Уильям Оккам ұстарасы. “Мән-мағынаны қажеттіктен жоғары көбейтпеу керек²- бұл Уильям Оккамның ұстарасы. Ол арқылы Уильям Оккам метафизикалық ұғымдардың көбін теріске шығарады, өйткені, олар дәлелденбейді және пайдасыз. Біз заттардың сапасы мен қасиеттерінен басқа тәжірибелік зерттеуде ешнәрсе таппаймыз. Олай болса, метафизикалық жалпы ұғымдар мәнсіз, тек таным процесін қиындатады. Сондықтан, тек тәжірибелік танымға ғана сүйену керек. Ол - танымның іргетасы.
Әрине, мұндай көзқарас схоластикалық философияға үлкен соққы жасап, болашақ тәжірибелік танымның жолын ашты.
Ал оның қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне тигізген әсерін ықпалын алатын болсақ, онда жекелікті, жалқылықты ғана мойындау, діни көзқарасты ғылыми білімнен бөлуге келеміз. Қоғамның саяси саласында діни биліктің саясаттан бөліну керектігі жөніндегі идеяны туғызады. Ал Дүниеге келген жана идея іске аспай қоймайды. Оның әржағында жеке адамның құқы, оның мүддесінің жалпы қоғамның мүддесінен басымдығы жөніндегі идея да алыс емес.