Топтық жаттығулар жүргізу үшін Әдістемелік әзірлеме



бет1/2
Дата23.08.2017
өлшемі0,51 Mb.
#25315
  1   2

БЕКІТЕМІН

Ақтөбе облысының ТЖД

бастығының орынбасары

полковник А.Хамзин .

2011 жылғы «____»____________



Топтық жаттығулар жүргізу үшін

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ
№ 33 ТАҚЫРЫП: ЗАМАНАУИ ЗАҚЫМДАУ ҚҰРАЛДАРЫ.

ЗАМАНАУИ ЗАҚЫМДАУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛДАРЫН ЖОЮ.

Орындаушы:

Чурсина Виктория Александровна

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар

департаментінің азаматтық қорғаныс

басқармасының бас маманы

тел. (87172) 54 38 62


ОҚУ МАҚСАТТАРЫ:

1. Оқытылатындарды заманауи зақымдау құралдарының негізгі түрлерімен және олардың негізгі зақымдау қасиеттерімен тарыстыру.

2. Құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру және жетекшілік ету.
ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ: Ақтөбе облысының ТЖД оқу класы.
ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ:
ОҚУ СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ УАҚЫТТЫ ЕСЕПТЕУ:

Кіріспе 5 минут

1. Заманғы зақымдау құралдарының негізгі түрлерінің сипаттамасы 30 (45) минут

2. Зақымдау аумақтарында құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру 50 (80) минут

Қорытынды. Сабақ нәтижесін қортытындылау 5 минут
ӘДЕБИЕТТЕР:

1. ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы заңы», Алматы, 1996 жыл.

2. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы » Заңы, Алматы, 1996 жыл.

3. «ҚР азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша нұсқама», Алматы, 2000 жыл.

4. «Азаматтық қорғаныс құрылымдары туралы нұсқама және оларды материалдық - техникалық құралдармен жобалы жабдықтау (табелизация) нормалары, Алматы,2000 жыл.

5. Әбдірахманов С., «ҚР төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы», Алматы, 2008 жыл.

6. «Азаматтық қорғаныс», Мәскеу, 2007 жыл, № 3.


ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМАЛАР
Әдістемелік әзірлеме түрлі санаттағы оқытылатындармен топтық жаттығулар жүргізу үшін арналған.

Бұл тақырып бойынша сабақтар оқу класында барлық санаттағы оқытылатындармен келесі көлемде: №№1-13 санаттар - 3 сағат (135 минут), №№14-22 санаттар- 2 сағат (90 минут). №№ 1, 8, 9, 10, 11, 15, 21 санаттағы оқытылатындар екінші оқу сұрағын оқыту процесі кезеңінде АҚБ және АҚШБ ролінде болып, жағдайды бағалау және заманауи зақымдау құралдарының қолданылу аудандарында шешім қабылдау тәртібіне көңіл аударулары керек. №12 санатты оқытылатындар – АҚ құрылымдарының (жасақтар мен командалардың) командирлері және №13 санаттылар – АҚ құрылымдарының (звенолардың, күзеттердің) командирлері құрылымдар командирлері ролінде болып, екінші оқу сұрағын өту кезеңінде заманауи зақымдау құралдарының қолданылу аудандарында құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізу мазмұны мен ерекшеліктеріне мән беруі тиіс.

Бірінші оқу сұрағы тыңдаушылармен әңгіме жүргізу әдісімен оқытылады. Бұнда оқытылатындардың теориялық білімдерін тереңдетуге ден қойлады. Екінші оқу сұрағын оқыту барысында әңгіме, пікір алмасу және жаттығу әдістерін қолданған жөн.

№№ 1, 8, 9, 10, 11 санатты оқытылатындар үшін бұл тақырыпты №5 тақырыпты «Басшы құрамның дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттар салдарын жою кезіндегі әркеттері» тақырыбын өткен соң жүргізген дұрыс деп саналады.




НЕГІЗГІ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР.

БҚЗ Биологиялық қаіуіпті заттар

БТӘ Биологиялық террорлық әрекет

ҚР ҚК Қазақстан Республикасының Қарулы күштері

АҚ Азаматтық қорғаныс

ҚИ Қорғаныс имараттары

АҚБ Азаматтық қорғаныс бастығы.

АҚШБ Азаматтық қорғаныс штабының бастығы

УЗ Улағыш заттар.

БП Басқару пункттері

ШО Шаруашылық жүргізу объектілері.

РЗ Радиоактивтік заттар

БҚ Басшы құрам.

РХБ Радиациялық-химиялық бақылау.

ҚӘУЗ Қатты әсер ететін улы заттар.

ҚБҚЖ Құтқару және басқа да қауырт жұмыстар.

ЗЗҚ Заманауи зақымдау құралдары.

АҚҚ Азаматтық қорғаныс құраламалары.

ТЖ Төтенше жағдайлар


САБАҚ БАРЫСЫ.
КІРІСПЕ. ОҚЫТЫЛАТЫНДАРДЫҢ САБАҚҚА ДАЯРЛЫҒЫН ТЕКСЕРУ.

Жетекші оқытылатындардың түгендігін және олардың сабаққа даярлығын тексереді. Оқытылатындардың теориялық білімін тексеру мақсатында төмендегідей сұрақтарды қойған жөн:

1. Қандай құжаттар бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды жою бойынша жұмыстарды жүргізу үшін жұмылдырылатын күшер мен құрлдарды басқарудың негізі болып табылады? (жауабы- АҚ жоспары және АҚ бастығының шешімі)

2. ТЖ аумағындағы жағдайды бағалаудың бірізділігі қандай? (жауабы: АҚ аумағының шектері, суға кету және бұзылу аумақтарының шеттері, РЗ, ҚӘУЗ зақымдалу деңгейі және олардың АҚҚ әрекеттеріне әсері анықталады. ТЖ салдарын жою бойынша жұмыс көлемі және АҚҚ негізгі күштерін шоғырландыру орындары анықталады. АҚ ШО (АҚФ) күштері бағаланады. Күштерді бағалаған соң ШО жалпы міндеттері, күштер мен құралдарды ТЖ аумақтарындағы әрекеттерді жүргізуге даярлау іс-шаралары, әрбір АҚҚ міндеттері, жұмыстарды бастау және аяқтау уақыттары нақтыланады. Көрші ШО АҚ міндеттерін, АҚҚ өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру тәртібі мен шарттары нақтылау қажет. АҚҚ жұмыстарды жүргізу аудандрына шығу бағыттары, қажет жағдайда жеке құрамды жасыру тәртібі анықталады. Одан әрі жетекші тақырып пен оқу сұрақтарын хабарлайды, Қазақстан Республикасының әскери докторинасының қорғаныс сипатына ие екендігін ескере отырып жаңа тақырыпқа кіріспе жасайды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде өз азаматтары мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы, сондай-ақ замауи зақымдау құралдарының қолданылуы кезіндегі сенімді қорғанысын қамтамасыз етуі қажет.

Содан соң бірінші оқу сұрағын оқуға кірісуге болады.
БІРІНШІ ОҚУ СҰРАҒЫ.

ЗАМАНАУИ ЗАҚЫМДАУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Бұл оқу сұрағын оқытуды замануи зақымдау құралдарының әртүрлілігімен ерекшеленетіндігінен бастау қажет. Өкінішке орай кейбір тыңдаушылар «замануи зақымдау құралдары» мен «ядролық қару» ұғымдары арасына теңдік белгісін қояды.


ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ.
Ядролық қару деп әрекеті бөліну немесе ядролық синтездің жарылғыш процесінің нәтижесінде бөлінетін ядроішкілік қуатты қолдануға негізделген қару аталады.

Ядролық қуат ядроның түрлі өзгерісі кезінде шығады. Ядроішкілік қуаттың көп мөлшерінің шектеулі көлемде тез бөліну процесі яролық жарылыс деп аталады. Ядролық қаруды қолдану арқылы шешетін міндеттерге, ядролық жарылыс қолданылатын объектінің түрі мен орнына қарай ядролық жарылыстар түрлі биіктікте, жер бетінде, жер астында (су астында) орын алуы мүмкін.

Ғарыштық жарылыс көзделген ғарыштық нысаналарды зақымдау үшін 65 км-ден жоғары биіктікте қолданылады.

Биіктіктегі жарылыс10-нан 65 км-ге дейінгі әуедегі нысаналарды зақымдау үшін қолданылады. Жер бетіндегі көзделетін нысаналар үшін жарылыс электрлік және радио аспаптарына қауіп төндіреді. Биіктіктегі жарылыстар ракеталардың, ұшақтардың және т.б. бас бөліктерін жою, радиолық байланыс пен басқаруда кедергілер туындату үшін қолданылады. Әуедегі жарылыс бірнеше жүздеген метр және бірнеше километрге дейінгі біктіктерде орын алып, қатты найзағайға ұқсас жарық пен дыбыс шығарады. Жарықтан соң жарылыс орнында тез ұлғайып, саңырауқұлақ формасын иеленетін отты шар пайда болады. Әуе шары қатты жылу және радиоактивтік сәулелерді бөледі. Сонымен қатар бұндай шарлар қатты қирату қасиетіне ие болады. Сондықтан ол жер бетіндегі құрылыстарды тез қиратып, жасырынбаған адамдарға да зақым келтіруі мүмкін.

Жер бетіндегі ядролық жарылыс деп жер бетінде немесе одан шығатын жарықтың жер бетіне тиетін биіктікте орын алатын жарылыстар аталады. Олар жер бетін қатты радиоактивті зақымдап, адамдарды, әскери жеке құрамды, жер бетіндегі құрылыстарды жою, сонымен қатар олардың төзімділігіне нұқсан келтіру мақсатында жүргізіледі.

Жер астындағы ядролық жарылыс кезінде жер бетінде бірнеше километрлік биіктікке дейін көп мөлшерле топырақ лақтырылып, сол жерде үлкен ойпаң пайда болады. Су асты жарылысы кезінде су бетінде қатты сәулелі дөңгелек дақ пайда болады. Содан соң бірнеше км биіктікке су атқыланып, 30 метрге дейінгі шеңбер формалы толқындар пайда болады.

Ядролық жарылыстың зақымдау факторлары: қатты соққы беретін толқын, жарықтық сәулелену, радиация, электромагниттік импульс, жердің радиоактивтік зақымдануы.



Қатты соққы беретін толқын- жарылыс орталығынан жан-жаққа қатты жоғары дыбысты жылдамдықпен таралатын қатты қысымды ауа. Қатты соққы беретін толқынның көзі ядролық жарылыстың орталығындағы қатты қысым болып табылады. Тікелей (артық қысым мен қатты жылдамдықты ағынмын сипатталатын) және жанама (жерге соғу салдарынан, ұшқан сынықтармен жарақаттану) әсер ету нәтижесінде адамдар зақымданады.

Жарықтық сәулелену- бұл оптикалық диапазонның ультра күлгін немесе инфра қызыл спекторлар енетін электромагниттік сәулеленуі. Жарықтық сәулеленудің көзі – ауадағы шоғырланған жарық болып табылады. Жарықтық сәуле денені тіптен киім астынан да күйдіріп, адамнын құлағы шулап, күндіз 1-5 минутқа, түнде 30 және одан да көп минутқа көзі көрмей қалуы мүмкін, техника мен құрылыстардың және т.б. ағаш пен резеңкеден жасалған бөліктері жануы мүмкін. Жарықтық сәулелену кезінде кез-келган көлеңке жасай алатын тосқауылдың көмегімен күйік шалудан қорғануға болады.

Енетін радиация – бұл ядролық жарылыс кезінде 15-25 секунд бойына шығарылатын сәуле мен нейтрондардың ағыны. Иондық сәулеленудің зақымдау әрекеті биологиялық ткань сіңіріп алатын энергия мөлшерімен (сіңіру мөлшерлемесімен) анықталады. Сіңірілген мөлшерлеме бірлігі - рад. Радиацияның орнганизмге енетін радиацияның зақымдау әрекеті организм молекуласы мен атомдарының иондалып, сонымен қатар сүйек майының зақымдануына негізделеді.

Электромагниттік импульс ядролық жарылыстардың барлық түрлерінде де кездеседі. Бұл қоршаған ортада жарылыс уақытында бос электрлік зарядттардың пайда болуына негізделеді. Электромагниттік импульс әсерімен сымдардың, трансформаторлардың, конденсаттардың изоляциясы бұзылып, сақтандырғыштары жанып кетеді.

Жер мен әуе кеңістігінің радиоактивтік зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан РЗ түсуі салдарынан туындайды. Радиоактивтік зақымдану көзінің үш түрі болады:

- жарылған ядролық реакциядан кейінгі жер бетіне түсетін ядролық зарядтан бөлінген радиоактивтік өнімдердің көп мөлшері;

- уранның -235 немесе плутонияның - 239 әсерсіз заряды бөлігінің түсетін радиоактивтік заттары;

- бағытталған радиация, оның көзі топырақтың беткі қабаты атомдарының ядросы әсер ететін ядролық жарылыстың нейтрондық ағынының құрамына енетін нейтрондар саналады.
ЯДРОЛЫҚ ЗАҚЫМДАНУ ОШАҒЫНЫҢ

СИПАТТАМАСЫ
Ядролық зақымдану ошағы –адамдар өмір сүреті, ғимараттар мен құрылыстар орналасқан ядролық қарудың әсері тиетін жер.

Ықтимал бұзылуларды бағалау және жұмыс көлемін анықтау үшін ядролық ошақты төрт аумаққа бөледі. Әрбір аумақ оның шектеріндегі артық қысым шамасы бойынша, осыған сәйкес зақымдану сипатына қарай анықталады.



Толық бұзылған аумақ. Қатты соққы шебіндегі артық қысым шамасы 0,5 кг/кв. см артық болған жағдайда туындайды. Барлық жер беті құрылыстары бұзылады. Жарылыс орталығының жан-жағындағы жасырыну имараттары, жер төлелер қирап, жер астындағы коммуналдық-энергетикалық желілер бұзылады. Бұл аумақтарда жалынның соққы толқынмен өшіп қалу салдарынан өрт туындамайды. Төзімді ҚИ жасырынған адамдар тірі қалғанымен, радиацияның әсерімен улануы мүмкін. Толықтай бұзылу аумағы барлық зақымдау аумағының 13% құрайды.

Қатты бұзылулар аумағы. 0, 3 –ден 0,5 кг/кв. см дейінгі артық қысым шамасында туындап, барлық зақымдалу ошағының 10% құрайды. Ғимараттар мен имараттар түрлі деңгейде бұзылып, жасырыну имараттары мен коммуналдық-энергетикалық желілер сақталып қалады. Жарықтық импульстан қатты өрттер мен от дауылдары туындауы мүмкін. Адамдар мен жануарлар түрлі шамада жарақат алып, РЗ уланады (сыртқы сәулелену және іштей зақымдану). Орташа зақымдану аумақтары. 0,2 –ден 0,3 кг/кв. см дейінгі артық қысым шамасында туындап, барлық зақымдалу ошағының 15% құрайды. Ғимараттар мен құрылыстар орта және әлсіз бұзылып, өрт ошақтары пайда болады. Адамдар контузияланып, жарақаттанады,сонымен қатар күйік шалуы мүмкін.

Әлсіз бүлінулер аумағы. 0,2 –ден 0,2 кг/кв. см дейінгі артық қысым шамасында туындап, барлық зақымдалу ошағының 65% құрайды. Ғимараттар мен имараттар әлсіз бүлініп, жарық импульсынан өрт туындауы мүмкін.
ЖЕРГІЛІКТІ РАДИОАКТИВТІК ЗАҚЫМДАНУ
Жарыластан кейін пайда болатын радиоактивтік өнімдер (ураннан бөлінген қалдықтар, ядролық зарядтың әсер етілмеген бөлігі, белгілі белсенділіктегі топырақ) жел бағытымен қозғалып, біртіндеп жарылыс аумағындағы жер бетіне қонады, одан темекі формасындағы радиоактивтік із қалдырады. Бұл РЗ жергілікті түсуі. 20-40% РЗ жер бетіндегі жарылыстарда тропосфераға көтеріліп, одан соң 1-2 ай бойына жерге отырады, бұл кезде ғаламдық радиоактивтік жауын-шашындар құрылады.

Жарылыс орталығына жуық ара-қашықтарда ірі балқыған бөлшектер 20-45 минут бойына 100 км және одан да көп аумаққа түседі. Бірнеше уақыттар бойына ұсақ бөлшектер ауада аэрозолдар құра отырып түседі.

Аумақтың радиоактивтік бүлінуі РЗ толықтай түсуі және радиация деңгейі кезіндегі сәулелену мөлшеріне қарай сипатталады. Жергілікті деп 0,5 р/сағ және одан да жоғары радиация деңгейінде бүлінуді санайды. Метеорологиялық жағдайлар мен жауын жергілікті аумақтың радиация деңгейіне қатты әсер етеді. Жаңбыр мен қар РЗ жергілікті аумаққа тез таралып, түсуіне жағдай жасап, қатты жаңбыр салдарынан жарылыстан соң жер бетінен шайып кетеді.

Осылайша, ядролық зақымдану ошағының келесі ерекшеліктері болады:

- РЗ үлкен аумақтарды ұзақ уақытқа зақымдайды;

- ошақ адамдарға, аумаққа, ғимараттар мен құрылыстарға, қоршаған ортаға екі жақты зақымдау әсерін тигізетіндігімен сипатталады;

- қатты бұзылулардың аумағының қатысты қиын жерде оналасуы.

Бұның бәрін ядролық зақымдану аумағында ҚБҚЖ жүргізуді ұйымдастыру кезінде ескерген жөн.


ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУ.
Уландырғыш заттар – бұл қорғаусыз адамдар мен жануарларды жаппай улауға, ауаны, аумақты, азық-түлік өнімдерін, жануарлар азығын, суды және техниканы және басқа да объектілерді ластауға арналған арнайы синтезделген уландыру қасиеті жоғары химиялық қосындылар.

Басқа сөзбен айтқанда ҚЗ – химиялық қару-жарақты жарақтандыру үшін қолданылатын улы қосылыстар.



Химиялық қарубұл химиялық хаттардың улағыш қасиеттеріне негізделген заманауи зақымдау құралдары. Химиялық қарудың басқа компоненттері ҚЗ әскери қолдану құралдары (тасымалдағыштар, сонымен қатар ҚЗ мақсатқа жеткізу үшін қолданылатын аспаптар мен қондырғылар) болып табылады.

ҚЗ клиникалық-уландыру топтамасы аса көп таралған:

1. нервтік-паралитикалық әрекет ететін ҚЗ – зарин, зоман, VX (Ви - Икс).

2. теріні жарақаттай отырып әсер ететін ҚЗ – иприттер және люизит;

3. жалпылай уландыратын ҚЗ – синильдік қышқыл, хлорциан;

4. тұншықтырғыш ҚЗ – фосген, дифосген;

5. тітіркендіргіш ҚЗ – өзіндік тітітркендіргіштер (стерниты – адамсит), жасауратқыш тітітркендіргіштер (лакриматорлар – хлорпикрин), жасауратқыш және үйлескен тітіркендіру әсерін тигізетін СS (Си - Эс) и СR (Си - Эр) типті болып бөлінеді;

6. психологиялық әсер ететін ҚЗ – ВZ (Би - Зет);

7. нейротроптық әсер ететін ҚЗ – энтеротоксиндер (А ботулиникалық типті А және В стафилоккоктік типті В).



Тактикалық топтама бойынша ҚЗ әскери мақсатта қолданылуына қарай 3 топқа бөледі:

1. өлімге душар етіп әсер етуші – ҚЗ нервтік-паралитикалық, теріні жарақаттағыш, жалпы уландырғыш және тұншықтырғыш әсер ететтін.

2. уақытша әсер ететін – тітіркендіргіш әсер етуші ҚЗ.

3. Дезорганиздеуші – психикалық әсер етуші ҚЗ.

Одан әрі түрлі уландырғыш заттардың зақымдау әсертерін қарастыру қажет:

1. нервтік-паралитикалық әсер ететін ҚЗ

Организмге ҚЗ кез-келген жолмен түсуі кезінде орын алады: бу жұтып демалу, бу құрғыш және сұйық заттарды жұтып қою нәтижесінде – тері және жасаурағыш заттар, уланған суды және азық-түлікті қолданған кезде, уланған беткі қабаттармен жанасқан кезде.

Зақымдану кезінде: миоз (көз қарашықтарының кішіреюі), түкірік бөліну, тершеңдік, ентігіп қалу, тыныс алудың ауырлауы, кеуде қуысының және маңдайдың ауыруы, естен тану сияқты белгілер байқалады. Одан әрі: өңеш пен кеңірек бойынын түйіліп, демікпе пайда болады. Жүреу айнып, құсады. Осының салдарынан жүрек соғысы күшейіп, бұлшық еттері дірілдейді, қозғалыс үйлесімділігі жоғалады, қысқа уақытты дірілдер пайда болады, адам еркінен тыс зәр мен үлкен дәріт шығады.

2. Теріні жарақаттап әсер етуші ҚЗ.

Жасырын әрекет ету кезеңі – 2 сағаттан тәулікке дейін ауа температурасы мен ылғалдылығына, дене құрылымы мен ылғалдылығына байланысты болады. Одан соң дене қышып, күйіп, қызыл дақтар пайда болады. Тері тартылып, құрғап кетеді. ҚЗ қатты мөлшерлері кезінде ісік пайда болып, ісіктің жан-жағында 16-30 сағат бойына иприттік әсерінен соң, тері көп жерден күлдіреп кетеді. Одан соң оның бәрі бір жерге жиналып, үлкен сары су жиналган ісік пайда болады. Бұл ісіктер жарылып, теріде иприттік жаралар пайда болады, олар 1-2 ай немесе одан да ұзақ уақыт бойына жазылады. Екінші инфекциялан соң терінің бөліктерінде іріңді жаралар пайда болады.

Егер зақымдалған бөліктердің жалпы көлемі 20 см3 аз болса, адам өлімінің қаупі төнбейді.

Көзге зақым келген соң 30 минуттан соң дене қызып, тері қыишиды, ауырады; 4-8 сағаттан соң көздің үсті ісіп, көз жасаурап, жарыққа қарай алмайды, конъюнктивиттік қызару пайда болады. Бұл құбылыс бір айға дейін созылады. Одан әрі кірпіктер бір-біріне жабысып, олар жабысқақ іріңмен жабысып қалады. Адамның көру қабілеті нашарлауы да мүмкін.

Зақымдалған азық-түлік немесе су арқылы организмге түскен соң 15-20 минуттан кейін асқазанда қатты аурулар туындайды. Бұл түкірік бөліну және құсумен ілеседі. Адамның қан аралас іші өтіп, қатты шөлдейді. Тері бозғылт тартып, адамның есінен тануы мүмкін. Организмнің жалпылай улануынан соң шамамен 2 тәуліктен соң адам өледі.

3. Жалпылай улау қасиетиндегі ҚЗ.

Синильдік қышқылмен және хлорцианмен уланудың алғашқы белгілері- тамақ қышып, ауызда темір дәмі пайда болады. Бас айналып, ауырады, қозғалыс үйлесімділігі бұзылады,. Орташа деңгейде уланған кезде, шырышты қабық пен бет терісінде қатты қызыл түс пайда болып, жүрек айнып, құсады, тынысы жиілейді, кеуде қуысы қысылып, ауру туындайды. Адамда жалпылама әлсіздік күшейіп, ақыл- есі әлсіреп, адам құлайды. Жүрек қағысы әлсіреп, пульс азаяды, көз қарашықтары ұлғаяды.

Қатты уланулар кезінде адам есінен мүлдем айырылып, жүрек аритмиясы, еріктен тыс дефекация пайда болады. Одан соң паралич туындап, тыныс тоқтайды.

0,42-0,5 мг/л концентрациясы кезінде адам құлап, есінен танады, бірнеше минут өткен соң қайтыс болады.



4. Тұншықтырғыш әсер ететін ҚЗ.

Фосген мен дифосгеннің жасырын әсері 4-6 сағатқа созылады. ҚЗ мөлшеріне, адамның жалпы жағдайына қарайоның әсері 2-3 сағатқа азайып, немесе 15 сағатқа дейін ұзаруы мүмкін. Жасырын әсерден соң тамақ жыбырлап, мұрын-ауыз қуысында күйік сезімі пайда болады, жөтел туындап, тыныс тарылады, ентігу пайда болады. Ерін, мұрын құлақ және аяқ-қол көгереді, пульс азяды. Өкпе ісіну салдарынан адам тұншығады, кеуде қуысы қатты қысылады. Тыныс жиілігі 16 мәртеге дейін көбейіп, минутына 30-70 рет тыныс алады. Бұл кезде тыныс тереңдемейді, пульс минутына 100 ретке дейін артады. Көбік шығып, кейде ол қанмен аралас болады. Зақымдалған адам мазасызданып, өкпенің ісінуі салдарынан, тыныс тарылып, адам тұншығып қаза болады. Фосген мен дифосген бозғылт түссіз газ болып табылады.



5. Тітіркендіргіш әсер ететін ҚЗ.

Өзіндік тітіркендіргіштер (стерниттер) – мұрын-тамақ қуысын тітіркендіріп, үздіксіз түшкіру, жөтел және кеудеде ауру белгісі пайда болады. Бір мезгілде көз тітіркеніп, тері беті тітіркенеді, ОНЖ қозғалады. Жүрек көтерілу, құсқысы келу, бас ауру және ауыз қуысының ауруы, құлақ маңының қысылу сезімі туындайды. Ауыр жағдайларда тыныс алу мүшелері зақымданып, өкпе ісіп кетуі мүмкін. Нерв жүйесіне әсер ету салдарынан аяқ әлсізденіп, буындар әлсірейді. Қатты уланған кездерде – діріл, уақытша естен тану кейде бұлшық еттердің түрлі топтарының мешелдікке ұшырауы мүмкін. Егер стерниттер концентрациясы тері эритемасына себеп болса, ісіктер пайда болып, күлбіріп кетуі де мүмкін.

Жасауратып әсер ету (хлорпикрин) – бұнда көздің мөлдір қабықшасы мен жоғарғы тыныс алу жолдары тітіркенеді (күйдіру, қатты ауры, көз ауруы, қабақтың жабысуы, көз жасаурауы, қатты жөтелу туындайды). Одан әрі өкпе ісігі дамып, ішкі мүшелерге және жүрек бұлшық еттеріне қан құйылуы мүмкін.

СS аэрозолінің көз қабығына және жоғары тыныс мүшелерінің қатты тітіркеніп ауруын туындатады. Көбіне зақымдану мұрыннан қан кету, коньюктивит және көздің қанталауы, тері қызарып, тері ылғалданады.

СR заты кезінде көз қатты жасаурап, аурады, уақытша көз көрмей қалуы мүмкін. Аэрозоль жұтқан соң қатты жөтел, түшкіру пайда болады. Теріге тиген соң тітіркену, тері эритемасы, күйдіру және ауру, денені екінші деңгейдегі күйік шалады.

6. Психогендік әсер ететін ҚЗ.

ВZ (би-зет) заты организмге ингаляциялық, пероральдық, венозно-артериалдық жолмен түседі. Өлімге душар ететін жағдай көбіне кездеспейді, бұл жағдай тек кәрі адамдарда және балалар мен тыныс жолдары ауыратындарда болуы мүмкін.

Улану белгілері көз қарашықтарының ұлғаюы, ауыздың құрғауы, жүрек соғысының жиілеуі, бас айналу, ауыз қуысының құрғауы, бұлшық еттердің әлсіреуі сияқты белгілермен байқалады. 30-60 минуттан соң көру, есте сақтау қабілеті нашарлап, сыртқа тітіркендіргіштерге әсер ету рефлексі нашарлайды. Уланған адам тірек қабылетін жоғалтады, психомоторлық ауытқулар байқалады, бұл құбылыстан соң галлюцинация болады. Қоршаған ортамен байланыс жоғалып, уланған адам шынайылықты ажырата алмайды. Негативизм туындайды: уланған адам жағдайға тиісті әрекеттерге қарсы әрекеттер жасайды. бұл кездерде оның ашуланшақ күйге енуі де мүмкін. Ақыл-естің бұзылу салдарынан ессіздіктің болуы немесе есте сақтау қабылеті жоғалуы ықтимал. Уланудың кей белгілері 5 тәулікке дейін сақталуы мүмкін.

LSД – оның әсері асқазанға аэрозолдар тыныс алудан соң түскеннен кейін, денедегі жара арқылы, тері астына енуден кейін туындайды. LSД уланудың үш кезеңі бар:

1) бастапқы; 2)психоз кезеңі және 3) соңғы кезең.

Бастапқы кезеңде ең алдымен жағымсыз түсініксіз әсерлер пайда болады. LSД организмге түскеннен соң 15-20 минуттан соң шаршау, қысылу, мазасыздану, бас айналу, бас ауру, жүрек тұсының ауруы, қолдың басы салқындап, дірілдеуі мүмкін. Бір мезгілде әртіүрлі вегатативтік ауытқулар: терінің қызаруы, бозғалттануы, тершеңдік, жас пен сілекей бөлінудің күшеюі, жүрек айну құбылыстары байқалады. Көз қарашығы ұлғайып, тіл күрмеледі, пульс жиілейді, тыныс сирейді, қозғалыс үйлесімділігі жоғалады, бастапқы кезеңнің ұзақтығы 40 минуттан 1,5 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Психоз кезеңіндегі психикалық ауытқулар әр түрлі басталады: кейбіреулерінде мазасыздық, депрессия, басқаларында бос себепсіз күлкіге ұласатын эйфория байқалады. Уланған адам сылбыр немесе шамадан тыс белсенділік күйге түседі. Қоршаған орта шынайлығын жоғалтады. Көру, есту, сезіну шынайылығын жоғалтады. Синестезия (қабылдаудың алжасуы – дыбысты, түсті, иісті, музыка дыбысын есту). Психоз кезеңінде біреу ізіне түсіп, аңдып жүргендей сезім пайда болады, қоршаған ортаға жаугершілік сезімдері туындайды, бұл құбылыс 5-8 сағатқа созылуы мүмкін. Қатты уланулар кезінде ақыл-ес жоғалады, сол себепті уланушылар өз сезімдерін суреттеп бере алады.

Қорытынды кезеңде соматикалық және вегатативтік ауытқулар болады, бұл 16-18 сағатқа, кейде 1,5-2 тәулікке созылады. LSД кумулятивтік әсер байқалмайды.



7. Нейроәсер етуші ҚЗ.

Токсиндердің ботулиникалық әсері нервтік-бұлшық белсенділігінің бұзылуы салдарынан паралитикалық белгілер байқалады.

Ботулотоксиндермен азық-түлік арқылы улану кезінде жасырын әсер ету кезеңі болады. Бұл кезеңнің ұзақтығы дозаның шамасына қарай токсиндермен уланған кезде бірнеше сағатқа, уланған азық-түлік қолданған жағдайда 2-3 тәулікке дейін созылады.

Улану белгілері: әлсіздік белгісі, шаршау, жүрек айну, содан соң құсады. 3-4 сағаттан соң – бас айналу, көз қарашығы ұлғаяды да, сыртқы тітіркендіргіштер әсер етпейді. Уланған адам жан-жағын тұмандағыдай көреді, көз алдындағы зат қосарланып кеткен сезім пайда болады. Олан кейінгі сезімдер түкірік және тер бөліну қызметтерінің тежелуімен жалғасады. Тері құрғақтанып кетеді, ауыз қуысы құрғап, шөлдейді, асқазан қатты ауырады. Тамақ пен су жұту қиындайды: жұту бұлшық етінің параличі туындайды. Сөйлеуі түсініксізденеді. Дауыс әлсірейді. Кей жағдайда тыныс алу қиындап, діріл пайда болады. Өмірмен үйлеспейтін мөлшер алған жағдайда тыныс алу бұлшық еттерінің және жүрек бұлшық еттерінің параличі салдарынан бірнеше тәуліктен соң адам өледі.

Стафилококтік энтеротоксин организмге тыныс алу мүшелері, асқазан-ішек жолдары және жарақат алған дене арқылы түседі.

РG улану белгілері азық-түлікпен улану белгілеріне ұқсас. Кенеттен басталып, жасырын әсер ету кезеңі аса жылдамдықпен (30 минуттан 6 сағатқа дейін) жүреді.

Бастапқы белгілері – түкіріктің қатты бөлінуі, жүрек айну және құсу. Одан соң іш қатты бүріп аурып, үздіксіз қан бөлініп іш өтеді. Бұл белгілер әлсіздікпен ұласады, қан қысымы көтеріледі, дене қызуы түсіп кетеді, ОНЖ қызметі әлсірейді де 24 сағаттан соң басылады.

Бұндай улану кезінде адамның өлімге душар болу жағдайы сирек кездеседі, қатты науқаспен ауыратын, әлсізденген адамдарда, қатты мөлшерде уланған жағдайда болуы мүмкін.

ҚЗ организмге енуінің негізгі жолдары:

1.Ингаляциялық жолмен (лат. inhalatym – тыныс алу).

2. Резорбтивтік (лат. resorbio - жұту).

3. Пероральдық (лат. peroralis – через рот).

4. Жарақат алу жағдайында улану.

ҚЗ денеге тиген жағдайда ҚЗ дене арқылы теріден қанға өиткен жағдайдан басқа кездерде денеге улы заттың тиген жері тітіркеніп, қызарып кетеді, күлбіреп, ойық жаралар пайда болады, бұл құбылыстар кейде қатты аурулармен жалғасады. Кейбір ҚЗ организмге жергілікті тітіркендіргіш әсер етеді, әсіресе көздің қабығы мен тыныс алу мүшелерінің шырышты қабықшасы тітіркенеді.

ҚЗ қолданылу уақытындағы жағдайы әскери жағдай деп аталалады. Қаты және сұйық күйдегі ҚЗ бытыраңқылық күйіне байланысты болды.

ҚЗ әскери жағдайының күйлері мынадай болды:

1. Бу құрушы - ҚЗ атмосферада бу және газ түрінде болды;

2 Аэрозольдық - қатты және сұйық ҚЗ түрлі өлшемдегі: 10мкм дейінгі ұсақ бөлшектер түрінде (тұман, түтін) ұшып жүреді, 10 мкм диаметрлі ірі бөлшектер;

3. сұйық тамшы күйіндегі ҚЗ

ҚЗ әсеріне ұшыраған аумақтағы адамдар, жануарлар, құрылыстар мен өсімдіктер және т.б. химиялық зақымдану ошағы деп аталады. Оларды шартты түрде екі түрге бөледі:

- жердің беткі қабатының тікелей зақымдану аумағы химиялық қару қолданылған орындарда құрылады. Химиялық қарудың жарылған кезде ҚЗ буы мен аэрозольдар құрылады, олар зақымдалған ауаның алғашқы бұлтын құрады;

- ҚЗ буы мен аэрозольдары жел бағытына қарай таралады. Зақымдалған ауаның бірінші бұлты басқа аумақтарға қарай қозғалады. Тікелей зақымдалу аумағында сұйық тамшыдағы ҚЗ булана отырып зақымдалған ауаның екінші бұлтын құрады.

Зақымдалған ауаның таралу аумағы тікелей зақымдалу аумағынан көп есе артық болады.

Химиялық зақымдану ошағының өлшемі мен тұрақтылығы ҚЗ қолданылу мөлшері мен тәсіліне, метеорологиялық жағдайларға, ауа температурасына, жергілікті релефке, жыл мезгілі мен тәуліктің ерекшеліктеріне тәуелді болады. Химиялық зақымдану ошағы концентрация, зақымдалу тығыздығы және оның сақталу төзімділігіне байланысты болады.



Концентрация- ҚЗ ауа көлемінің бірлігіндегі мөлшері (мг/л немесе г/м. куб.). адамдар мен жануарларды зақымдайтын ҚЗ жауынгарлік деп аталып, оның шамасы ҚЗ улылығына байланысты болады.

Зақымдалу тығыздығы деп (г/м. кв.) алаң бірлігіндегі ҚЗ мөлшері аталады. Зақымдалу тығыздығы топырақтың, ғимараттардың, құрылыстардың сұйық тамшылы ҚЗ улануына қарай анықталады. Химиялық зақымдалу ошағының төзімділігі ҚЗ түріне, метеорологиялық жағдай мен жыл мезгіліне тәуелді болады.
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ.
Биологиялық қару адамдарды, жануарлар мен өсімдіктерді және қоршаған орта субъектілерін жаппай улау құралдарына жатады. Олардың негізін ауру туындатқыш микробтар (бактериялар, вирустар, риккетсиялар, күйелер) және кейбір бактериялардан туындайтын токсиндер құрайды. Ауру туындататын микроорганизмдерден пайда болатын аурулар инфекциялық аурулар деп аталады.

Биологиялық заттардың кейбір ерекшеліктері бар. Оларга организмге өте аз мөлшерде, мысалы 6-12 микробтық денелерде түскен соң адам обасын туындатады, бұл адамның науқастануы үшін жеткілікті болып табылады. Бактериалдық аэрозолдар бөлмелерге ондағы кез-келген тесіктер арқылы еніп, ондағы адамдарды, азық-түліктерді, ауыз суды бүлдіреді.

Туындаған аурулар аз ғана уақыт ішінде бірінші зақымдалу аумағынан көптеген аумақтарға таралады.

Биологиялық заттардың әсер ету ұзақтығы ҚЗ мен РЗ асып түседі. Микроорганизмдердің кейбір формалары топырақта бірнеше ондаған жылдарға дейін сақталуы мүмкін.

БЗ тек адамдарды, жануарларды және өсімдіктерді зақымдайды. Олар бұнда материалдық құндылықтарға еш нұқсан келтірмейді және жасырын түрде зақымдалған кеміргіштерді тарату арқылы және диверсиялық жолдармен таралуы мүмкін.

Инфекциялық аурулар бірден байқалмайды, инкубациялық кезеңнен соң ғана байқалып, осылайша аурудың одан әрі таралуына жағдай жасайды.

Инфекциялық ауруларды туындататын бактерияларды сыртқы ортада тек зертханалық зерттеулер нәтижесінде ғана анықтауға болады. Ал бұл зерттеулерді жүргізу үшін көп уақыт қажет етіледі.

Биологиялық заттардың ықтимал қолданылуын кейбір белгілер арқылы анықтауға болады:



- әскери құрал атылған кезде туындайтын дыбыс, бұл кезде кішкене түтін мен бұлт пайда болады, жарылыс орнында ірі сынықтар мен бомба қалдықтары қалады;

- тұман мен төмен ұшқан ұшақтан қалған сияқты түтін ізі қалады;

- әскери қару қолданылған жерде сұйықтық тамшылары, шөп үстінде, топырақта және қоршаған заттарда ұнтақ түріндегі заттар қалады;

- көп ұсақ жәндіктер, кеміргіштер, әсіресе олардың бұл жерде бұрын соңды болмаған түрлері кездеседі;

- сол жерлерде қораптар, пакеттер және басқа да кездейсоқ заттар қалуы мүмкін;

- адамдар мен жануарлардың жаппай аурады.

Ауру туындатқыш микробтартармен зақымдалған жұқпалы аурулардың таралу көзі болып саналатын аумақ эпидемиялық (эпизоотиялық) ошақ деп аталады. Бұндай ошақтың өлшемдері қарудың түрі мен калибріне, ӘҚ қолданылу тәсіліне, метеорологиялық жағдайларға тәуелді болады. ӘҚ аса көп ошағы ауада тарату қондырғыларының көмегімен және желдің аса жоғары жылдамдығын қолдана отырып жүзеге асырылады.

Одан әрі қоздырғыштары бактериологиялық қару ретінде қолданылуы мүмкін инфекциялық аурулардың қысқаша сипаттамалары беріледі.



КЕЙБІР инфекциялық аурулардың сипаттамасы.
Оба
Зооноздық сипаттағы аса жұқпалы ауру.

Оба таяқшасы бірнеше минуттан 2-3 сағатқа дейінгі тура күн сәулесінің әсерінен жоғалады. Ауру адамдардың қақырығында 10 күнге дейін, мүрделерде 6-7 күнге дейін сақталады.

3% лизол мен карбол қышқылының ерітіндісі қоздырғыштарды 5-15 минуттан соң жояды, сулем ерітіндісі (1:1000) 1-2 минуттан соң жояды. Негізгі клиникалық формалары: 1) бубондықя; 2) өкпе; 3) септикалық; 4) ішек; 5) және тері обалары.

Инкубациялық кезең 1-3 күн (5 тәулік).



Бруцеллез
Жалпы инфекциялық-аллергиялық аурулар тіреу-қозғалтқыш, невтік және басқа да жүйелерді зақымдай отырып әсер етеді.

Қоздырғыштар топырақта, шаң-тозаңдарда, киімдерде 3 айға дейін, су мен азық-түлік өнімдерінде (май, сыр, етте) 2 және одан да көп айлар бойына сақталады. Төменгі температурада бруцеллез қоздырғышы одан да артық сақталады. Ылғалды ортада 55-80ºС температурада 60 минут бойына сақталып, қайнатқанда тез жойылады. Құрғақ ыстық ауа жай әсер етеді. 90-95º температурада бруцелл 1 сағаттан соң жойылады, 5% фенол ерітіндісінде 3-5 минут бойына сақталады.

Инкубациялық кезең шамамен 2-3 аптаға созылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет