Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 9-сынып Нұр-Сұлтан, 2022 Мазмұны


Арман Азатұлы, 2025 жылға қарай судың тапшығы болып, күрделі ахуал қалыптасады деген пікірлер қаншалықты шындыққа сайкес келеді?



бет22/25
Дата17.11.2023
өлшемі335,6 Kb.
#191820
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Қазақ тілі 9-сынып ТЖБ (1)

2-мәтін

  • Арман Азатұлы, 2025 жылға қарай судың тапшығы болып, күрделі ахуал қалыптасады деген пікірлер қаншалықты шындыққа сайкес келеді?

  • Су – жер бетіндегі өмірдің көзі ретінде маңызды табиғи және стратегиялық ресурс. Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде су ресурстарының ахуалы бойынша алаңдаушылық артып келеді, себебі халық саны ұлғайып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бұл суды пайдаланудың көлемін арттырып отыр. БҰҰ мәліметі бойынша әлемде жылына ауызсудың тапшылығы 230 млрд. текше метр мөлшерінде бағалануда. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарында: «Онжылдықтағы мақсат – барлық деңгейдегі су ресурстарына байланысты іске асырылып жатқан бағдарламалар мен жобалар бойынша шараларға және проблемаларға баса назар аударуға негізделген», - делінген.

  • Қазақстанда халқымызды ауызсумен, ал экономиканың салаларын су ресурстарымен қамтамасыз етудің нақты жоспарлары бар ма?

  • Қазақстан аумағы ТМД-ның еуропалық және сібірлік бөліктеріндегі республикалармен салыстарғанда су ресурстарына біршама жұтаңдау. Ауызсу тапшылығы бізде экологиялық және экономикалық проблема болып табылады. Мәселен, халық пайдаланатын ауызсудың көзі ретінде табиғи су қоймалары, өзендер мен көлдер қарастырылады. Осылардан су жинақталады және ол тазартылып, кейіннен таза су ретінде пайдаланылады. Сіз айтқан мәселелерді шешу үшін су қоймалары мен суды тазарту жабдықтарынан бастап сумен қамтамасыз ететін нысандарға дейінгі құрылыс нысандары, яғни бірнеше шақырымға созылған су құбырлары салынады. Осы орайда айта кетерлігі, өткен ғасырда салынған су құбырлары жүйесінің және ауызсумен қамтамасыз ету нысандарының бүгінде 60 пайызының тозығы жеткен. Жаңадан әзірленіп, жүзеге асырыла бастаған «Ақ бұлақ» атты салалық жаңа бағдарлама осы мәселелерді шешеді деген ойдамыз.

Оқылым Тапсырма

  1. Мәтінді оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратыңыз.

  2. Көтерілген мәселе бойынша оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған 3 талқылау сұрағын құрастырыңыз.

[10]



Қақтығыстарды реттеудің әдістері
Тар мағынада «Қақтығыстарды реттеу» термині қақтығыстарды басқару тәсілінің бірі деп қарастырылады. Оның қолданылуы қақтығыстардың жойылуын немесе аяқталуын білдірмейді, тек екі қарама-қарсы жақтың бір-біріне деген өшпенділіктерін шектей тұру, шығынға әкелмеуді білдіреді. Негізгі мағынасы қақтығыстарды алып тастау емес, оны нәтижелі қылу.
Келіссөздер – тек қана қақтығыстың аяқталып, оның реттелуінен, шешілуі ғана емес, сондай-ақ қақтығыста қатысу әдісі, оның дамуының бір формасы болып табылады. Келіссөздер процесінің өзі оған дайындық, бұл процесс кезінде екі жақты татуластыру үшін қақтығыстың дамыған кезеңінде қолданылып, қатысушылардың өз көзқарастары мен құндылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Келіссөздер – бұл біріншіден, ортақ көзқарастарды көздеген шаралардың бірі. Келіссөздер кезінде көрінетін бәсекелестікте, бір жақ екінші жаққа өзінің көзқарастарын жүзеге асыратындай іс-қимыл кезінде сыйақы алуға мүмкіндік береді.
Келіссөздер – бұл екі жақтың да көзқарастары мен мүдделері көзделген картаға қойылған стратегия. Әрине екі жақ бірден келісімге келе қоймайды. Келіссөздер кезіндегі күштердің арақатынасына сай олардың мазмұны мен көзқарастары, келіссөз жүргізушілердің жеке стилі мен келіссөзер формасы, фазалары, келіссөз жүргізу тәсілі әртүрлі болып ауыса береді. Келіссөздерде, әрине, қақтығыстарға қатысушылар күші мен олардың бір бірімен күреске дайындығының арасындағы арақатынас маңызды болып табылады.
Келіссөздерді қақтығысқа қатысып отырған бөлек мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, жеке азаматтар, делдалдар мен қызығушы топтар жүргізе алады, бірақ тәжірибе көрсеткендей, біліктілігі бар, осы салада сәтті келіссөздер жүргізіп танылған, арнайы дайындықтан өткен адамдар ғана келіссөздің сәтті өтуіне себепші болады. Оның классикалық мысалы келіссөз жүргізуші – басқалармен диалог жүргізуде өз елінің көзқарасын білдіретін дипломат-елші болып табылады.
Б.И. Нұрбосынов, Р.Ғ. Ережепова

Талдау______________________________________________________________________


Сұрақ:
1.____________________________________________________
2.____________________________________________________
3.____________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет