«Топтық жұмыстың тиімділігі» бойынша коуч сессия жоспары



бет1/4
Дата10.06.2017
өлшемі440,51 Kb.
#18912
  1   2   3   4
«Топтық жұмыстың тиімділігі » бойынша коуч сессия

ЖОСПАРЫ


1

Жалпы мақсаты

Әріптестеріме жеті модульді ықпалдастыра отырып, топпен жұмыс жасаудың тиімділігін көрсету арқылы жұмыстарына өзгеріс енгізгу;

2

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер

Мұғалімдердің сабақ беретін сыныптарында топпен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.



Топпен жұмыс жасау үрдісін сабақта тиімді пайдаланады.

3

Түйінді идеялар

Топтық жұмыс жасау жолдарын үйрету арқылы табысты оқытуға қол жеткізу

4

Материалдар және ресурстар

Компьютер, интерактивті тақта,постер, оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 и АЗ форматтағы ақ қағаздар, стикерлер

Сабақтың барысы

Коуч сессияны өткізу этаптары

Мерзімі

Мұғалім және коуч қатысушылардың іс-әрекеттері



Сәлемдесу

3 мин

Шаттық шеңберін құрып тұрып, коучтің ұсынысымен бір-біріне ыстық лебіздерін айтады.

Шағын топқа бөлу

5 мин

Коуч "1, 2, 3" сандарын ретімен айтқызып, сол сандар бойынша өз топтарына отырады.

Эдуард Де Бононың Ойлаудың алты қалпағы

10 мин

" Ақылдың алты қалпағы " әдісін қолданамын.Бұл әдісте мұғалімдер санау арқылы топ болып қайта топқа бөлінеді.Әртүрлі түстерді хобдишаның ішінен ір топ қалаған түстерін таңдайды.

Қалпақтардың өздерінің істейтін жұмыстары болады.

Мысалы: Ақ қалпақ -қажетті ақпараттарды жинайды.

Сары қалпақ- жағымды жақтарын айқындайды.

Жасыл қалпақ-жаңа ой айтады ,идеяға бағыттайды.


Бағалау

2 мин

Кесте арқылы бағалау.

Видео ролик

10мин

Видео ролик "Сызат" бойынша мұғалімдер өз ойларын ортаға салады.

Фишбоун әдісі

2 мин

Сызат бойынша "Фишбоун" әдісін қолдану.

Постер қорғау

10мин

Топтық жұмыстың ережесі бойынша

Презентация-лар таныстыры-

лымы


10 мин

Презентация слайдтар көрсету.




Сергіту сәті:

3 мин

"Кароуке" Достар

Рефлексия

5 мин

«Екі жұлдыз,бір тілек » стратегиясы бойынша

"Топтық жұмыстың тиімділігі "тақырыбында өткен коучингке рефлексивті есеп

Әр мұғалімге білім алу мен дамуға, сол арқылы өзінің кәсіби қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін үдеріс- коучинг.Осы бағдарламаның мұғалімдері әріптестер тобын оқытуды басқарудағы –коучингті жүргізе алатын болады делінген. Теориялық білім кезеңінде коучинг пен коуч туралы білімімді әрі жалғастыру мақсатында коучинг ұйымдастырдым.

Мектептегі әріптестерім бұл бағдарламаның жалпы мазмұнымен, мақсат, міндеттерімен таныс. Ұжыммен келісе отырып, белгіленген кесте бойынша өткізетін коучингімнің тақырыбы мен уақытын белгілеп алдым.Топтық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» аясындағы «Топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі» деген тақырыпта коучинг өткіздім.Мұндағы мақсатым:әріптестеріме жеті модульді ықпалдастыра отырып, топпен жұмыс жасаудың тиімділігін көрсету арқылы жұмыстарына өзгеріс енгізу. Міндеті:-топтық жұмыс арқылы оқушыларын бірлесе әрекет етуге үйрету; -топтық жұмыста оқушының тұлға ретінде дамуына жағдай жасау. Коучингімді жоспарлағанда әріптестерімде бір серпіліс сабақ үдерісіне жаңалық әкелсе екен деп ойладым.Әр мұғалім өз ісіне басқа көзқарас танытып, оқушыға жаңаша әдіспен сабақ берсе екен деген ой болды.Осы коучингке 10 әріптесім келді.Коучингке қатысып отырған әріптестердің ішінде жаңа әдіс-тәсілдердің элементтерін қолданып сабақ өткізіп жүрген ұстаздар бар, топтық жұмыстың әдіс-тәсілдерімен де таныс.

Бұл тақырыптың мен үшін маңыздылығы, ұстаздар кейде жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қалай іске асыру керек екенін,оқушыларды сабаққа қызықтыруды түсінбей жатады. Сондықтан да үнемі жаңашылдықты жадымыздан шығармауымыз керек. Мен өткізген коучингтің мақсаты: ұстаздарды жаңа бағдарламаның «Оқытудағы жаңа тәсілдер» модулін түсінуге, осы модульдің маңыздылығына тоқтала отырып, оқушыларына беретін тапсырмаларын, оқытудағы әдіс-тәсілдерін талапқа сай ұйымдастыруына ықпал ету.Күтілетін нәтиже: мұғалімдер топтық оқыту әдістемесін пайдалану қолайлы екендігін түсінеді; коучинг кезінде әріптестерімнің жолдастық қарым-қатынасы артады;формативті бағалау әдісін үйренеді; Эдвард де Бононың «Ойшылдың алты қалпағы» әдісімен топтық жұмыс тәсілін жасап, көрсетеді;



Осы мақсатты жүзеге асыруда келесі жұмыстарды ұйымдастырдым: ынтымақтастық орнату, топқа бөлу, «Ой қозғау», тақырып бойынша постер қорғау,сергіту сәті, бағалау, рефлексия жүргізу .Келген әріптестеріме топтық жұмыс түсінікті болу үшін оларды «Шаттық шеңберіне» тұрып, бір-біріне жақсы сөз айтуға шақырдым. Топқа от,күн,ай суреттері бойынша бөлдім.Сонымен бірге таңдаған суреттеріне қарай психологиялық мінездеме беріп те өттім.

«Шаттық шеңбері» От,күн, ай суреттері бойынша топқа бөлу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет