«Тұран» Университі


Онтологиялық мәселелер. Құдай-субстанция-табиғат



бет87/212
Дата15.03.2022
өлшемі2,53 Mb.
#135460
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   212
Байланысты:
философия лекция (7)

Онтологиялық мәселелер. Құдай-субстанция-табиғат.
Спиноза болмыстың ең соңғы себебi Құдайда деп есептейдi. “Құдай... барлық заттардың бiрiншi себебi және өз-өзiнiң себебi, өз-өзi арқылы танылады². Ол Құдайдың болмысын дәлелдеу үшiн онтологиялық дәлелдемелер келтiредi. Бiрақ, ол Құдайға пантеистiк мағна бередi, яғни оны бiздi қоршаған табиғатқа теңейдi. Олай болса, Құдай табиғаттан тыс мәңгiлiк өмiр сүрiп жатқан рухани тұлға емес, оны тек қана зерде (intelligere) арқылы ғана түсiнуге болады.
Мұндай көзқарас сол кездегi Құдай жөнiндегi деистiк пiкiрлерге қарсы болды. Егер деистер Құдай дүниенiң әң алшақтағы соңғы себебi деп есептесе, Б.Спиноза ол дүниенiң ең тiкелей жақын себебi деген тұжырымға келедi.
Табиғатпен теңелген Құдай сонымен қатар субстанция ретiнде қаралады. Егер Р.Декарт Дүниенiң негiзiнде екi бiр-бiрiне тәуелсiз субстанция жатыр, ал олардың үстiндегi Құдай екеуiн бiр-бiрiмен үйлестiредi деген болса, Б.Спиноза Құдай мен субстанцияны бiр-бiрiмен қосып, оларды табиғатпен теңейдi. Сондықтан, оның метафизикалық-онтологиялық негiзгi формуласы - ол Құдай, иә Субстанция, я Табиғат, өйткенi оның бәрi - бiрегей. Табиғаттың өзi Құдаймен тең болғаннан кейiн, онда “Жаратушы² және “Жаратылған²деген дiннiң негiзгi ұғымдары керек болмай қалады. Субстанция, я Табиғат, Б.Спинозаның ойынша,-“озiне-өзi себептi² (causa sui,- латын сөзi,- себеп өзiнде). Онымен бiрегей Құдай ешқандай жаратушылық қасиеттерiмен танылмайды. Осыған орай, Б.Спиноза деизмнiң де негiзгi қағидаларын терiске шығарады, өйткенi ол, аз да болса, Құдайдың алғашқы сатыдағы Дүниенi жаратқан қызметiн мойындайды.
Табиғаттан жоғары Дүниенi жаратқан Құдай болмағаннан кейiн, Құдайдың өзi Табиғатпен тең болған соң, ол екi ұғымды пайдаланады. Ол “тудыратын табиғат² (natura naturans) және “тудырылған табиғат² (natura naturata). Бiрiншi ұғым - ол интуитивтiк ой елегi арқылы түсiнiлетiн табиғат. Екiншi ұғым - ол сезiмдiк бiлiм тудыратын бiздi жағалай қоршаған жеке заттар мен құбылыстар.
Б.Спиноза өзiнiң болмыс iлiмiнде Дүниенiң бiрлiгiне аса көп көңiл бөледi. Оның негiзiнде бөлiнбейтiн субстанция жатыр. Ол шынайы - шексiз, абсолюттi ұзақтық. Болмыстың екiншi жағы бiр-бiрiнен бөлiнген, сезiм арқылы бiзге берiлген шектелген жеке заттар мен құбылыстар. Жоғарыда көрсеткендей, бiрiншi екiншiнi тудырады. Егер субстанция мәңгiлiк болса, жеке заттар уақыт шеңберiнен шыға алмайды, сол шеңберде өзгередi, туады, құриды.
Б.Спиноза нақтылы заттарды субстанцияның тудырған “модустары² ретiнде қарайды. Заттар-модустар арқылы субстанция өз-өзiн шектейдi. Ал шектеу дегеннiң өзi - ол терiстеу (determinatio est negatio). Нақтылы заттың шектелгенi оны басқа заттардан бөледi, өзiне ғана тән айырмашылығын тудырады. Сондықтан, әр зат болмыста өзiнiң орнын алады, өйткенi, ол - сол зат, басқа оған толығынан ұқсас еш зат жоқ. Сонымен қатар, ол бейболмыста, өйткенi, басқа жағынан алғанда анықталмайды.
Субстанцияның модустарынан басқа бiрнеше атрибуттары (қасиеттерi) бар. Олар - созылу (extensio) және ойлау (cogitatio). Адам дүниенi танығанда оның осы қасиеттерi арқылы нақтылыққа жете алады. Сонымен, Р.Декарттың екi субстанциясы Б.Спинозаның бiр субстанциясының екi негiзгi қасиеттерiне айналады.
Ендi субстанцияның осы екi негiзгi қасиеттерiне сипаттама берелiк. Сонымен, Б.Спиноза заттықтың негiзгi қасиетiн созылудан, яғни, кеңiстiктен көрдi. Онда мынандай сұрақ ойымызға келедi: осы айтылған кеңiстiкте саны шексiз болғанымен неше-түрлi шектелген заттар қалай пайда болады? Оның негiзгi себебiн ойшыл қозғалыс пен тұрақтылықтан көредi, өйткенi, олардың бiр-бiрiне деген қатынасы мен көлемi нақтылы шектелген заттарды құрайды. Расында да, әрбiр заттың көлемi бар, ол бiр жағынан тұрақты, екiншi жағынан үнемi қозғалыста. Яғни, қозғалыс пен тұрақтылық субстанцияның созылу қасиетi мен нақтылы шынайы өмiрдегi заттардың арасындағы дәнекер ретiнде қаралады.
Субстанцияның келесi атрибуты - оның “шексiз ойлау қабiлетiне² келер болсақ, ол бүкiл табиғатқа тән нәрсе. Олай болса, Б.Спиноза бүкiл дүниенi тiрi деп есептейдi. Мұндай көзқарасты гилозоизм (hileo- грек сөзi,-зат, zoo - тiрi) дейдi. Тек адам ғана емес, сонымен қатар, барлық табиғаттың заттары мен құбылыстары әр-түрлi деңгейдегi тiршiлiкте,- дейдi ұлы ойшыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет