Тотығу-тотықсыздану реакциялары


H2S + MnО4- + H+→S + Mn2+ + H2О



бет6/6
Дата07.06.2020
өлшемі108,06 Kb.
#72614
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мақпал Манзура

H2S + MnО4- + H+→S + Mn2+ + H2О

2.Тотығуға және тотықсыздануға қатысқан бөлшектерді екі бөліп,

оны жартылай реакция түрінде жазамыз:

тотығу H2S - 2ē = S + 2H+ 5 тотықсызданады

тотықсыздану МnО4ˉ + 8Н+ + 5ē = Мn2+ + 4Н2О 2 тотығады

Соңғы теңдеуде МnO4- аниондағы 4 оттегі атомын

байланыстыру үшін 8Н+ қоса жазылады.

3. Табылған коэффициенттерге жартылай реакциялар теңдеуін қосып, теңестірілгсн жалпы иондық теңдеуді жазамыз:



5H2S + 2MnO4- + 6Н + = 5S + 2Мn2+ 8Н2О

Соңында реакцияның иондық теңдеу негізінде

молекула- лық теңдеуді толық жазамыз:

5H2S + 2KMnО4 + 3H2SО4 = 5S + 2MnSО4 + K2SО4 + 8Н2О

Теңестірудің бұл екі әдісі іс жүзінде бірдей қолданылады,

Алайда ерітінділерде өтетін тотығу-тотықсыздану реакцияларын тек ионды-электронды әдісі бойынша ғана құрастырған жөн.

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері

Үш түрлі тотығу-тотыксыздану реакциялары болады:


  • Атомдар немесе молекулалар арасындағы тотығу- тотықсыздану реакциялары.

  • Бұған электрондардың атомдар, молекулалар немесе иондар арасында болатын алмасу реакциялары жатады:

    2Са+2 + О2° = Са+2О-2;

    H20 + Cl20 = 2H+Cl- ;

    Zn0 + Cu+2SO4 = Cu0 + Zn+2SО4

2) Ѳзін-ѳзі тотықтыру-тотықсыздандыру немесе

диспропорциялану реакциялары.Бұл жағдайда бір ғана атом, молекула немесе иондар тотықтырғыш та,тотықсыздандырғыш та бола алады.

Мысалы:

Сl2+Н2O↔ НСl-1 + НСl+1О

реакциясында хлордың тотығу дәрежесі ғана өзгереді;



Сl2 молекуласындағы хлор атомдары элек- тронын береді және алады:

Сl0 – ē = Сl+1 С10 + ē = С1-1

Демек екі хлор атомдарының біреуі — тотықсыздандырғыш,

екіншісі — тотықтырғыш.

3) Молекула ішіндегі тотығу-тотықсыздану реакциялары

бір ғана молекуладағы екі турлі атомның біріне- бірінің электрондарды

ауыстыруы арқылы жүзеге асады.

Мұндай реакциялар көп жағдайда күрделі заттардың ыдырауына сай келеді.

Мысалы, аммоний дихроматының (NH4)2Cr2O7 ыдырауы кезінде

азот пен хром атомдарының тотығу дәрежелері өзгереді:

(N-3H4)2 Сr2О7 = N2° + Сr2O3 + 4Н20

тотығу 2N-3 - 6ē = N20 1 тотықсызданады

тотықсыздану 2Cr+6 + 6ē = 2Cr+3 1 тотығады

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының стехиометр коэффицеттерін табудың бұлардан басқа  А.Гарсиа, электронды баланс, математикалық әдістері де бар. Химияда Тотығу-тотықсыздану реакциялар өте көп таралған. Мысалы, аммиак, азотқышқылы, күкірт қышқылын алу, электролиз (анодта электрхимиялық тотығу, катодта электрхимиялық тотықсыздану), жану процесі, металдар коррозиясы, фотосинтез, т.б. маңызды биологиялық құбылыстар Тотығу-тотықсыздану реакциялар процесіне жатады. Тотығу-тотықсыздану реакциялар өнеркәсіпте және техникада көміртек оксидтерін, таза металл, т.б. алуда кеңінен қолданылады.


Назар аударғандарыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет