Бейорганикалық химия, анорганикалық химия – химиялық элементтерді, солардан түзілетін жай және күрделі заттарды әрі олардың өзгерулерін зерттейтін ғылым. Менделеев периодтық таблицасының барлық элементтерін (көміртегіден басқа) оқытады.
Органикалық химия – химияның көміртек және оның басқа элементтермен түзілген органикалық қосылыстарын, олардың өзара түрлену заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Физикалық химия зат құрылысының заңдылығын, химиялық жүйедегі тепе-тендікті, тепе-тендіктегі бір күйден екінші күйге ауысу мүмкіндігін көрсететін заңдылықты және химиялық түрлену құбылысын зерттейді..