Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 9-сынып Нұр-Сұлтан, 2022 Мазмұны


-мәтін – Әбен Алдабергенұлы, әуелі өзіңіз басшылық ететін өкілдіктің мақсат-міндетіне тоқтала кетсеңіз



бет10/25
Дата17.11.2023
өлшемі335,6 Kb.
#191820
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
Қазақ тілі 9-сынып ТЖБ (1)

2-мәтін
Әбен Алдабергенұлы, әуелі өзіңіз басшылық ететін өкілдіктің мақсат-міндетіне тоқтала кетсеңіз.
– Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Халықаралық адам құқығын қорғау комитеті ел ішіндегі дау-дамайларды халықаралық деңгейде реттеуге атсалысады. Өркениетке ұмтылған кез келген зайырлы мемлекетте құқықтық келіспеушіліктің бәрі заң шеңберінде шешімін табуы тиіс. Комитет адамдарға дау-дамайды реттеудің халықаралық заңдардағы тетіктерін көрсетеді, құқықтық кеңес береді. Өкілдіктің көздегені – екі адамды бір-бірімен айтыстырып қою емес, керісінше, адам құқығының қорғалуын қамтамасыз ету. Комитеттің темірқазық етіп ұстанатыны – бейбітшілік, бейбіт бітім.
Демек комитет өкілдігі Қазақстан азаматтарының арасындағы құқықтық дауларға тікелей араласады, солай ма?
– Иә, мәселен, кейбір азаматтық істер шешілмей немесе іске қатысты бұрмалаушылықтар болып жатады. Осындай жағдайда біздің өкілдік қызметкерлері дауды шешудің жолдарын көрсетіп, тәртіптерін түсіндіріп береді. Даудың әділдікпен бітіп, тараптардың бейбіт келісімге келуіне қызмет жасайды, көмектеседі.
Халықтың құқықтық сауатының деңгейі жөнінде не айтар едіңіз?
– Көпке топырақ шашуға болмайды, дегенмен бәрі бірдей сауатты деп тағы айта алмаймын. Ел іші болғасын сауаттысы да бар, сауаты кемі де кездеседі. Көбіне адамдар салақтығының, жауапсыздығының кесірінен дауға тап болып жатады. Мысалы, салық төлеу мәселесінде үйінің, көлігінің немесе жерінің алым-салығын уақытында төлеп тұрса, ешқандай құқықтық дау туындамайды. Тек осыны ескере бермейтіндер бар.
Құқықтық насихат жұмыстарын жүргізесіздер ме?
– Мектептерде, діни мекемелерде, жоғары оқу орындарында көпшілікпен кездесу өткізіп, құқықтық тақырыптарда әңгіме қозғап, түсініктемелер береміз.
Әңгімеңізге рақмет.


Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
[10]

Биылғы жыл ел жылнамасында айрықша әріптермен жазылатын айтулы оқиғаларға толы болды десек, олардың көш басында төрткүл дүниенің назарын Қазақ еліне бұрған айтулы оқиға – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі тұрғаны талассыз. Үш айға созылған жаһандық шара мемлекетімізді әлемдік қауымдастыққа жаңа қырынан танытып қана қоймай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрістеуіне, мәдени дамуына тың серпін берді.


Көрме аяқталған соң Елбасы Н.Назарбаев ЭКСПО-ның Қазақстан экономикасын дамытуға оң әсер еткенін ерекше атап өтті.
– Шағын және орта бизнестегі 1400-ден астам кәсіпорын құны 640 миллиард теңге болатын тауарларды жеткізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды. Туристік сектор жандана түсті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайыздан аса көбейді. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті, – деді Мемлекет басшысы.
Елбасы ЭКСПО бүкіл әлемнің интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік бергенін айтты. Көрмеде жаңартылатын энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды.



  1. Мәтіннен ақпаратты іріктеп, оған комментарий жасаңыз.







Іріктелген ақпарат

Комментарий

Мәселенің оң жақтары

1.
2.




Мәселенің мүмкіндіктері

1.
2.







  1. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі әлемдегі және Қазақстандағы қандай өзекті мәселелерді шешуге жол ашты? Пікіріңізді білдіруде мәтіннен авторына сілтеме жасай отырып, дәлел келтіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет