«Тұран» Университі


Буддизм. Үнді елінде пайда болып, Дүниежүзілік үшінші дінге айналған философия ілімі- ол буддизм



бет4/212
Дата15.03.2022
өлшемі2,53 Mb.
#135460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   212
Байланысты:
философия лекция (7)
философия сил 2021 қазақша (1), Әдіс.ұсыным, 6. ОКС комм, 8 сынып бжб
Буддизм.
Үнді елінде пайда болып, Дүниежүзілік үшінші дінге айналған философия ілімі- ол буддизм.
Буддизмнің негізін қалаған үнді елінің шакья тайпасынан шыққан Гаутама Сидхартқа (563-483 б.ғ.д.)
Будда жөніндегі аңыздарға қарағанда, ол үлкен гүлдеген бақтың ішінде туып-өсіп тәрбиеленіпті. Үйленіп, балалы болыпты. Бірақ, күндердің бір күнінде қалаға келіп, халықтың шексіз зардабын көріп, 29 жасында тәтті өмірден бас тартып, ел аралап кетеді. 6 жыл ел кезіп өзінің тәнін қинап, ел кезген брахмандармен сұхбаттасып, Дүниенің терең мәнін іздейді.
Бірақ, одан ешнәрсе шықпағаннан кейін, ол адамның зардап шегуінің себебі неде және одан қалай құтылу керектігі жөнінде ойланады.
Күндердің бір күнінде ол алып ағаштың түбіне келіп отырып ақырында ақиқатқа жетеді – ол Буддаға – яғни ағарған, даналық деңгейге көтерілген әулиеге айналады. Сол күннен бастап ол өзінің ашқан ілімін кеңінен халыққа тарата бастайды.
Будданың ашқан “Төрт ақиқаты²:
Бұл Дүниедегі өмір зардапқа толы. Оның көбін ешбір адам аттап өте алмайды, өйткені, адам бұл дүниеге жылап келеді, жылап кетеді; адам ауырып зардап шегеді; әке-шешесінен, ағайын туғанынан, сүйген жарынан, жолдас-жоралардан айырылып қайғырады. Мұның сыртында өмірден тілегеніне жете алмай қиналады. “Адам болу өте қиын. Өтпелі пәнденің өмірі қиын².
Зардапты жеңу үшін оның шыққан қайнар көзін, себебін білу керек. Оның себептері өмірге деген құштарлық, өмірде болуға деген іңкәрлік, ләззатқа тоймаушылық. “Құмарлықтан күшті от жоқ; жеккөруден артық пәле жоқ; денеден артық бақытсыздық жоқ; тыныш өмірден артық бақыт жоқ². “Ол мені аяғына басты, ол мені ұрды, ол мені жеңді, ол мені жалаңаш қалдырды², - мұндай ойларды ішінде сақтаған адамның жеккөруі тоқталмайды. “Адамдар дамыл таппай, қорқып қашқан қояндай, жағалай жүгіріп жүр².
Зардаптың себебі анықталғаннан кейін оны тоқтатуға болады, “өйткені, ешқашанда бұл дүниеде жеккөру жеккөрумен тоқтатылмайды, тек қана жеккөруді жоқ қылу арқылы оны тоқтатуға болады. Міне бұл мәңгілік шындық. Егер адам құмартудан құтылса, надандық пен жеккөруден арылса, ешнәрсеге байланбаса ғана әулиелік жолға түседі! ²
Зардапты тоқтатын жол бар – ол сегіз қырлы. Олар:
Дұрыс көзқараста
Дұрыс сөйлеуде
Дұрыс бағытта ойлауда
Дұрыс өмір салтында
Дұрыс жүріс-тұрыста
Дұрыс бетбұрыста
Дұрыс күш салуда
Дұрыс зейін қоюда
Міне осы сегіздік жолына түскен адам толығынан зардаптан айырылып нирванаға жетеді.
Сонымен, ләззат пен құмарту жолына түскен адамдар тұрпайы, пайдасыз, дөрекі, ал денесімен күресіп, оны қинаған адамдар зардаптан шыға алмайды. Тек ортаңғы жол, дүниені көрсетіп, білім әкеліп, екі жолдың ортасымен өтіп адамды тынышталуға, құдіретті білімге, даналыққа, нирванаға әкеледі.
Буддизмнің айтуына қарағанда, бұл Дүниедегі заттар мен құбылыстардың бәрі де бір-бірімен байланысып, бір-бірінен туып, бір-бірін алмастырып жатыр. Дүниеде өзімен-өзі өмір сүріп жатқан ешнәрсеге тәуелсіз екі-ақ нәрсе бар – ол кеңістік пен нирвана.
“Нирвананы ешкім тудырған жоқ, нирвана жөнінде ештеңе айта алмаймыз – ол пайда болды ма, әлде пайда болмады ма, пайда болуы керек пе, әлде керек емес пе, ол - өткенде ме, әлде болашықта ма, оны көзбен көруге, құлақпен естуге, иісін сезінуге, дәмін алуға, ұстап қарауға бола ма, әлде болмай ма². Онда нирвана болмағаны ғой.
“Нирвана бар, оған зердемен жетуге болады. Ақиқат жолымен өмір сүріп жатқан оқушы, егер ол сезімдік құмартудан айырылса, нирванаға жетеді. Дүниеде жел бар ма? - Бар. Онда маған желдің түсін, бітімін, көлемін, - үлкен бе, әлде кіші ме, ұзын ба әлде қысқа ма, - көрсетші²,- дейді Будда. Шәкірті оған былай дейді: “Ол мүмкін емес, мен оны көрсете алмаймын, желді қолмен ұстауға, құшақтап қамтуға болмайды, бірақ ол бар².
Будда оған жауап ретінде: “Сол сияқты, нирвана бар болғанымен, мен оны саған көрсете алмаймын²,- деп қорытады.
Қорыта келе, буддизм ілімі зардапты тоқтату үшін адамды бұл Дүниедегі қызыққа байланбауға шақырады, өйткені, ол адамды өзінің шексіз бір-бірімен байланысты ағымына салып, Дүниеге тәуелді келу заңының шеңберінен шығармайды, олай болса, бітпейтін зардап шектіреді, өйткені, бұл Дүние “Мая² - ұлы сағым, елес, алдамыш.
Сондықтан, құмартуды суытып, Дүниеге қызығудан бас тартып, бірте-бірте сөну, өшуді буддизм нирвана дейді. Яғни нирвана дегеніміз - өмірден бас тарту, бейболмысқа өту. Сонымен, Қытай философиясы сияқты, буддизмде де біз бейболмыс ұғымының іргетастылығын байқаймыз.
Буддизм философиясы Дүние жүзінде бірінші болып адам рухын ашып, оның құдіретті күшін көрсеткен философия. Касталарға бөлінген, адамды аяққа басып хайуаннан төмен көрген қоғамда, “мен табиғаттың, қоғамның соқыр заңдылықтарынан, тәуелді Дүниеге келу заңынан жоғарымын, мен – адаммын², - деген философияны буддизм дүниеге әкелді.
Адам сыртқы табиғатқа қарап, оған “Мен сенен жоғарымын, өйткені мен сені өз ішімде болса да құрта аламын, мен өз еркіммен сенімен байлайтын құмартуды тоқтата аламын², - дейді.
Адамзат тарихында мұндай батыл өмірден бас тартушылық ешқашан ешжерде болған жоқ.
Сонымен қатар, буддизмнің гүманистік–адамгершілік жақтары – ой тазалығы, іс-әрекет тазалығы, тіршілікті зәбірлемеу, зұлымдыққа зорлықпен қарсы шықпау, дүние қумау, кем-тар адамға қол ұшын беру, т.с.с. – адамзат рухының әрі-қарай шыңдалуына зор әсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет