АҚҚ міндеттер қояды (егер міндет бір мезгілде барлық АҚҚ қойылатын болса, ауызша бұйрықпен, егер өкім тек бір құрылымға қойлатын болса, ауызша өкіммен). Ауызша бұйрық пен өкім жұмыс дәптеріне жазылады.

АҚБ ауызша бұйрығында жағдайды бағалаудың қысқаша қорытындылары; ШО АҚ міндеттері, көрші ШО АҚ міндеттері мен олармен өзара қарым-қатынас тәртібі; ШО АҚҚ міндеттері мен олардың әрекеттерін қамтамасыз ету, АҚҚ материалдық-техникалық және көліктік қамтамасыз ету; командалық пункт орны; байланыс күтімінің тәртібі; мәлімдемелерді жеткізу тәртібі болады.

Ауызша өкімнің мазмұны жағдайларға байланысты болады. Көбіне онда: ТЖ салдарынан қалыптасқан жағдайды бағалаудың қысқаша шешімдері; ШО АҚ міндеттері; ауызша өкім берілетін АҚҚ міндеттері оларға берілетін күшейту құралдары; оның әрекеттерін қамтамасыз ету шаралары; сонымен қатар жұмыстың басталу және аяқталу уақыты; басқа АҚҚ өзара қарым-қатынас тәртібі; мәлімдемелерді жеткізу уақыты мен тәртібі көрсетіледі.


№ 2 қосымша


АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСТЫҒЫНЫҢ

БҰЙРЫҒЫ
(объект атауы)
№_____

«__» ___________201__ж. ____________қ-сы


«АҚ жүйесін

даярлыққа келтіру туралы»

Облыстың АҚ бастығының шешіміне сәйкес



БҰЙЫРАМЫН:


  1. АҚ штабының бастығына:

  • АҚ жоспарын іске қосу, іс-шараларды қысқаша уақытта орындалуын ескере отырып қажетті өзгерістер мен қосымшалар енгізу;

- байланыс және хабарландыру құралдарын, барлау органдарын, қалалық және қала сыртындағы БП даярлыққа келтіру, оларға тәулік бойғы кезекшіліктер қою.

Қала сыртындағы БП даярлау үшін жедел топ жіберіледі. Қала сыртындағы БП сағ._________ даярлау.



  • Барлау және бақылау құрылымдарына ден қоя отырып АҚҚ даярлыққа келтіру;

  • Жұмысшылар мен қызметкерлерді замануи зақымдау құралдарының қолданылуынан қорғау іс-шараларын талдау және келісу.

  1. АҚ қызметтерінің басшылары:

  • АҚ жоспарының тиісті бөлімдерін нақтылау. Қызметтерге қойылатын міндетерді анықтау;

  • Қажетті анықтау құжаттары мен баяндамаларды әзірлеу;

  • Қызметтер құрылымдарын даярлыққа келтіру, ЖҚҚ жеке құрамға таратуды ұйымдастыру;

  • Объект қызметінің тұрақтылығын арттыру бойынша іс-шараларды жүргізу.

    1. Байланыс қызметінің бастығы:

  • Барлық қолда бар байланыс және хабарландыру құралдарын даярлыққа келтіру, олардың жұмысына бақылау орнату;

  • Облыстың АҚБ БП, министрліктің (ведомствоның) АҚБ БП байланыс орнату жүктеледі.




    1. ҚОҚ қызметінің бастығы:

  • ЗЗҚ қолданылу қаупі және ҚБҚЖ жүргізу кезіндегі қоғамдық тәртіп қамтамасыз ету;

  • Қызметкерлер мен жұмысшылардың қажет жағдайда дер кезінде жасырынуына жағдай жасау;

  • Жарықты маскировкалау режимінің сақталуына бақылауды күшейту;

  • Өткізгіш режим мен кезекші персоналдың кезекшілік атқаруына бақылауды күшейту және күзетті күшейту;

  • Объект аумағындағы қосымша бекеттерді қою және олардың ЗЗҚ қолданылу жағдайына қорғанысты күшейту.

    1. Өртке қарсы қызмет бастығына:

  • Радиациялық және химиялық қорғаныс қызметінің бастығымен зақымданған ошақтарды дегазациялау және дезактивациялау жұмыстарына қатысу;

  • Өртке қарсы құралдардың жағдайын тексеру және оларды даярлыққа келтіру;

  • Объектің өртке қарсы қорғалуына бақылау бекіту және өрт қауіпсіздігі бойынша жоспарға сәйкес іс-шараларды орындау;

  • Алдын алу өртке қарсы алдын алу іс-шараларының жүргізілуіне бақылау қою;

  • Облыстың өртке қарсы қызметімен байланыс пен қарым – қатынас орнату;

    1. Қорғаныс имараттары қызметінің бастығына:

  • ҚИ құлаған кездегі құтқару және басқа да жұмыстарды жүргізуге даярлыққа келтіру;

  • Қолда бар ҚИ даярлыққа келтіру;

  • РЖП құрылысын және тереңдетілген және жер асты имараттарының және жер асты имараттарының құрылысын ұйымдастыру;

  • Бұл жұмыстарды аз уақыт арасында орындау бойынша ұсыныстар енгізу;

Радиациялық және химиялық қорғаныс қызметінің бастығына:

  • РХБ бекеттерін даярлыққа келтіру;

  • Жұмысшылар мен қызметкерлерді және АҚҚ жеке құрамын ЖҚҚ қамтамасыз ету, тыныс алу органдарының қарапайым ЖҚҚ дайындауды ұйымдастыру;

  • Метеодеректерді ұдайы алуды ұйымдастыру;

  • дезактивация, дегазация және дезинфекция және залалсыздандыру құралдарын жинау, қоймада ұстау;

  • жұмысшыларды, қызметкерлерді, сумен жабдқтау көздерін, азық-түлік өнімдерін, азық-түлік қоймаларын ҚЗ, РЗ, ӘҚЗ қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

  • ҚИ мен ЖҚҚ және арнайы техниканың жағдайына бақылау жүргізу;

  • Радиациялық, химиялық және дозиметриялық бақылауды ұйымдастыру;

  • Радиациялық және химиялық зақымдану салдарын жою бойынша іс-шараларды жүргізуге даяр болу жүктеледі.

2.5. Авариялық-техникалық қызмет бастығына;

  • Жоспарға сәйкес ПУФ бойынша іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру;

  • Жабдықтардың, өнімдердің, энергия көздерінің жарылыс қаупін азайту және өндірістік аварияларға жол бермеу бойынша іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ету;

  • Аварияларды жою, үйінділерді талдау және адамдарды құтқару бойынша іс-шараларды жүргізуге дайын болу.

    1. Медициналық қызмет бастығына:

  • Санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуына бақылау белгілеу;

  • Медициналық АҚҚ даярлыққа келтіру және оларды жасақтау бойынша іс-шараларды қабылдау;

  • Медициналық мүліктерді, дәрі-дәрмектерді жинау және сақтау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

  • Қаланың, облыстың және көрші ШО медициналық қызметтері арасында байланыс орнату;

  • Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне эвакуациялау бойынша іс-шараларды жүргізу;

  • Зақымданғандарды санитарлық өңдеу, жұмысшылар мен қызметкерлерге, олардың жанұя мүшелеріне медициналық көмек көрсету, орналастыру және эвакуациялау орындарына жеткізуді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жүктеледі.

    1. Материалдық-техникалық жабдықтау қызметінің бастығына:

  • Ықтимал жағдайарда материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін қажетті құралдар мен заттардың болуын нақтылау;

  • Қажет жағдайда материалдық-техникалық құралдарды бөлу мен сақтау;

  • АҚҚ, ҚИ және ҚИ мүлікпен жасақтау бойынша іс-шараларға қатысу жүктеледі.

2.8. Көлік қызметінің бастығына:

  • Көлік жағдайын анықтау, және олардың техникалық даярлығын қамтамасыз ету;

  • ерекше жоспар бойынша шығатын көлікті әзірлеу;

  • қолда бар көлікті қалыптасқан жағдайды ескере отырып қолдануға басшылықты жүзеге асыру жүктеледі.

2.9. Бас инженерге:

  • ПУФ бойынша іс-шаралардың орындалуын және объектінің ерекше жұмыс жасау режиміне ауысуын ұйымдастыру;

  • ШО ауыстыруды жеке өкім арқылы жүзеге асыру;

  • авариялық-техникалық, өртке қарсы қорғану қызметтеріне басшылықты жүзеге асыру;

  • ҚБҚЖ жүгізуге техникалық басшылықты жүзеге асыру жүктеледі.

2.10. Эвакокомиссия төрағасына:

  • Қала мен облыстың эвакуациялық комиссияларының арасында байланысты нақтылау;

  • Бөлу және эвакуациялау бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыру;

  • Эвакуациялық тізімдерді нақтылау, эвакуациялық іс-шараларды жүргізуге дайын болу;

  • Эвакуациялық іс-шаралардыв қосарланған тәсілдер бойынша жүргізу жағдайларына ұсыныстар мен есептеулерді әзірлеу жүктеледі.

2.11.Кадр бөлімінің бастығына:

  • ҚР ҚК келушілер тізімін нақтылау;

  • БҚ мен ИТЖ еңбек демалыстарынан және іс-сапарлардан жедел шақыру.

2.12. ШБ мен қызметтер басшылары жоспарланатын және жүргізілген іс-шаралар жөнінде мәлімдеуге _________________дайын болсын.
Объектінің АҚ бастығы ________________________

(қолы)
АҚ штабының бастығы ________________________

(қолы)

№ 3 қосымша

ОБЛЫСТЫҢ АҚ БАСТЫҒЫНЫҢ

№ ___


БҰЙРЫҒЫ

«___»________ 201__ ж. Ақтөбе қ-сы


Заманауи зақымдау құралдарының қолданылу қаупіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:

  1. Облыстың ТЖД бастығы:

  • АҚ әскери уақытқа арналған жоспарын іске қосу, атқарылатын іс-шараларды есепке ала отырып өзгерістер мен қосымшалар енгізсін;

  • Байланыс және хабарландыру құралдарын даярлыққа келтірсін;

  • ҚБҚЖ жүргізуге қажетті АҚ құрылымдарын даярлыққа келтірсін;

  • Халықты ықтимал замануи зақымдау құралдарының қолданылу аумағынан эвакуациялау бойынша іс-шараларды әзірлесін;

  1. АҚ және ТЖ қызметтерінің басшылары:

  • АҚ әскери уақытқа арналған жоспарының тиісті бөлімдерін нақтыласын;

  • Қажетті анықтамалық құжаттар мен баяндамаларды әзірлесін;

  • Қызметтердің АҚҚ даярлыққа келтірсін;

  • Жағдайдың өзгеруіне байланысты маған жеке баяндасын;

    1. Ақпараттандыру, байланыс және хабарландыру қызметтерінің басшылары:

- халықты хабарландыруды ұйымдастырсын;

  • Басқару органдарының АҚҚ бөлімшелерімен тұрақты байланысын қамтамасыз етсін;

    1. Инженерлік қызмет бастығы:

    2. Инженерлік қызметтерді даярлыққа келтіру;

    3. ҚТҚ қызметінің бастығы:

  • Халықты эвакуациялау кезінде қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етсін;

  • Азаматтардың мүлігін қорғауды ұйымдастырсын (қажеттілік жағдайда).

2.4. Медициналық қызмет бастығы:

  • Күштер мен құралдарды халық пен АҚҚ медициналық көмек көрсету үшін даярлыққа келтірсін;

2.5 Көлік қызметінің бастығы:

  • Халықты ықтимал замануаи құралдары қолданылған төтенше жағдайлар аумағынан эвакуациялау кезінде көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырсын;

2.6. Радиациялық-химиялық қорғау қызметінің бастығы:

- РХБ бекеттері мен СҚЗБ бөлімшелерін даярлыққа келтірсін;

2.7. Жолдар мен көпірлер қызметінің бастығы:

- АҚҚ қызметтерін даярлыққа келтірсін;



- жолдар мен көпірлерді қалпына келтіру бойынша қажетті материалдарды әзірлесін.

Сауда және тамақтандыру және техникалық қызмет, ЖЖМ қызметінің бастығы:

  • Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырсын;

  • АҚҚ жеке құрамын азық-түлікпен, ЖЖМ, техниканы даярлықта ұстау үшін қажеттіліктермен қамтамасыз етсін;

    1. Эвакуацмялық комиссия төрағасы:

  • Қаланың эвакуациялық комиссиясымен байланыс орнатсын;

  • Халықты ықтимал суға кету аумағынан шұғыл эвакуациялауды жүргізу бойынша дарлау іс-шараларын жүргізсін;

  • Халықты қауіпсіз аумақта орналастыруды қамтамасыз етсін.

    1. Жоспарланатын және өткізілген іс-шаралар туралы баяндауға 12.00 24.03.11ж. дейін дайын болуы қажет.



Облыстың АҚ бастығы ________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет