Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Дата05.05.2020
өлшемі70,19 Kb.
#65973
Байланысты:
І нұсқа бжб

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



«СТАТИСТИКА. КОМБИНАТОРИКА, ШАМАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛДІЛІКТЕР» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш

Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу

Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару


Оқу мақсаты


        1. бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің өзгеріс ауқымы, медианасы, модасының анықтамаларын білу

        2. статистикалық санды сипаттамаларды есептеу

6.4.2.1 іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару

6.2.2.19 теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу

6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару

6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу



Орындау уақыты 25 минут


1-нұсқа

1) 3, 7, 5,18, 21, 18, 19 қатары берілген. Төмендегі ақпараттарды пайдаланып табыңыз

а) арифметикалық ортасы

b) өзгеріс құлашы

с) қатар модасы



d) медианасын

[4]


2) Алпамыстың ақ және көк түсті бейсболкалары, ақ, сары және көк футболкалары және қара және көк түсті джинсылары бар. Егер ол бейсболка, футболка және джинсыларын ауыстырып кисе, Алпамыс неше түрлі болып киіне алады? Жауабыңызды нұсқалар ағашын құрып көрсетіңіз. [3]

3) Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешіңіз:



х-у=2

2х+3у=-1 [4]



4) Суретте саяхатшының қозғалыс графигі көрсетілген. Графикті пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Саяхатшы жолға қанша уақыт жұмсады?

  2. Саяхатшы қанша уақыт демалысқа жұмсады?

  3. Саяхатшының ең үлкен жылдамдығы қандай болған?

  4. Саяхатшы алғашқы 5 cағатына қанша уақыт жұмсады? [4]




Бағалау критерилері

тапсырмалар

Дискриптор

ұпай

Статистикалық

деректер және

олардың

сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш



№1

арифметикалық ортасын

1

өзгеріс құлашын

1

қатар модасын

1

медианасын

1

Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару

№2

Ағаш нұсқасын дұрыс құрастырады

1

Іріктеу тәсілін дұрыс таңдайды

1

Жауабын дұрыс жазады

1

Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешеді

№3

Теңдеудегі х-ті у арқылы өрнектейді

1

у-тің мәнін анықтайды

1

х-тің мәнін анықтайды

1

Шешімін сандар жұбымен жазады

1

Шынайы процестердің

графиктерін қолданып,

шамалар арасындағы

тәуелділіктерді табады



№4

графикті пайдаланып уақытты

есептейді



1

графикті пайдаланып уақытты

есептейді



1

графикті пайдаланып жылдамдықты

есептейді



1

графикті пайдаланып жолды есептейді

1










15


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет