Үнді философиясындағы материалистік көзқарастар. Әрине, үнді философиясында идеалистік ағымдар басым болғанымен, сонымен қатар онда материалистік көзқарастар да пайда болды.
Үнді философиясындағы натурфилософиялық көзқарастарға келетін болсақ, олар дүниені 5 тұрақтыдан тұрады деп есептеген. Олар – жер, су, от, ауа, кеңістік. “Осы дүниеде бес тұрақты қосылған, оған джива неге керек (джива – жан-дүние). “Егер 5 тұрақтының бірі болмаса, онда ол қосынды да жоқ. Ет, қан, май, сүйек, және оларды біріктіретін тарамыстан дене тұрады. Бірақ дживаны ешкім көрген жоқ. Жұрт джива естиді деп айтады. Бірақ құлақпен біз естиміз бе , -деген материалистік көзқарастарды біз кездестіреміз. Джива (жан) дегеніміздің өзі дене. Ал дененің бәрі кәртәйады, өзгереді, құриды. Ең алдымен ескіріп, тесіліп содан кейін құлайтын үй сияқты, сезім, манас (ақыл), жел де, ет пен қан да, сүйек те шіріп әрбіреуі өзін тудырған заттарға айналады,- деген сөздерді оқуға болады.
Екінші материалистер мәселені тереңірек қарап, Дүние алғашқы материядан – пракритиден жаратылған деген пікір айтады. Пракритидің 3 гуны (гун - қасиет) бар. Олар – саттва, раджас және тамас.
Саттва – ашық, оған ешқандай таңба түспеген, бізге біліммен бақыт әкеледі.