Тұрақты электр тогы Электр зарядтарының кез келген реттелген (бағытталған) қозғалысын электр тогы деп атайды. Электр тогы болу үшін келесі екі шарт орындалуы қажет:
а) еркін ток тасымалдаушылардың (зарядтардың) болу керек;
б) энергиясы қандай да бір жолмен толықтырыла отырып, зарядтардың реттелген қозғалысына жұмсалатын электр өрісі (потенциалдар айырымы) болуы керек.
Ток көзінде электр зарядтарына әсер етуші табиғаты электрлік емес күштерді бөгде күштер деп атайды.
Бөгде күштердің бірлік оң зарядты тасымалдау үшін жасайтын жұмысымен анықталатын физикалық шаманы электр қозғаушы күш (э.қ.к.) деп атайды.
Ом заңы: бір текті өткізгіш арқылы өтетін ток күші өткігіш ұштарындағы кернеуге тура пропорционал