«Тұран» Университі



бет176/212
Дата15.03.2022
өлшемі2,53 Mb.
#135460
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   212
Байланысты:
философия лекция (7)

Құбылыс және мән
Дүниедегі сан-алуан өмір сүріп жатқан ерекше, дербес заттар біздің көз алдымызға өзінің сыртқы жақтарымен көрінеді, әр-түрлі қырларымен құбылады. Оны біз құбылыс дейміз. Сонымен қатар, қайсыбір зат, я болмаса үрдістің ішкі тұрақты, соның арқасында оның өмір сүруін қамтамасыз ететін жақтары да болады – ол заттың мәнін құрайды.
Заттың көзге көрінетін “құбылатын” жақтарының астарында оның келесі көзге көрінбейтін қабатының бар екенін адамдар өзінің өмірдегі тәжірибесі мен іс-әрекетінің арқасында өте ерте байқаған. Бірақ, оны жете түсіне алмай заттың денелік-материалдық жақтарынан бөлек алып қараған. Мысалы, Платон заттың “эйдосы”, яғни мәні, ұғымы – материалдық емес, ол мәңгі, идеалды,- деп есептесе, Аристотель заттың мәні ретінде оның ішкі энтелехиясын айтады. Өмір сүруге мүмкіндігі бар енжар материяны шындыққа айналдыратын оның формасы мен ішкі энтелехиясы (алдын-ала берілген мақсатқа лайықты заттың дамуы).
Орта ғасырлық философияда зат мәнінің қайнар көзін ойшылдар Құдайдың құдіретті күшінен іздейді.
Жаңа дәуірде бұл категорияларға аса көп назар аударған И.Кант болды. Оның ойынша, заттың бізге әсер ететін (“заттың біздігі”) жақтарымен (феномен) қатар, оның ішкі “өзіндік” жақтары (ноумен) бар. Заттың құбылысы – феномен, заттың мәні – танылмайтын ноумен. Адамның бар мүмкіндігі – сезім мен ақыл-ойға априорлық (тәжірибеге дейін) түрде берілген категориялар арқылы бізге өз әсерін тигізетін құбылыстарды ретке келтіру ғана. Ал оның әр жағындағы жатқан мәнді, “заттың өзіндік” сырын ашу мүмкін емес.
Мұндай құбылыс пен мәнді бір-біріне қарсы қоюды Гегель қателік деп санап, қайсыбір құбылыс мәнді, ал мәннің өзі ертелі-кеш құбылыстар арқылы өзін көрсетеді,- деген пікірге келеді.
Бүгінгі таңдағы философияда да осы категориялар жөнінде әр-түрлі түсініктер бар. Неопозитивизм шынайы өмір сүретін сезімдік деректерді ғана (құбылыстарды) мойындайды. Ал экзистенциализмге келер болсақ, ол адам өмірінің мәні тек “шекаралық ақуалда” - өлім мен өмірдің екі ортасында ғана ашылуы мүмкін,-деген пікірге келеді.
Әрине, құбылыс пен мән – болмыстың өзіне тән, оған терең тамырланған, олардың қайнар көзі - Дүниенің өзінде. Қайсыбір зат өзінің қайталанбас жағымен көрінуге “тырысқанмен” сонымен бірге оны басқа заттармен біріктіретін жалпы қасиеттерін де көрсетпей қоймайды. Сондықтан құбылыстарды зерттеп, салыстырып, ой елегінде олардың жалпы ұқсас жақтарын ғана қалтырып, қайталанбайтын ерекше жақтарынан бас тартудың арқасында жеке әр-түрлі заттардың ұқсастығын анықтауға болады. Алайда, мұндай жағдайда заттардың тек ұқсас жақтарын анықтап, сонымен қатар, оның тек өзіне тән ұқсамайтын көрінісін көрсете алмас едік. Олай болса, мәнге тек заттарды біріктіретін ұқсас жақтарымен қатар онымен бірге құйыла біткен оның ерекше мазмұны да кіреді, әр зат арқылы белгілі мән өзін байытады, болмыстағы жаңа көріністерін табады. Өйткені, құбылыс тек қана мәннің ерекше көрінісі ғана емес, сонымен бірге, басқа заттармен байланысқа түсіп, оны өз бойына сіңіреді. Ал қайсыбір құбылыс мәнді болғандықтан, ол сол жаңа байланыстар арқылы мәннің өзін өзгертіп, әрі қарай дамытады.
Сарапталған категориялардың танымдағы рөлі өте зор. Адам тікелей зерттеліп жатқан заттың мәнін аша алмайды. Зерттеу сатысы құбылыстарды талдап, олардың ортақ жақтарын анықтаудан басталады. Осы жолда ғылымда сезімдік нақтылықтан абстрактылық ұғымдарға өрлеуді байқауға болады. Алайда, бұл абстрактылық мән ғана. Одан әрі қарай өрлеу қажет, яғни, қайтадан ой-елегі арқылы ашылған мәнге құбылыстың ерекше байлығын қосып заттың ойлық-нақтылы көрінісін жасау қажет. Сонда ғана біз заттың ішкі сырымен қатар оның құбылыстарының байлығын бірегей қарауға мүмкіндік аламыз.
Аталған категорияларды пайдалана отырып, бүгінгі таңдағы кейбір құбылыстарды талдап көрейік. Қоғам өміріндегі кең етек алған ішімдік, нашақорлық, қылмыстық тағы да басқа әлеуметтік аномияларды (ауытқу) алсақ, кейбір саясаткерлер оның себептерін сыртқы факторлардан іздеп, оны азайту үшін “наркотрафиктерді” (тасымал жол) үзу керек деген ой тастайды. Ал шындығында оның терең себептері жұмыссыздық, кедейлік, әділетсіздік т.с.с. әлеуметтік факторларда жатыр. Ол факторларды жоймай, бұл әлеуметтік аномиялармен күресу оң нәтижеге әкелмейтіні айдай анық. Наркотрафиктерді жойғанмен, сұраныс болғаннан кейін, оның басқа жасанды химиялық түрлері астыртын нарықта дүниеге келуі ғажап емес…
Онда келесі сұрақ пайда болуы мүмкін: Дамыған, әлеуметтік мәселелері шешілген елдерде неге осындай әлеуметтік аномиялар кең етек алған? Ал оның терең себебі - адамның өз болмысына қанағаттанбауы, шығармашылық қабілетін сыртқа шығарып гүлдете алмауы, материалдық байлыққа бағытталған қоғамның рухани азғындауы, соның нәтижесінде жалғыздық, жаттану сияқты құбылыстардың кең етек алуы т.с.с. Сонымен, қарап отырсақ, мәселе адам болмысы, оның терең мән-мағнасына келіп тіреледі.
“Адамды оның киіміне қарап қарсы алады да, ақылына қарап шығарып салады”, “адамның терең сырын ашу үшін онымен бірге бір пұт тұз ішу керек”,- деген т.с.с. тәжірибеден шыққан нақыл сөздер де құбылыс пен мәннің өзара байланысын көрсетпей ме?! Расында да, бір адам екіншімен танысқанда, ең алдымен оның сыртқы құбылысына (киімі, бет-әлпеті, сөйлеген сөзі т.с.с.) назарын аударады. Тек жүре келе, онымен терең қарым-қатынасқа түсе, бірге өмір қиындықтарын бастан өткізе келе ғана адамның терең мән-мағнасын ашуға болады.
“Бір көргенде ғашық” болып, бір жетіден кейін үйленіп құрған жанұялардың көбінесе аянышты аяқталуы – бір-бірін жете білмегеннен, өмірді үстірт қарағаннан, құбылысты мәнге теңеуден шығама деген ойдамыз.
Бүгінгі реформалар барысында қоғам үлкен өзгерістерге түсіп, мыңдаған жаңа құбылыстар дүниеге келді. Бұрынғы қоғамнан қалған өмір құндылықтары басқаларға ауысып жатқан кезде біршама тартымды құбылыстармен қатар терісағарлар да баршылық. Осындай ақуалда өз терең болмысыңды сақтап қалу, өмірге керек құндылықтарды игеру, сонымен қатар, көп келеңсіз жәйттермен күресу - әрбір саналы азаматтың міндеті болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет