Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы «Қазақ әдебиеті»



бет3/12
Дата22.12.2021
өлшемі58,69 Kb.
#127419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
То санды жиынты ба алауды спецификациясы « аза дебиеті» (1)
МФТ книга

Күтілетін нәтижелер





  1. әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әртүрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын, фольклорда халық тұрмысының, салт-дәстүрінің бейнелену ерекшеліктерін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі, өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндердің фрагменттерін (таңдауы бойынша) жатқа біледі; оқылатын шығармалардан дәйексөздерді біледі;

  2. ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін; әдебиеттің мәдениеттің аса маңызды жетістіктерінің бірі ретіндегі рөлін; адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем шығармалардағы бейнелі суреттеулерді, шығармаларда ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінеді;

  3. әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша әңгіме құрастыру үшін әдеби кейіпкерлердің диалогын (оқығанының негізінде) дайындау – кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерге (топтық мінездеме), екі кейіпкерге (салыстырмалы мінездеме) мінездеме беру кезінде, өз бетімен оқыған кітапқа шағын жазбаша пікір дайындау кезінде; талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру кезінде, АКТ қатыстыра отырып, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру процесінде; өзі үшін өзекті оқу ортасын анықтау және көркем шығармаларды бағалау; пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу; қажетті ақпаратты іздестіру үшін алған білім, білік және дағдыларын; оқытылатын шығармаларды талдау үшін арнайы терминдер мен ұғымдарды; өзекті проблемаларды талқылау кезінде меңгерген дағдыларын; өз ойын білдіру, мәдени ісшараларға қатысу үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады;

  4. оқығанына өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, әртүрлі жанрда бейнеленген шығармаларды; тақырыпты, идеяны және шығарма композициясының, сюжет ерекшеліктерін, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің ісәрекетін және амалдарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін талдайды, оларды әлем әдебиеті туындыларымен және өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстырады;

  5. көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын таңдау; фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстыру; әртүрлі жоспарлар құру үшін; әртүрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімін, білігін және дағдыларын жинақтайды; шығармалардағы құндылықтарды қазақ және басқа да халықтардың құндылықтарымен өзара байланыстырады;

  6. оқылған шығарманы композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік ресімделуі және қойылған коммуникативті міндеттерге қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан; өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет