Зат - тыныштық массасы мен кеңістікте шектелген пішімі бар бөлшекті нысандардың жиынтығын білдіреді.
ЗАТ Жай (сутегі, оттегі) Күрделі (су, қант) ЗАТ Табиғи (көмірқышқыл газы) Синтетикалық (полиэтилен)
Жай зат — бір химиялық элемент атомдарынан түзілген зат. Жай зат химиялық элементтің бос күйіндегі өмір сүру формасы болып табылады
Оттегі атомдары Оттегі молекуласы
Әрбір жай заттың өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Олар өзара әрекеттескенде әрқайсысына тән қасиеттері жойылып, КҮРДЕЛІ ЗАТТАР түзіледі.
сутегі оттегі атомы сутегі судың молекуласы
Жай және күрделі заттардың мысалдары:
Н2 - жай зат
NH3 - күрделі зат, азот пен сутектің қосылысы.
СH4 – күрделі зат, көміртек пен сутектің қосылысы.
Н2О - күрделі зат, оттегі мен сутектің қосылысы.
Метан молекуласы Аммиак молекуласы Су молекуласы Сутегі
Химияның негізгі анықтамалары
Молекула – бұл заттың химиялық қасиеттерін анықтайтын бір немесе бірнеше элементтердің атомдары арасында ковалентті байланыстар түзілген кезде пайда болатын электрлік бейтарап бөлшек.