«Тұран» Университі


тақырып. Ежелгі Үнді философиясы



бет2/212
Дата15.03.2022
өлшемі2,53 Mb.
#135460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   212
Байланысты:
философия лекция (7)
философия сил 2021 қазақша (1), Әдіс.ұсыным, 6. ОКС комм, 8 сынып бжб
2.1.тақырып. Ежелгі Үнді философиясы.
Үнді халқының, көрші Қытай елі сияқты 4-5 мыңжылдық өркениеттік тарихы бар ел. Олай болса, оның өзіне тән ерекшеліктері біршама.
Үнді елінің ғажап ерекшелігі – оның әлеуметтік ұйымдастырылуында. Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны – варна, я болмаса каста дейді.
Негізінен алғанда, Индия қоғамында 4 каста тарихи пайда болды. Олар:
Брахмандар (ақтар) – айналысатын істері – ой еңбегі, негізінен діни қызметкерлер, ел басқарушылар.
Кшатрилер (қызылдар) – айналысатын істері – жауынгерлік істер.
Вайшьилер (сарылар) – еңбек етеін адамдар, негізінен егін егу, мал бағу, қолөнермен айналысу т.с.с.
Шудралар (қаралар) – ең ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар.
Тарихи алғы үш каста б.ғ.д. 1500 жылдары үнді еліне басқа жақтан келген арий тайпалары. Шудралар – жергілікті сол жерде пайда болған аборигендер болып есептеледі.(ab orіgіne - латын сөзі, -басынан бастап).
Әрбір кастаның өзінің әдет-ғұрыптары және басқа касталармен қандай қатынаста болу керек жөніндегі ережелері бар. Үлкен касталардың өзі іштей әртүрлі топтарға бөлінеді.
Басқа жақтан келген адамдар бірде-бір кастаның ішіне кіре алмағаннан кейін өзінше дербес каста болып қалыптаса бастайды.
Касталық қоғам қалай пайда болғаны, оған әкелген қандай себептердің болғаны белгісіз болса да, оның негізінде жатқан 3 принципті көрсетуге болады. Олар:
әрбір кастаның ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты бұзуы мүмкіншілігінен пайда болатын үрей, қорқыныш сезімі;
касталық қоғамның пирамидальдық құрылымы. Әр каста өзінен төмен жатқан топтарға жоғарыдан қарап, өзінің қадірлігін сезінуге мүмкіндік алады;
реинкарнация, яғни адамның жан-дүниесінің келесі өмірде ауысып кету мүмкіндігі;
Әрбір адамның негізгі құндылығы сол өзі туып-өскен каста болғаннан кейін, индустар қоғамның саяси өміріне, жерге, билікке онша көп мән бермеген. үнді еліне жер ауып келген басқа халықтар ерекше каста болып өзінің әдет-ғұрыптарын, тілін сақтауға жақсы мүмкіндік алып, сол қоғамның ерекше құрамдас бөлігі болып жеңіл сіңісіп кетеді.
Үнді халқының тағы бір орасан-зор ерекшелігі – оның өте бай мифологиясында. Жер-бетіндегі бірде-бір халықтың аңыздарын үнді аңыздарымен салыстыруға болмайды.
Үнді аңыздарында 3 мыңнан артық құдай кейіптері суреттелген! Олар да адамдар сияқты сүйінеді, күйінеді, туады, кәртайады, соғысады, бір-біріне көмектеседі т.с.с.
Үнді мифологиясындағы негізгі ұғымдар:
Карма – адамның тағдырын құрайтын жан-дүние;
Сансара - ғарыштағы қысылған, күйзелген жан-дүние әлемі;
Мокша – бұл дүниедегі азаптан құтылып, дүниежүзілік рухқа қосылуға мүмкіншілік алу;
Үнді мифологиясындағы негізгі кітаптар: Ригведа, Упанишада, Махабхарата, Бхагавадгита т.с.с.
Үнді космогониясына (Дүниенің пайда болуы) келер болсақ, онда ол Пуруша - ғарыш адамымен байланыстырылады. Құдайлар оны құрбандыққа шалып, оның денесінен бүкіл Дүние пайда болады.
“Пуруша неше бөлікке бөлінді? Оның аузы мен бөксесі, қолы мен аяғы, не нәрсеге айналды? Оның аузы – Брахманға, қолы – кшатриге, бөксесі – вайшьиге, аяғы – шудраға айналды. Ай – ойынан, күн – көзінен, кіндігінен – кеңістік, тынысынан – жел, басынан – аспан, аяғынан – жер. Осылай Дүние келді², –дейді Ригведа.
Ал, Упанишадаға келер болсақ, Дүниені жаратқан Брахман дейді. “Брахман ең бірінші Құдай, бәрін жаратқан, бәрін сақтайды. Ол – Дүниенің ең басы, себебі, байланыстырушы². Оны қалай танып-білуге болады?,- деген сұраққа, “нети-нети² (ол емес, ол емес) деген жауап береді. “ол танылмайды, бұзылмайды, байланбайды, ауыспайды ... ²
Үнді мифологиясында адам – табиғаттың өсімдіктер мен жануарлары сияқты ажырамас бөлігі ретінде қаралады. Адам – дене мен жаннан тұрады. Адам Дүниеге келгенде оның бойына жан келіп кіреді және ол сол адамның кармасын анықтайды. Мысалы, егер сәбидің денесіне қылмыскердің жан-дүниесі ұяласа, онда ол өсе келе қылмысқа баруы мүмкін. Бірақ ол өзін дұрыс ұстап, әрқашанда өзінің рухани тазалығын сақтаса,- мокшаға (құтылу) – сансарадан құтылу дәрежесіне көтеріліп, бұрынғы кармасынан айырылып, аспандағы рухқа қосылып, мәңгілікке жетуі мүмкін.
Мифологиядағы моральдық мәселелерге келер болсақ, онда Дүниеге байланбау, кемдерге көмектесу, ешнәрсені зәбірлемеу, өтірік айтпау сияқты талаптарға көп көңіл бөлінген. “Адам байлыққа қуанбауы керек: біз байлыққа ие бола аламыз ба, егер сені көрсек – Яма (Яма - өлім құдайы).
“Менің білетінім – байлықта тұрақтылық жоқ, өйткені мәңгілікке уақытшамен жетуге болмайды², деген дана сөздерді үнді мифологиясында табуға болады.
Үнді мифологиясының негізгі қағидалары соңынан пайда болған философиялық көзқарастарға өзінің зор әсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет