Торлы құрылым



Дата24.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#133060
Байланысты:
торлы құрылым

Торлы құрылым

Орындаған:Жанакулова Нуршапагат,БГ-23

Тексерген:Нурмухамбетова Газиза Саруаровна


Торлы құрылым (ретикулярлық формация) пішіні әртүрлі, үлкенді-кішілі, көптеген қысқа тармақты (дендритті) Олардың дендриттері көп бұтақты жасушалар тобы. Олардың арасында көптеген түйіспелер құрылады. Мәселен, екі нейрон дендриттері ара-сында 30 000-ға жақын түйіспелер болуы мүмкін. Сондықтан торлықұрылымның гистологиялық препаратын жай микроскоппен қараған-да ол тор тәрізді болып көрінеді.
Осыдан 150 жылдай бұрын торлықұрылымға бірінші сипаттама берген Дейтерс болатын. Торлы құрылым ми бағанында орналасқан. Оның нобайы ортаңғы мида, біразыкөпірде, үлкен нейрондылары сопақша мида топтаскан, шеткей орналасқан ағзалармен тікелей байланыспаған. Ағзалардағы қабыл-дағыштардан ақпараттық мағлұматтар торлы құрылымға жұлынныңжоғары ми сыңарлары қыртысына қарай өрлеуші жолдарынан коллатераль (жалғама) байланыстар арқылы келеді.
Оған серпіністер көлденең бұтақшалар арқылы тіпті көру, дыбыс жүйкелерінен де келіп түседі. Торлы кұрылым кейде бейарнамалы жүйке жүйесі деп те аталады. Өйткені ол орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің (ми қыртысынан бастап жұлынға дейін)қызметін белсендіреді. Жалпы алғанда торлы құрылым ми бөлімдерімен қарама-қарсы екі бағытта байланысқан.Торлы құрылымның физиологиялық мәні жақын арада ғана анықтала бастады. Американдық Мегун (1948) мен итальяндық физиолог Морруций(1949) ми қыртысы биотоктарын жазу және электр тогы мен торлы құрылымның ортаңғы мидағы бөлімін тітіркендіру арқылы, мұның ми сыңарлары қыртысының қызметін түгелдей күшейтетінін анықтады.
Ортаңғы мидағы торлы құрылымды тітіркендірсе ми қыртысының қай бөлімінің электро-энцефалаграммасы болса да, онда альфа және бета толқындары пайда болады. Ұйқыдағы жануардың торлы құрылымын тітіркендірсе, ол оянып кетеді. Бұл кезде электро энцефалограммадағы тежелуді көрсететін үлкен және сирек толқындардың орнына кіші және жиі (альфа,бета) толқындар пайда болады.
Торлы құрылым мен ми қыртысы сыңарларын қосатын жолын кесіп жіберсе, жануар қатты ұйқыға кетеді.Бұл айтылғандар торлы бөлімнің ми қыртысын ширатып, оның қызметін күшейтетінін көрсетеді. Осыған орай торлы құрылымды ми қыртысы қызметін түгелдей күшейтетін бей арнамалы жүйке жүйесі депте атайды. Ол ми қыртысына әсер еткенмен де өзі ми қыртысына тәуелді. Ми қыртысы торлы құрылым арқылы өзінің қызметін өзіреттейді, яғни кері байланыс арқылы ми қыртысы торлы құрылымдағы қозуды күшейте немесе бәсеңдете алады. Мұнымен қатар торлы құрылым орталық жүйке жүйесінде қозу мен тежелу үрдістерінің жайылуын және бір орталыққа жиналуын реттейді.
Бастапқы кезде торлы құрылымда белгілі бір дербес, қызметті реттейтін орталық жоқ деп есептелетін. Қазір вoрoлий көпірінде орналасқан торлы құрылымда ми қыртысындағы тежеуді тездететін, жануарды ұйықтататын орталық бар екені анықталып отыр. Ал сопақша мидағы торлы құрылымда жұлын қызметін күшейтетін және тежейтін әсері төменге қарай бағытталған екі орталықтың бар екені белгілі болды.Торлы құрылым ауырсыну сезімін тудыруға да қатысады. Мәселен торлы құрылымға ғана әсер ететін барбитураттар тобынан дәрі ішіп ауырсыну сезімін жоюға болады (аналгезия).
Торлы құрылым, гипоталамус, таламус және көне ми қыртысы қосылып лимбиялық жүйе құрады. бұл жүйе эмоция мен мотивацияны тудырып адамның іс-әрекетіне, мінез-құлқына ықпал жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет