Трахеостома күтімі



Дата08.02.2022
өлшемі48,6 Kb.
#117725
Байланысты:
Трахеостома күтімі


Трахеостома күтімі

Трахеостома (кеңірдекті кесу) кеңірдек арқылы ауаның табиғи жолмен өтуі мүмкін болмайтын жағдайларда салынады. Кейбір жағдайларда,мысалы, көмекейдің,дауыс байламаларының қатерлі ісігінде трахеостомия жоспарлы турде жасалады.Егер тыныс жолдарының бітелуі отадан кейінгі кезеңде эндотрахеальды түтік арқылы шығарылатын тым көлемді сілекей,қақырық бөлінгеннен пайда болса,жедел трахеотомия жасалады. Отадан кейінгі кезеңде жасалған трахеостомаға өкпенің жасанжы желдетуін орындауға болатын арнайы аспап қосуға болады. Трахеостома уақытша және тұрақты бола алады.


Түтіктер түрі көп,бірақ негізінен екі түрі қолданылады.



  • Егер трахеостома уақытша болса, ішкі диаметрі кең пластикалық түтік қолданылады. Осындай түтікті пациентке сәулелік терапия қолданатын болса, не қолданылып жатса (мысалы, көмекей рагі) пайдаланады. Үрленбейтін манжетка түтік айналасын тегіс жауып,түтікке қосылуы мүмкін,тыныс аспабын қолдануға мүмкіндік береді.




  • Металды түтікті тұрақты трахеостома үшін қолданылады,ол үш бөліктен тұрады:

  • сыртқы түтік (канюля),сыртында бау өткізетін тесігі бар,ол арқылы түтік мойынға бекітіледі(тесік арқылы бау екі рет өткізіліп,түйін арқылы бекітілетінін ұмытпау керек);

  • ұшы тұйық өткізгіш, ол арқылы түтік қажетті қалыпқа орналастырылады.Ол тек түтікті енгізгенде ғана қолданылады;

  • ішкі түтік (канюля),трахеостоманың сыртқы түтігінен бірге тұрады.Ішкі түтікті алып жууға болады.






Трахеостоманың стационардағы күтімі.
Трахеостома арқылы енген ауа әдеттегідей мұрын және жоғарғы тыныс жолдары арқылы өткендегідей жылытылмайтыны,ылғалданбайтыны,қоспаларынан тазартылмайтыны әрдайым есте болуы тиіс. Сондықтан трахеостомасы бар адам әр түрлі инфекцияны қабылдауға өте тиім,тыныс жолдарының инфекциялануының алдын алу тұрақты түрде орындалуы тиіс. Ол үшін қажеттілері:

  • ауаны ылғалдандырылатын,жылытатын сыртқы жағдайды пайдаланып,тыныс жолдарын ылғалдандырылған ауамен қамтамасыз ету қажет. Осылай сөлдің жабысқақтығы төмендетіледі;

  • ауыз қуысын күту қажет,себебі онда сілекей,кілегей жиналуы,еріндер жарылуы мүмкін. Сондықтан ауыздан,көмекейден еппен кілегейлерден тазарту,еріндерді,тілді,ауыз қуысын қарау, ауызды физиологиялық ерітіндімен ылғалданған тампонмен тазалау керек;еріндерді ылғандандыратын кремдермен майлау қажет;

  • өкпені желдететін барлық жабдықтарды әр 24 сағат сайын ауыстыру керек;

  • түтікті күтетін кез келген жерге түсіп кеткен зат ауыстырылуы керек;

  • тыныс алу аспаптарында конденсация нәтижесінде пайда болған сұйықтық алынуы тиіс. (Оны ешқашан ылғалдағышқа құюға болмайды!).

  • жағдайға сәйкес тамақтанумен қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет