«Топтық жұмыстың тиімділігі» бойынша коуч сессия жоспары



бет4/4
Дата10.06.2017
өлшемі440,51 Kb.
#18912
1   2   3   4

Ақ қалпақ киген әріптес ұстаздық- ұлы жол,мына көрген бейнежазба біздің жұмысымыз ұқсайтынын, үнемі баламен жұмыста ізденісте жүретінімізді айтып өтсе, қызыл қалпақты әріптес ұялы сымтетіктің жағымсыз жақтары туралы айтты. Әрбір істі аяғына дейін жеткізуге үйрету үшін – әр ұстаз көп еңбектенеді, баланы үйретудің түрлі жолдарын іздестіреді, сабақ берудің әдіс-тәсілдерін өзі үшін де, бала үшін де білуі тиіс деген пікірді сары қалпақ киген әріптесім айтып өтті.

Сары қалпақты әріптес коучингтің өту барысы ұнағанын, қолданылып тұрған «Ойшылдың алты қалпағы» әдісін түсінгенін, оны өз сабағында қолдануға тырысатынын атап өтті. Кереғар пікір айтылды, ол әрине қара қалпақты әріптес еді. Қара қалпақ киген әріптестер ұялы сымтетіктің,теледидардың,компьютердің жағымсыз тұстарын айтты. Әріптестер берілген тапсырмалар бойынша әр қалпақтың атқаратын қызметіне байланысты өз ойларын ашық айтып ,топпен жұмыс жасады.Олар бір-бірінің айтқандарын тыңдап, сабақтың түйінді идеяларын аша білді, оны пікір айтқан кездерінде байқадым.

Айтылған пікірлерді тыңдай келе, көк қалпақты өзім киіп, мынадай қорытынды жасадым:«Неліктен осы әдісті таңдады десеңіздер,өйткені қалпақ тез киіліп, тез шешілетінін білесіздер. Бұл біздің ойлауымызға тікелей байланысты, себебі ойлау жүйесін түсті қалпақтар сияқты үнемі ауыстыру қажет. «Ойшылдың алты қалпағы» әдісі баланың ойлауын кеңейтеді. Егер балаға бір нәрсе туралы пікір айту тапсырмасын берсеңіз, жақсы оқитын оқушы оны орындап шығып, өз ойын айтады. Ал топтық жұмыста осы қалпақтарды бере отырып, талдау жүргізсеңіз сол сәтте нашар оқитын оқушының өзі пікір айтады.»

Қалпақ киіп жақсы пікір айтқан әріптестерімді смайликтермен бағалай отырып, әріптестеріме сабақ барысында балаға мадақтау арқылы бағалау тиімділігі туралы айтып өттім. "Сызат" бейнежазбасын көрсеттім,бейнежазба әріптестеріме жақсы ой қалдырғаны байқалды. Осы бейнежазбадан қандай ой түйгендерін "Фишбоун"әдісіне салуларын тапсырдым.Екі топқа «Бүгінгі сабақтан не алдым?,нені түсіндім,бізге деген ұсыныстарын жазуды яғни екі жұлдыз,бір тілектерін білдірді.»


Топтық жұмыс кезеңі " Фишбоун " әдісі

Коучинг барысында әр жасалынған тапсырмалардан кейін қошеметтеу әдісі де болып тұрды.Зейнеткерлік жастағы апайымыз да белсенділік,қызығушылық танытып,өз ойын ашық жеткізіп отырдыСпикерлер өз жауаптарында топтық жұмысты қалай ұйымдастыру, Әр сабақта АКТ-ны қолдану, баланы мақтау,мадақтау(формативті бағалау), балалардың ойлауын дамыту мақсатында топтық жұмыста «Ойшылдың алты қалпағы» әдісі ұнағанын атап өтті.Осы коучингте әріптестерім мені қолдады, ал мен оларды дұрыс бағаладым деп айта аламын.Олардың рефлексияда жазған сөздері осыған дәлел.

"Топтық жұмыстың тиімділігі "тақырыбында өткен коучинг сабағы әріптестеріме ұнады. Сәтті жағы: осы бағдарламадағы жеті модуль ішіндегі «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдермен» танысты.Топтық жұмысты қалай ұйымдастыруды, постер жасап, қорғауды, сыни ойлауды,"Фишбоун"әдісін, кері байланыс жасауды үйренді. «Ойшылдың алты қалпағы» әдісінің сәтті жақтары:

-көрнекілік ретінде өте қарапайым екенін,

- баланың ойлау қабілетін арттыратынын;

-баланың сөздік қоры, тілі, ойлау қабілеті дамитынын;

-әр баланың белсенділігінің артатындығын;

-өзіндік менменшіл ойдан алыстап, ортақ бір мақсат үшін жұмыс жасау дағдылары қалыптасатынын түсінді.

Сергіту сәтінде берілген "Достар" атты кароуке де сәтті орындалып шықты.



Сәтсіз жағы: - топтық ережені ұстамау,уақытпен санаспау .

Мұғалім оқушысы үшін қарапайым ұстаз болса, коучта әріптесі үшін көмек қолын созатын адам. Осы жерде мен мынадай ой түйдім: мұғалім мен коуч, екеуі де үйретуші, біреуі баланы, екіншісі әріптесін үйретеді. Түсінгенім, коуч білім бермейді, бірақ білім алуға үйренуге жетелейді. Ізденімпаздықты, зерттеушілікті, тынымсыз еңбекті, шығармашылықты талап ететін коуч жұмысы әрі ұнады, әрі маған жауапкершілік жүктеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет